4. Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
38.
Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан,
барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
39.
Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
40.
Əлеуметтік- тұрмыстық ая – 40 /28 сағат. «Біз, бəріміз, мемлекеттік
тілде сөйлейміз» – 10/8 сағат:
1)
тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика:
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне жəне олардың тілдеріне қатысты айтылған
ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына
жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің
тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтін
бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері жəне
олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;
жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен
тұратын мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау
мəтіндерін құрап жазу;
тілдесім: диалог-əңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып
бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы
сөйлеу тілі туралы мəтіндер.
41.
«Кітап – бағалы сыйлық» – 8/6 сағат:
1)
тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем.
Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
85
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну.
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне
қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтіні бойынша сұрақ
қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз
орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;
жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мəтін жазу.
Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап
қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау.
Полилог-ойталқы;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының
сыйлық беру дəстүрі туралы сұхбаттасу.
42.
«Жазғы демалыста не істейсің?» – 8 /5 сағат:
1)
тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тəуелдік жалғау.
Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап
түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы
демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс
əсерлері туралы ой бөлісу;
жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай жəне қайда өткізгені туралы
баяндамалық сипаттағы мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап
жазу;
тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша
сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының
жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.
43.
«Ас – адамның арқауы» – 8/5 сағат:
1)
тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика-
лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған
ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына
жауап беру;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану
əдебіне қатысты оқыған мəтіндерінің мазмұнын айту;
86
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану əдебі
туралы ой бөлісу;
жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап
жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас.
Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы
туралы достарымен пікір алмасу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық
тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.
44.
«Маған спорт киімі керек» – 6 /4 сағат:
1)
тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы.
Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну.
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне
қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ
қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну
əдебі туралы өз ойын айту;
жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу
мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-
пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық
киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.
45.
Əлеуметтік-мəдени ая – 38/26 сағат. «Мен əуен тыңдаймын» – 10 /8
сағат:
1)
тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын
қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну.
Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты
оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен
сүйікті сазгерлері туралы айту;
жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы
сипаттау, суреттеу мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап
жазу. Сұрақтарға жауап жазу;
87
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты
пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен,
мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы
пікірлесу.
46.
«Менің əуес ісім» – 8 /6 сағат:
1)
тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың
орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы əуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;
оқылым: адамдардың əуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап
айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің əуес,
сүйікті істері туралы сөйлесу;
жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу
мəтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мəтін құрап
жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің əуес ісіне
қатысты полилог-ойталқы;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен,
мұғаліммен өзінің, достарының əуес істері туралы пікірлесу.
47.
«Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 10/6 сағат:
1)
тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт
терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды
тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен
белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын
спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мəтіндерін жазу.
Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу.
Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу.
Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-
сұхбат. Полилог-ойбөліс;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен,
мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.
48.
«Денсаулық – зор байлық» – 10/6 сағат:
1)
тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар.
Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
88
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап
түсіну;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша
мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ қою;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты
сақтау туралы сөйлесу;
жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау
мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты
мақал-мəтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-
ойкөкпар;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға
байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.
49.
Оқу-еңбек аясы – 24 /14 сағат. «Интернет. Интернет маған не үшін
керек?» – 10/6 сағат:
1)
тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық
терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну.
Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс
істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке
қатысты ойын хабарлау, баяндау мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер
бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты
терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын
жұмыстары туралы полилог-ойталқы;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері
білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.
50.
«Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?» – 14 /8 сағат:
1)
тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері.
Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен
бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну.
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге
қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде
жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;
89
жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мəтіні
түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты
достарымен пікірлесу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері
білетін тілдері туралы пікірлесу.
5. Оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
51.
Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан,
барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
52.
Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
53.
Əлеуметтік- тұрмыстық ая – 32 /24 сағат. «Отбасы сыйластығы» – 12
/10 сағат:
1)
тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз
етіс, ортақ етіс, бұйрық рай. Сын есімдер. Құрмалас сөйлемдер интонациясы.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық əңгімелерді
тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа байланысты əңгімелер, мəтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;
жазылым: тақырыпқа қатысты əңгімелер жазу, өз ойын жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-
жауап, сұрақ-мəлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, жəне т.б; Отбасы сыйластығына
қатысты достарымен полилог-ойбөліс;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы
мүшелерінің сыйластығы мəселелері; тақырыпқа байланысты əңгімелесу.
54.
«Мен ата-анама көмектесемін» – 10/7 сағат:
1)
тілдік бөлім: құрамалас сабақтас салалас сөйлемдер. Етістер. Есімше.
Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;
айтылым: монологтік сөйлеу: жасаған ісі, істейтін ісі, күнделікті ісі,
ертеңгі істейтін ісі жəне т.б. туралы айту;
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Ата-аналарына
көмектескені туралы достарымен пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: əртүрлі ұлт өкілі отбасында
балалары əке-шешесіне қалай көмектесетіні туралы əңгімелер айту.
90
55.
«Асханада тамақ ішемін» –10/7 сағат:
1)
тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика:
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелер тыңдап түсіну.
Оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;
айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;
жазылым: тақырыпқа байланысты əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану əдебі туралы
достарымен пікірлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ
мəзірі, дағдысы туралы əңгімелесу.
56.
Əлеуметтік-мəдени ая – 46 /30 сағат. «Қазақстан қалаларын аралағым
келеді» – 16 /10 сағат:
1)
тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелер тыңдап, түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы əңгіме айту, баяндау;
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мəлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып
бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар.
Диалог-əңгіме, диалог-талқылау;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен
Қазақстан қалалары туралы əңгімелесу.
57.
«Қазақстан балалар жазушылары» – 16 /10 сағат:
1)
тілдік бөлім: тұйық етістік. Жалқы есімдер. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;
айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мəлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып
бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары
туралы достарымен пікірлесу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас: қазақ жəне орыс балалар жазушылары
туралы пікірлесу.
58.
«Шарын» шатқалына бардың ба?» – 14/10 сағат:
1)
тілдік бөлім: туынды зат есімдер. Бұйрық рай. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
91
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді тыңдап түсіну
(ұзақтығы 1-2 минут);
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;
айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;
жазылым: тақырыпқа байланысты əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы жазу;
тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мəлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып
бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы əр ұлт
өкілдерінің мақал-мəтелдері.
59.
Оқу-еңбек аясы – 24 /14 сағат. «Уақытты жоспарлап үйренейік» –
12/7 сағат:
1)
тілдік бөлім: біріккен сөздер. Модаль сөздер. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді (ұзақтығы 1-2
минут ) тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, əдетте не істейтінін
айту;
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні
туралы достарымен пікірлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-
ойбөліс;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ
халқының мақал -мəтелдері.
60.
«@-поштада қазақша сөйлесейік» – 12 /7 сағат:
1)
тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді (ұзақтығы 1-2
минут) тыңдап түсіну;
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндер оқу;
айтылым: монологтік сөйлеу: е-поштамен не істегенін, əдетте не
істейтінін айту, баяндау;
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің е- поштасы
туралы достарымен пікірлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-
ойталқы;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тілдік қарым-қатынасқа
қатысты қазақ халқының мақал-мəтелдері.
92
6. Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
61.
Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан,
барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
62.
Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
63.
Əлеуметтік-тұрмыстық ая – 32 /22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16 /11
сағат:
1)
тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті
мəні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мəтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;
оқылым: қазақ отбасы туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне түсіну. Болған
жағдайға байланысты, сезімге əсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын
ұғу;
айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша
конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы
өзі білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша
білдіре алу;
тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы
туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тəрбиесі туралы қысқа
мəтіндер, өлеңдер.
64.
«Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 16 /11 сағат:
1)
тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика:
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мəтінді тыңдап, айтылған
ойды түсіну;
оқылым: мəтіндерді дұрыс оқу жəне түсіну;
айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндерді жазу. Өзі білетін
мəліметтерді қатыстырып əңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ.
Диалог-мəлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды
пайдаланып сөйлесу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары
туралы мəтіндерді оқу.
65.
Əлеуметтік-мəдени ая – 48/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» –
16 /11 сағат:
93
1)
тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мəтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;
оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мəтіндерді дұрыс
оқу жəне түсіну;
айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет
галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды
пайдаланып сөйлеу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Суретші мен суреттер
туралы өзі білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша
білдіру;
тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-
сұрақ. Диалог-мəлімет;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ə.Қастеевтің туындылары
туралы пікір алмасу.
66.
«Мұражайға саяхат» – 16/11сағат:
1)
тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі
лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мəтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;
оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мəтіндерді дұрыс
оқу жəне түсіну;
айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы
айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды
пайдаланып сөйлесу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Мұражай туралы өзі
білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде
білдіру;
тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-
мəлімет. Диалогке қатысу;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы
туралы əңгімелесу.
67.
«Мен ұнататын теле/радио хабар» – 16/10 сағат:
1)
тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып
көлеміндегі лексикалық бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мəтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан
естіген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мəтіндерді дұрыс оқу,
түсіну;
94
айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды
пайдаланып сөйлеу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Теледидардан көрген
бағдарлама туралы жазу;
тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген
жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы
танымдық бағдарлама туралы əңгімелесу.
68.
Оқу-еңбек аясы – 22 /14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу.
Қандай емтихандар тапсырамын?» – 11 /7 сағат:
1)
тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар.
Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мəліметтері жайлы
айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
тыңдалым: мəтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді
түсіну, қолдана алу;
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне
түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Өзі білетін
мəліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу.
Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді
мектептерде оқылатын тілдер туралы əңгімелесу.
69.
«Менің арман мектебім» – 11/7 сағат:
1)
тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік
бірліктер;
2)
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: мəтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді
түсіну;
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне
түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мəліметтері жайлы
айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Мəтін бөліктеріне ат
қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем
жазу, өз ойын қысқаша білдіру.
тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу.
Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман
мектебі туралы ой алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: |