Сабақ Тарау немесе бөлім атауы: 1А Қатынастар және пропорция



Дата06.01.2022
өлшемі71,32 Kb.
#14593
түріСабақ
Байланысты:
18-сабақ. Масштаб


Пән/Сынып:

Математика 6 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4 АПТА 3 САБАҚ

Тарау немесе бөлім атауы:

6.1А Қатынастар және пропорция

Сабақтың тақырыбы:

Масштаб

Оқу мақсаты:

6.1.1.5

масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3

картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;



Бағалау критерийі:

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жаза алады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.


Ұжымдық жұмыс

Ой-түрткі:

С-1:Масштаб дегеніміз не?

С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?

С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?

Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.

Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.

Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ;

үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады.

Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады.

Мысалы: 5:1; 10 :1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары.

Бірлескен жұмыс

№1. Масштабы 1:10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы-Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50%-ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз.

Шешуі:

3 дм = 30 см

30:х=1:10 000 000

х=300 000 000 см = 300 000 м = 3000 км

3000 + 1500 = 4500

Жауабы: 4500 км.

 №2. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз.

Шешуі:

16:х=1:500

x=8 000

8 000 cм = 80 м

S=80*80=6400

Жауабы: 6400 м2

Жеке жұмыс

№1. Астана мен Атырау қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы 1500 км болса, ал картадағы 7,5 см болса, онда карта масштабын табыңдар.

 

№2. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500м2. Масштабы 1:7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның енін табыңыз.

 

№3. Астана мен Жезқазған қаларының арақашықты,ы 496 км. 1:8000000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы неше сантиметр.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет