Н. В. Ниретина қаныш сәтпаев – атақты ғалым, мемлекет және қОҒам қайраткері, Өз елінің патриоты



бет7/8
Дата30.04.2023
өлшемі120,76 Kb.
#88584
1   2   3   4   5   6   7   8
Қаныш Имантайұлы менмендіктің бітіспес дұшпаны болды. Ол жастарды тәрбиелеу барысында еркеліктің болмауын талап етті, ол қиындықтарды, кедергілерді жеңе білу керек деп айтатын.
Қаныш Имантайұлымен әңгімелесе отырып, әрбір адам өзін оңай және сергек сезінетін. Онымен кездескеннен кейін ерекше күш-қуат, өмір сүруге және жұмыс жасауға деген құлшыныс пайда болатын. Біз онымен әңгімелесе отырып, өзімізді туған әкемізбен сөйлесіп отырғандай еркін сезінетінбіз. Ол жастардың үлкен досы болды, өте ықыласты, мейірімді және сонымен қатар қатал және талапшыла болатын. Ол жастарды жақсы істерге бағыттайтын, оларға еңбектің ұлылығын түсіндіретін, еңбекті құрметтеуге, адал еңбекшілерге құрмет көрсетуге және жалқауларды жек көруге мәжбүрлейтін.
Ол көп нәрсеге үйретті. Жұмыс жасай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, адамдарда тек жақсы қасиеттерді көруге; ол адамдарға ілтипат көрсетуге, адамдардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіруге үйретті. Ол адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, адамдардың еңбекке қатысты төзімділігіне үйретті. Қ.И.Сәтпаев біздің жақмы, нағыз, шынайы досымыз болды. Ол біз жұмыс істейтін зертханаларға келетін, әрбір қызметкердің жанына үңілетін, барлығының жұмысына, өміріне көңіл қоятын, жанұя амандығын біліп отыратын. Біз оны оқытушы және тәлімгер деп қана білмейміз, сондай-ақ оны өзімізден үлкен досымыз, жақын адамымыз ретінде көретінбіз.
«Өзінің күш-жігерімен, қайтпас қайсарлығымен және жылы күлкісімен әрқашан өмірдің және оған деген махабаттың бейнесіне айналды. Қаныш Имантайұлы өзін білгендер үшін осы бейнесінде есте қалды». Ол өзінен кейін үш үлкен іс қалдарды: бірінші – Жезқазған, екінші – Қазақстан Ғылым академиясы, үшінші – Геологиялық ғылымдар институты. Олардың барлығында бірнеше жүздеген адамдар өмір сүреді және жұмыс істейді, олар қазақтың қадірлі ұлы, ғалым, коммунист, геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың ісін жалғастыруда».
Профессор Коптев-Дворников
Мерейтой иесінің өмірін және қызметін жан-жақты насихаттау қажеттілігін еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылдың желтоқсанында Павлодарда мерейтой комиссия мәжілісінде, былай деді: Қ.И.Сәтпаев арқылы, ЮНЕСКО арқылы біз барлық әлемге біздің халқымыздың Данышпан ұлын, оның биографиясы, оның еңбектері арқылы тағы бір насихаттаймыз, оның данышпандылығымен біз қазақ халқын, біздің республиканы және қазқ жері қандай ұлдарды сыйлағанын насихаттаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл сөздері бүгінгі таңда Қ.И.Сәтпаевтың тұлғасына берген терең және ауқымды бағасы болып табылады. Бұл бізді ол туралы кез-келген жарияланымдарға жоғары дәрежедегі жауапкершілікпен қарауды міндеттейді. «Қ.И.Сәтпаев – әлемдік масштабтағы тұлға, бір ғана респбулкаға немесе ауданға емес, ол әлемдік өркениетке жатады, және жергілікті патриотизм қарқынында бұл туралы ұмытпау керек»
Сөйтіп оның естелігіне деген шексіз құрмет сезімімен соңғы сәтпаевтық, геология және геологиялық ғылымдарының туындауының барлық оқиғасын, оның естелігін мәңгі есте сақтау үшін ҚР минералды ресурстары Академиясының президенті Г.Р.Бекжанов жазды. Өзінің бастамасымен Қаныш Имантайұлының 100-жылдық Мерейтойын ұйымдастырып, одан кейін 115-жылдығын атап өтті, ол орта буындағы адамзатқа Сәтпаев еңбектерін оқуды өтінді, одан үлгі алуға және өз халқын, өз елін ол сияқты сүюге үндеді.
«Уақыт оның жарқын бейнесін, оның ұрпаққа қалдырған орасан зор шығармашылық және рухани мұрасын айқындайды. Біз өзімізідң жұмысымызды және іс-әркетімізді Қ.И.Сәтпаев бойынша салыстырамыз, қиын және қуанышты сәттерде оның жарқы бейнесіне жүгінеміз». Эстафетаны орта және жас буындарға бере отырып, Қ.И.Сәтпаевтың мұрасын ұқыпты және лайықты ұстайды деген үмітімізді білдіреміз. Жүк салмақты және күрделі болады». Өмірден ерте озған, өзінің еңбексүйгіштігімен, адамға деген интеллект кеңдігімен ұқсас, ол оған ондаған жылдар бойы сыйынған, қажымас Гинаят Рахматуллич Бекжановтың өсиеті осындай.
Барлық жерге, өзінің халқына деген махаббат, ол оны әрқашан білімді, бай, индустриялы дамыған елде баққытты өмір сүруді қалады, бұл оның мінезінің негізгі ерекшелігі.
1927 жылдағы Таисия Алексеевнаға жазған көптеген хаттарының бірінде, Қаныш Имантайұлы былай деп жазды: «Мен, табиғатында қазақпын, сенім бойынша қазақ (90%), әріқарайғы өмірім тек Қазақстанда; қиялға берілмеймін, сондай-ақ қиындықтарға мойымаймын; ауқаттылығымды материалдық тұрғыда көрмеймін, мұқьтаждық туындаса өмірлік «жайлылықтан» бас тартып Қазақстан бойынша «қаңғыруға» дайынмын».
Өмір бойғы ауруымен күрес, өзінің істерін жүзеге асыруда, «ұлтшыл» деген ойдан шығарылған айыптаулар, қызметтен босатылуы кезінде де, партия тарапы бойынша қатаң сөгіс жариялағанда да, ол өзінің пайымдауларына, өзінің халқына, Қазақстанына деген адалдығын дәлелдеді.
Әрбір ғалымның өзінің тағдыры және өзінің атағы бар. Бекерге айтпаған болар, жарық дүниеде екі тұқым ,екі адамзаттық әртүрлілік болады: жаман және жақсы адамдар. Сәтпаевта өзінің ерекше параметрлерімен жақсы адамдар тұқымына жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет