3.
Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. 10-сыныпта «Қазақ əдебиеті» пəнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның
35
ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2
сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.
14. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас
кезіндегі Қазақстанның тарихи-əлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы
революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне əсері, əдебиет пен
мəдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы əдебиетте жаңа жанрлардың
пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі жəне елдің рухани
дамуына əсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының
классикалық үлгіде дамуы. Əдеби бағыттардың пайда болуы); əдебиет
теориясы:əдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;
2)
Ахмет
Байтұрсынұлы«Əдебиеттанытқыш»
еңбегі-1
сағат
(А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу. Ахмет Байтұрсынұлы
– қазақ əдебиеті, мəдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам
қайраткері, ақын, аудармашы. «Əдебиет танытқыш» - қазақ тіліндегі əдебиет
теориясы туралы алғашқы еңбек. А.Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш рет
əдебиеттану терминдерін қалыптастырды. «Əдебиет танытқыш» еңбегінде көркем
шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық
құрылымы жан-жақты қарастырылған. Аталған еңбектің сөз өнерін танып,
пайымдауымыздағы рөлі)
əдебиет теориясы:əдеби жанр туралы түсінік;
пəнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық:
А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);
3) Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы-1 сағат (Міржақып
Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына шолу. Дарынды ақын əрі жазушы,
публицист. Қазақ əдебиетіндегі тұңғыш романның авторы. «Бақытсыз Жамал» –
қазақ əдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда
суреттелген əлеуметтік теңсіздік мəселелері жəне қазақ əйелдерінің тағдыры.
Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау жəне адам
психологиясын суреттеу шеберлігі);
əдебиет теориясы:роман, эпикалық жанр;
4) Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шəкірт ойы», «Бір адамға», өлеңдері−1 сағат
(Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы
демократтық-ағартушылық əдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы
азаматтық сарын жəне əлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шəкірт ойы», «Бір
адамға» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);
əдебиет теориясы:ирония мен сатира туралы түсінік;
5) Сəкен Сейфуллин «Ақсақ киік», «Сыр сандық» өлеңдері-1 сағат (Сəкен
Сейфуллиннің шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты,
демократтық-ағартушылық бағытта жəне Қазан төңкерісі туралы жазылған
шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сəкен – қазақ
мəдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар, азамат, күрескер ақын,
36
тоталитарлық қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын
қорғау мəселесінің басты проблема болып көтерілуі);
əдебиет теориясы:аллегория;
6) Мағжан Жұмабаев «Орал тауы», «Мен жастарға сенемін», «Шолпы»
өлеңдері -1 сағат (Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. М.
Жұмабаев – əдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға.
Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық əуен, ағартушылық-демократтық
сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық
«мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын
поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);
əдебиет теориясы:лирика жанры;
7)
Жүсіпбек
Аймауытов«Ақбілек»
романы-1
сағат
(Жүсіпбек
Аймауытовтың шығармашылығына шолу. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды
жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы.
Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-əлеуметтік жағдай жəне өмір
шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік
шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты жəне психологиялық күйзелісінің
шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының
пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі);
əдебиет теориясы:мінездеу;
8) Бейімбет Майлин«Шұғаның белгісі» хикаяты-1 сағат (Б.Майлиннің
шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік
ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы –
қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-əлеуметтік
өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – əңгіме
жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу.
«Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» -
жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, əлеуметтік əділетсіздіктерге қарсы үн көтере
бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мəселе - əйел
теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы
Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Əбдірахманның
қайғылы тағдырларының суреттелуі);
əдебиет теориясы:көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);
9) Ілияс Жансүгіров«Құлагер» поэмасы-1 сағат (Ілияс Жансүгіровтің өмірі
мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат
лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының
тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, əлеуметтік тартыс-күресі,
əдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген
ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке
көтерілуі. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі
мен тіл айшығы);
əдебиет теориясы:градация туралы түсінік;
37
пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс əдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ тілі,
музыка, «Ақан сері» фильмі;
10) Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім», «Алатауды айналсам»
өлеңдері-1 сағат (Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына шолу. Ж.Жабаев –
шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны
қалыптастырушы. «Ленинградтық өренім» – халық басына күн туған Ұлы Отан
соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды
өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған өлеңі. Өлеңдегі халықтар
достығы мен ерлікті жырлануы)
əдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсіні, портрет;
11) Сəбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі-1 сағат (Сəбит Мұқановтың
шығармашылық жолы. Əдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі
суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы.
Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан
Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен
композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);
əдебиет теориясы:ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы;
12) Мұхтар Əуезов«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-1 сағат (Мұхтар
Əуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Əуезов – қазақ əдебиетінің
классигі. Проза жəне драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай
жолы» роман-эпопеясы – əлемдік əдебиеттің алтын қорына енген шығарма.
Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық,
ақындық бейнесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – əлемдік əдебиеттің алтын
қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты.
Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі);
əдебиет теориясы:образ туралы түсінік;
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, география, электрондық
оқулық (Бөрілі мұражайы);
13) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан үзінді-1 сағат (Ғабит
Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық
шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері.
Жазушының роман кейіпкері Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа
қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен
композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл
көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік,
азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері.
əдебиет теориясы:баллада туралы, баяндау, суреттеу, диалог туралы түсінік.
пəнаралық байланыс:тарих, қазақ тілі, орыс əдебиеті, электрондық оқулық
(Ғ.Мүсірепов мұражайы);
14) Ғабиден Мұстафин«Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің
жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы жəне өндіріс тақырыбындағы
38
шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ
бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);
əдебиет теориясы:стиль туралы ұғым;
15) Қасым Аманжолов «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері-1 сағат
(Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі
кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған
шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы.
Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы
достық пен махаббат, елдік пен ерлік мəселелерінің көркем жинақталуы.
«Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері тақырыптарының алуан түрлілігі. Ақын өз
өлеңдеріңде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның құдыретті күші,
ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);
əдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету;
16) Əбділда Тəжібаев«Сыр жыры» топтамасы -1 сағат (Ə.Тəжібаевтың
шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия жəне əдебиеттану
ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы
заман жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Сыр
жыры» циклдік өлеңдерінің тақырыбы, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік,
сағыныштың көркем жинақталуы. Туған жер табиғатының реалистік бейнесі.
Лирикадағы жеңіл юмор);
əдебиет теориясы:образды жинақтау жəне даралау тəсілдері;
17) Ілияс Есенберлин«Қаһар» романы-1 сағат (Ілияс Есенберлиннің өмірі
мен шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи
тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ
тарихы мəселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы.
Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың
көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мəселелері, тақырыптық
ерекшеліктері жəне ізденіс арналары);
əдебиет теориясы:тарихи роман;
18) Сырбай Мəуленов «Сырласу сағасында», «Құлын», «Сəкен» өлеңдері-1
сағат (Сырбай Мəуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы. С. Мəуленов қазақ
поэзиясына өзінің сыршыл да əуенді лирикасымен келген жыр алыбы.
С.Мəуленов - лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс
суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас,
ырғақ, тіл көркемдігі. С. Мəуленов өлеңдері тақырыптарының жан-жақтылығы
мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған елдің табиғаты);
əдебиет теориясы: силлабикалық өлең;
19) Жұбан Молдағалиев«Мен - қазақпын» поэмалары-1 сағат(Жұбан
Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу.«Мен - қазақпын»
поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік,
елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның елі алдындағы
бірінші – халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты,
ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты);
39
əдебиет теориясы:екпін;
20) Тахауи Ахтанов«Шырағың сөнбесін» романы-1 сағат (Тахауи
Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Шырағың сөнбесін»
романының тақырыбы, идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нəзира бейнесі.
Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тілі);
əдебиет теориясы:тақырып пен идея;
21) Əбдіжəміл Нұрпейісов«Қан мен тер» трилогиясына шолу-1 сағат
(Əбдіжəміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ə.Нұрпейісов –
төл əдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы.
«Қан мен тер» трилогиясы - жазушының күрделі туындысы. Трилогиясының
көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ
даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты.
Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тəңірберген, Судыр Ахмет образдары - типтік
бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);
əдебиет теориясы:сарказм, ирония;
22) Мұқағали Мақатаев«Үш бақытым» өлеңі, «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы-1 сағат (Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі.
Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің
өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэзиясының негізгі тақырыбы.
Поэмаларының тақырыптары. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті,
композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Тілінің
көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі);
əдебиет теориясы:троптың түрлерін дамыту;
пəнаралық байланыс:Қазақстантарих, география, электрондық оқулық «Бір
өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ);
23)
Қадір
Мырза-əли
мен
Тұманбай
Молдағалиев«Қазақтарды
шетелдіктерге таныстыру» өлеңдері «Студент дəптері» жинағы-1 сағат
(Ақындардың шығармашылықтарына шолу. Оның ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілдері
екендігі. Қ.Мырзалиев - қазақ поэзиясындағы фəлсафалық лириканың аса ірі өкілі.
Ақын өлеңдеріндегі адам өмірі, əлем тағдыры, табиғат тіршілігі, келешек ұрпақ
қамы мəселелерінің өзара үйлесімі. Оның поэзиясының көркемдік ерекшелігі.
Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің
тəрбиелік мəні. «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру»өлеңінің идеялық мұраты
мен көркемдік ерекшеліктері. Тіл оралымы мен айшықты суреттелуі. Қадыр
поэзиясының ұлттық сипаты. Тұманбай Молдағалиев – махаббат, жастық, көктем
жыршысы. Т.Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытушы.
«Студент дəптері» - алғашқы өлеңдер жинағы. Лирикалық шығармаларындағы
нəзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы);
əдебиет теориясы: теңеу, риторикалық сұраулы сөйлем ұғымын тереңдету;
24) Қабдеш Жұмаділов«Соңғы көш» диологиясына шолу-1 сағат (Қабдеш
Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Соңғы көш»
диологиясы. Шығармада көтерілген негізгі мəселелер, бодан ел тағдырының
40
көркем жинақталуы. Романдағы Қанағат би жəне Естай образдары. Шығарманың
жанрлық сипаты. Жазушының тіл көркемдігі;
əдебиет теориясы:пейзаж бен портрет;
25) Олжас Сүлейменов.«Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңі-1 сағат (Олжас
Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. О. Сүлейменов – XX
ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі. Ақынның өз шығармаларын орыс
тілінде жазатыны. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық рух, қазаққа тəн дүниетаным
көріністері);
əдебиет теориясы:деректілік;
26) Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат» -1 сағат (О. Бөкеевтің
өмірі мен қызметі туралы мəлімет. Қаламгердің алғашқы əңгімелері мен
повестері. «Тортай мінер ақ боз ат» əңігмемесіндегі реалистік сипат. Əңгімедегі
образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Шығарманың тіл көркемдігіне
қатысты ой-пікірлер. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы);
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Екінші дүниежүзілік
соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері);
27) Мұхтар Шаханов«Төрт ана» өлеңі -1 сағат (Мұхтар Шахановтың
шығармашылығына шолу. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі.
Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов
поэзиясына тəн өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мəселелері. Мұхтар
поэзиясындағы сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше
шешімін табу сипаты. Шаханов лирикасындағы көне дəстүр мен жаңашылдық);
Əдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;
28) Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиеті -2 сағат (Тəуелсіздік алған 20
жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясы да тұрақтап,
қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тəуелсіздік жеңістерін,
сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағыдырын суреттеп,
бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың əр бағытта ой толғап, əр алуан
тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дəстүрді жырлау, исламдық
бағытта жазу, батыс үлгісіне еліктеушілер);
əдебиет теориясы: əдеби ағымдар;
29) қорытынды – 1 сағат.
4.
10-11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
15. 10-сыныптың соңында оқушылар пəндік нəтижелер бойынша:
1) əдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХІХ ғасыр жəне
қазіргі заман əдебиеті үлгілерін;
2) ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяны мен шығармашылығын;
3) шығарманың көркемдік ерекшеліктерін;
41
4) эпикалық, лирикалық жəне драмалық туындылардағы басты кейіпкер
келбетін білуі тиіс.
5) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мəнін;
6) өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып
талдауды;
7) көркем шығармалар негізінде қазақ халқының мəдениетін, тарихын, салт-
дəстүрін, мінез-құлқын, адамгершілік құндылықтарын;
8) шығарманың құрылымын талдау дағдыларын;
9) жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу, т.б.) орындауды;
10) əдеби білімдері негізінде ұтқыр да, шешен сөйлеу дағдыларын, көпшілік
алдында өзіндік көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.
16. 11-сыныптың соңында оқушылар:
1) əдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер əрекетіне өзіндік
көзқарасын білдіруді;
2) мəнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды;
3) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын,
маңызын;
4) əдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды;
5) компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет
арқылы əлем əдебиетімен таныса алуды;
6) əдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сəулет, саз, мүсін, театр,
кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды;
7) сыныптан тыс жəне қосымша оқуға ұсынылған əдеби-көркем
шығармаларды өздігінен оқуды;
8) берілген мəтіндерді баяндалу тəсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар
енгізуді білуі тиіс.
9) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, мəнін;
10) əдебиеттің өнер түрлерімен байланысын;
11) оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстар
орындауды;
12) əдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын;
13) сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өзіндік көзқарасын білдіруді;
14) əдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды пайдалануды;
15) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын,
маңызын көркемдік шындық тұрғысынан түсінуді;
16) əдеби білімдері негізінде көпшілік алдында өзіндік пікір білдіруді;
17) шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуды
жəне т.б.меңгеруі тиіс.
17. Тұлғалық нəтижелер:
1) қазақ халқының жəне Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да
ұлыстардың тарихына, мəдениетіне, салт-дəстүріне жəне басқа құндылықтарына
құрметпен қарауынан;
42
2) ұлттық құндылықтар мен əлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра
пайымдап, дəріптей білуінен;
3) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мəдениеттілік танытуынан,
этикалық нормаларды сақтай білуінен;
4) көркем туындының кейіпкері туралы қойылған жағдаяттық сұрақтарға
жауап беруде əдеби тіл нормалары мен пікірталас мəдениеті талаптарын сақтай
білуінен;
5) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға жəне заңды
бұзушылық əрекетке қарсы өз көзқарасын негіздей алуынан жəне жұртты сендіре
білуінен;
6) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға жəне жасампаз еңбекке
ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;
7) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете
білуінен көрініс табуы тиіс.
18. Жүйелі-əрекеттік нəтижелер:
1) қазақ əдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарда;
2) қазақ əдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде
пайдалана алуы;
3) қазақ əдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын жəне өз
ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге дағдылануы;
4) оқырман мəдениеті мен қаламгер шығармашылығына құрметпен қарау
мəдениетін игеруі;
5) қазақ əдебиетін əлем əдебиеті аспектісінде түсініп, əдеби үдеріске талдау
жасай алуы;
6) өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп
жеткізуге дағдылануы;
7) əдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды;
8) көркем əдебиет туралы ғылыми сын мақалаларды түсініп оқып,
көркемдегіш құралдарды əдеби талдауда орынды қолдануытиіс.
Учебная программа по предмету «Қазақ əдебиеті»
(естественно-математическое направление)
1.Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сəйкес
əзірленген.
2. Қазақ əдебиеті – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа
жеткен рухани, мəдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Əдебиет пəні –
43
шəкірттердің əдеби білік-дағдыларын жетілдіретін, адамгершілікке, əсемдікке
тəрбиелейтін пəн.
3. Оқушылар өзге тілді мектептерде қазақ əдебиетін оқи отырып, қазақ
халқының əдеби, мəдени, тарихи көркем туындыларымен танысу арқылы тілдік
ортаны кеңейтеді.
4. Бағдарлама оқытудың жаңа талаптарына сай мазмұндық, құрылымдық
жəне əдістемелік жағынан жаңартылып отыр. Бағдарламада ақын-жазушылар
шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылды. Сонымен қатар өзіндік
ізденіс жəне пəнаралық байланыста əдебиетті электронды оқытуға байланысты
тақырыптық жүйеде телесабақтар берілді.
5. Бағдарламада берілген білім мазмұны қазақ тілінде еркін, жетік сөйлей
алатын мəдениетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қызмет ететін
туындылардан тұрады. Көркем туындылар оқушының жас ерекшелігіне,
психологиялық даму қабілетіне сəйкес ықшамдалып алынған шығармалар тізбегін
құрайды.
6. Қазақ тілді емесмектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл
туындыларымен таныстыра отырып, олардың бойында мемлекеттік тілді
құрметтеу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру міндеті туындайды. Пəнді
оқыту оқушылардың ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін дамытуда да маңызды
қызмет атқаруы тиіс.
7. Пəнді оқыту мақсаты- қазақ халқының мəдениетін, əдебиеті мен өнерін
танып білуге үйрету, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін
тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік
қасиеттерді сіңіру.
8. Пəнді оқыту міндеттері:
1) белгілі бір кезеңдегі əдебиет үлгілерімен таныстыру;
2) сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мəлімет беру;
3) қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды меңгерту;
4) қазақ əдебиеті пəні негізінде оқушыларды қазақ халқының мəдениетіне,
тарихына, салт-дəстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру;
5) оқушының бойында рухани-адамгершілік мəндегі құндылықтарды
қалыптастыру, отансүйгіштік, төзімділік сезімдерін дамыту;
6) оқыған шығармаларына қатысты өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге
дағдыландыру;
7) қазақ əдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ
тілінің қолданылу аясын кеңейту.
9. Беріліп отырған бағдарлама əдеби білім мазмұнын толық қамти отырып,
оқушылардың нəтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін орайластырады:
1) «Қазақ əдебиеті» пəні «Қазақ тілі», «Орыс əдебиеті», «Қазақстан
тарихы», «География», «Музыка», «Бейнелеу өнері» пəндерімен тығыз
байланыста оқытылады;
2) «Қазақ тілі» филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту
үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін
44
дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;
3) «Орыс əдебиеті» қазақ жəне орыс əдебиеттерін өзара байланыстыра
оқыту əдеби көркем шығармалардың идеялық мəнін терең ұғуға, өзіндік
ерекшеліктерін салыстыру арқылы ұлттық маңызын түсінуге мүмкіндік жасайды;
4) «Қазақстан тарихы» əдебиет пен тарихты байланыстыру оқушылардың
тарихи шындықты көркем шығармада бейнелеу ерекшеліктерін түсіну
дағдыларын қалыптастырады жəне оқушылар нақты мəліметтерді талдай алуға,
өзіндік баға беруге үйренеді;
5) «География»көркем шығармада бейнеленген, суреттелген немесе
оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны
өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;
6)«Музыка» əдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра
алуға дағдыланады, «Бейнелеу өнері»əдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің
туындыларын пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы
суреттелген мəселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды.
10.Оқу жүктемесінің көлемі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына
сəйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1)
10-сыныптааптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;
2)
сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат оқытылады.
11. Пəнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |