Н. В. Ниретина қаныш сәтпаев – атақты ғалым, мемлекет және қОҒам қайраткері, Өз елінің патриоты



бет2/8
Дата30.04.2023
өлшемі120,76 Kb.
#88584
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
broshyura Satpaeva-kaz

Қ.И. Сәтбаев ғылым қызығушылықтары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет дамуы қызғушылықтарымен тығыз байланыстырылған, жаңа типтегі кеңестік ғалым болды. Әсіресе ол өмірінің ұзақ жылдары мен ерекше назарын гологиялық оқулар дамуына және елдегі кендерді ашуға арнады. Осы үшін ол 1963 жылы Ленин орденімен марапатталды. Бұл оның соңғы, төртінші Ленин ордені еді.
Қазақ халқының біртуар ұлы ретінде Қаныш Имантайұлына біздің республикамыздың атынан жалпы одақтық мәжілістерге қатысу, Партия мен Үкімет басшыларымен кездесу және шетелде парламенттік делегация қатарында бару құқығы берілді. Қаныш Имантайұлы мұндай тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, өзіне білдірілген сенімді мінсіз атқарып, өз халқын, өз елін абыроймен таныстыратын.
Өмірінің барлық кезеңінде Қ.И. Сәтбаев Ресей патшалығының артта қалған бір қиыры ретіндегі Қазақстанды Кеңес Одағының алдыңғы қатарлы аграрлы-индустриалды республикаға айналдырған тарихи оқиғалардың белсенді қатысушысы болды. Ел өмірімен тығыз байланыста бола отырып, ол маңызды оқиғаларға белсене ат салысты. Өз мақалаларын Қазақстанның көпшілік тұрғындарына жеткізу мақсатында ол өзінің көптеген мақалаларын қазақ тілінде жариялады. Ол радио және теледидар арқылы үнемі ел және Қазақстанның съезд, пленум, көптеген мәжілістерінде мазмұны өте мағыналы, керемет сөздер сөйлеген. Мықты лектор және насихатшы болды, болып жатқан оқиғалардағы негізгіні бөліп көрсететін.
Осылайша ел мен халыққа маңызды жаңа міндеттер шешудегі талмас еңбек етіп жүріп тамаша адам, талантты геолог, ғалым, ұйымдастырушы және мемлекеттік қайраткер – тек қана өзінің туған республикасы емес, сондай-ақ үлкен КСРО елінің мәдениет пен халық шаруашылығын көтеру үшін зор қызмет атқарған, қазақ халқының дарынды ұлы өмірден өтті.
Адам және басшы ретінде Қаныш Имантайұлы ерекше қасиеттерге ие болды. Адамдармен қарым-қатынасында оны қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, жүректілік пен өзгермес ақкөңілділігі ерекшелеп тұратын. Оған өзінің жеке бас мәселесімен өтініш айта келген адамдар үнемі жылы қабақ танытушылық пен көмектесуге деген қамқорлықты көретін. Еңбек адамы, мемлекеттік қайраткер ғылым мен тәжірибедегі еңбек етушілерді жақсы көріп құрметтеді, кез-келген еңбекке – шахтер мен металлургтың еңбегіне, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы еңбегіне, геолог пен физиктің еңбегіне түсіністікпен қарап, бағалаған; - қарапайым шопаннан ірі зерттеушіге дейінгі адамның бәрін, халық игілігі үшін қайда болса да еңбек еткеніне қарамастан адамдардың бәрін бірдей сыйлады. Оны танығанның бәрі бұл қасиетін біліп, оған үлкен сыйластықпен, құрметпен қарап, ортақ іс үшін қызметтесуге дайын болатын. Бұған дәлел – мыңдаған мақала, ол туралы 50 кітап, республиканың өндірістік Алматы, Жезқазған, Екібастұз, Көкшетау, Қарағанды, Сәтбаев қалаларындағыт 7 ескерткіш; қала, село, мекемелердегі ондаған бюст, 5 мұражай, ондаған мектеп, оның атындағы көшелер. Өзінің институты, Жезқазған комбинаты, ҚазҒТУ, Ертіс-Қарағанды каналы, кіші планета және көптегендері оның Ұлы есімімен аталған.
Сонымен қатар ол өте талапшыл еді, біреуге қойылған міндетке үстірт қарау мен жауапсыз карым-қатынасты, еңбек тәртібін бұзушылыққа, менменсу мен шалағайлықты ұнатпады. Нағыз ғалым ретінде ол өзінің ғылыми идеяларын құлшыныс пен сенімділікпен қорғап, үлкен объективтілікке жетті. «Факт және тек қана факт, - біздің идеяларымыз бен гипотезамыздың негізі болып табылатын осылар, ал тәжірибемен нақтыланбаған теория - өлі», сөзін жас ғалымдармен әңгімелескенде, жиын өткізгенде немесе дискуссияға түскенде қайталаудан жалықпайтын. Егерде алдыңғы ұстанымдарды нақтыламайтын, жаңа жол іздеуді қажет ететін жаңа мәліметтер туып жатса, ол алдыңғы идеясынан бас тарта алатын, әлде ғылым дамуы заңы осындай ма.
Ол ғылым мен өнеркәсіп дамуына қатысты мәселенің барлығын шешуде сенімге ие болып, оң нәтижеге қол жеткізе білді. Осы жолда ол өзін де өзгені де аямады. Кез-келген ұсақ ғылыми мекеме мен Академияны тұтастай алғандағы мәселелерді шешу жетістігінен ол үлкен рухани ләззат алатын. Ол республикадағы шаруашылық және мәдени құрылыстағы маңызды мәселелерді шешуге белсене қатысу міндетім деп білген. Ел игілігі үшін қызмет пен ғылымнан ол өз өмірінің мәнін тапты және еңбек оның өмірдегі ең бірінші қажеттілігі еді. Осы қасиетті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жастардың бойына сіңіруге тырысты.
Оңтайлы шешімі ғылым мен халық шаруашылығы дамуы үшін үлкен пайда әкеліп, перспективалы болып табылатын мәселелерді шешуде ол қажымас қайрат пен үлкен табандылық көрсетті. Ол «ең дұрыс саясат болып табанды саясат» деп айтқанды жақсы көретін. Ол партияның күшіне ерекше сенім білдіріп, сара жолын қолдады. Партияның шешімі мен партиялық ұйымның біріншісінен соңғысына дейінгі іс шарасын қолдады. Әрқашан, кез-келген жағдайда ол біздің Коммунистік партияның ұстанымын насихаттады және өзінің партиялық міндетінде оның түсіндірілуі мен орындалуында еш ауытқудың болуына, тіпті, ойдан шығарылған дерек бойынша ол президенттік орнынан босатылып, КОКП мүшелерінің тіркеу карточкасына енгізіліп, қатаң сөгіс жарияланғаннан кейін де жол бермеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет