273
мысал келтіруге болады «жеті жасында Күли-чор тау ешкісін өлтірген, онға келгенде жабайы
қабанды олжалайды». Әрине ақсүйектердің аңға жиі шығуына байланысты баларын сынна
өткізу рәсімі де ертерек жасалатын болған. Тек соғысқа қатысқан бала ғана ер жетіп кемеліне
келді деген пікір қалыптасқан. Тура осындай мәселені оғыз эпосы «Менің атам
Қорқыттың
кітабы»
туындысынан да кездестіресіз: «Байбөрі ханның ұлы он беске толғанда жігіт атанды,
бірақ ол кездерде біреудің басын алмаған бозбалаға есім берілмейді екен, Сөйтіп ол бірде
кереуенге шабуыл жасаған қарақшылардың көзін құртып, басын алған. Сол кезде оның әесі
Байбөрі оғыздардың бектерін шақырып той жасайды, сөйтіп баласына Байсы-Бейрек деген
ат беріледі» [10, 33-34 бб.]. «Ер есімін» иеленген соң жігіт қағанаттың әскери-әкімшілік
иерархиясындағы титулдарға қол жеткізе бастайды. Титулдарды
беру туралы рәсімдер,
ережелер Ихе Хушоту жазбаларында жақсы көрінеді [10, 27-33 бб.]. Монғолия мен
Енисейден табылған қабірдегі жазбалардың барлығында дерлік өлген адамның титулы,
жасаған ерліктері жазылған. Эльдің мәртебесі мен абыройы оның байлығына, жанұясының
жақсы тұрмыс пен молшылықта болуына байланысты белгіленетін болған. Жеке меншігі киіз
үй
Достарыңызбен бөлісу: