Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет107/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   157
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. Н.Ә.Назарбаев. Ұлы Даланың жеті қыры / «Егемен Қазақстан». 21 қараша 2018 ж 
2. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. -369 б. 
3. Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 ж.ж. -Алматы: «Ел-
шежіре». 2007. Т.3.Кн.1.-304 с. 
4. Сборник важнейших декретов, постановлений и распоряжений правительства ТССР за 
1917–1922 гг. -Ташкент, Издания Комиссии СНК, 1923, 213 с. (С.1-5) 
5. Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. желтоқсан 1917 – мамыр 1920 ж.ж. -
Алматы: «Алаш». 2005. Т.2.-496 с. 
6. Шоқай М. Таңдамалы. 2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2.-1999. -520 б. 
7. Волкогонов Д.А. Сталинизм: сущность, генезис, эволюция: доклад по совокупности работ 
на соискание ученой степени доктора исторических наук.- М.: 1990. – 47 с. 
8. Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. М.: Политиздат, 1973.- т. 20. -532 с. 
XIX Ғ. РЕСЕЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАН 
ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ ДАМУЫНА ҮЛЕСІН ҚОСҚАН ҰЛЫ 
АҒАРТУШЫ ЫСМАЙЫЛ ҒАСПЫРАЛЫ 
Ускембаева А.А., Жангабулова Ж.М., 2 курс докторанттары 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Этносаралық қарым-қатынас мәселесі көптеген халықтар мен мәдениеттер қатар өмір 
сүрген Орталық Азия кеңістігіндегі мұсылман аймақтары үшін әрқашан өзекті болады. Ежелгі 
заманнан бастап көшпелі түркі тайпалары Еуразия құрлығының кең байтақ жерлерін бірнеше 
рет біріктіріп келді. Бүкіл дерлік Ұлы Дала оларға тиесілі болды. Олар ұзақ уақыт бойы өз 
бостандығын, тілін, ұлттық болмысын ірі отырықшы империялардың қол сұғуынан қорғады. 
Бірақ түркі мемлекеттері ұзақ өмір сүре алмады. Түрлі дала түркі этникалық топтары осы 
көшпелі державалардың мұрагері болды. 
Ысмайыл Ғаспыралының ағартушылық қызметін тарихи оқиғалардан бөлек 
қарастыруға болмайды. Яғни, Ғаспыралының көзқарастары «еуразияшылдық» идеяның 
өзіндік прототипі болды. Және бұл үрдісте пантүркизм идеологиясы өте маңызды рөл 
атқарды. Пантүркизм идеологиясы XIX ғасырда Ресей империясының түркі халықтары 
арасында қалыптасты. Бұл үрдіс Еділ, Солтүстік Кавказ, Кавказ және Орталық Азияның 
дәстүрлі исламдық қоғамдарына еуропалық философиялық жәнесаяси ойларның енуімен
байланысты болды. Және жергілікті зиялылардың діни немесе этникалық емес, ұлттық 
бірегейлікке бағдарларын қалыптастырды. 
«Біздің дініміз жақсылықты үш жолмен жасауға болады деп үйретеді: еңбек, сөз және 
зекет арқылы, осылардың барлығы Құдайға ұнамды және асыл: кедейлер - жақынына жұмыс 
жасау арқылы, ғалым - тәлім беру арқылы, байлар - садақа беру арқылы көмектеседі». Бұл 


231 
сөзді қырым татарларының ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, баспагер Ысмайыл Ғаспыралы 
(1851-1914) айтып кеткен [1]. 
Ысмайыл Ғаспыралы - көрнекті Қырым татар қоғам қайраткері, жазушы, публицист, 
баспагер, ағартушы және қаламгер. Оның шұғылданғын істерінің тізімін одан әрі 
жалғастыруға болады. Ысмайыл ағаның түркі халықтарының мәдениетінің дамуына, Ресей 
патшалығында және одан тыс жерлерде өмір сүрген мұсылман түріктердің рухани 
жаңғыруына үлкен үлес қосқаны факт. Түркі әлемінің бірлігі мен дамуына мол үлес қосқан, 
жәдитшілік қозғалысының қайраткері. Түркі әлемінде оның есімі жоғары бағаланады. 
Ысмайыл Ғаспыралының өмірін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: оның 
көзқарастары қалыптасқан ерте кезең (1851-1883); оқытушылық және журналистік қызметіне 
арналған ағартушылық кезең (1883-1905); кеш саяси кезең (1905-1914), бұл аралықта ол 
«Иттифак аль-Муслимин» партиясы мен Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясы 
шеңберіндегі саяси жұмыстарға белсенді қатысты. 
Ы. Ғаспыралы 1851 жылы 21 наурызда Бахчисарай маңындағы Авджикой ауылында 
Мұстафа Ғаспыралының отбасында дүниеге келді. Бастауыш білімін үйде алды, содан кейін - 
ауылдағы мұсылман мектебі, Симферополь гимназиясы және Воронеж кадет корпусында 
білімін жалғастырады. 1864-1867 жылдары Мәскеу әскери гимназиясында оқыды. Мұндай 
беделді оқу орнында оқу мүмкіндігіне ие болуының себебі, оның әкесі мемлекеттік қызметте 
болған және орыс ақсүйектеріне теңестірілген Қырым мырзаларының отбасынан шығуы 
бірден бір себеп болды. 
1860 жылдардың соңы бұл Шығыс халықтарының Еуропа отарлаушыларынан бірқатар 
жеңілістерінен кейін, білімнің маңыздылығы мен әлеуметтік және рухани өмірді жаңарту 
қажеттілігі туралы идеялар мұсылман әлемінде тамырлай бастаған кез еді. Қоғамда ұлттық 
намыс сезімі ояна бастады, отаршылдыққа қарсы күресті дамыту идеялары кеңінен таратылды. 
Жұртшылықтың мұндай көңіл-кұйі батыстық білім алған, бірақ өз халқының дәстүрлеріне 
адал болатын жаңа типтегі көшбасшылардың пайда болуына ықпал етті. Осы идеяларды 
таратушылардың бірі, өз халқының мәдениетіне, тіліне және дініне деген адалдығы еуропалық 
және орыс мәдениетінің барлық байлығын игеру ниетімен үйлескен Ысмайыл болды. 
1867 жылдан бастап Ысмайыл Бахчисарайдағы Захжирліде медреселерде сабақ беру 
бастайды. Бірақ, үш жылдан кейін ол Парижге аттанып, Сорбоннада дәрістерге қатысады, 
аудармашы және жазушы Иван Сергеевич Тургеневтің жеке хатшысы болып жұмыс істейді. 
Содан кейін Ғаспыралы шамамен бір жыл Түркияда, Ыстамбұлда тұрады. 
Оның көзқарастары көптеген факторлардың ықпалының қарамағында қалыптасты. 
Стамбулда шамамен бір жыл өмір сүрген кезінде Ысмайыл Ғаспыралы, кейіннен өзінің білім 
беру қызметінде кейбір аспектілерін қолданатын османшылдық және панисламизм 
идеяларымен жақын танысуға мүмкіндігі болды. Діндар мұсылман ретінде Ғаспыралы ислам 
дінін ұстанған халықтардың реформаланған қауымдастығын құру мәселесін алға қойған 
болатын. 
Ысмайыл Ғаспыралының атымен исламдық шығыс халықтарының ағымдық қозғалысы 
- жадидизмнің құрылуы мен дамуы байланысты. Бұл мұсылман елдерінде бастауыш білімнің 
мәні мен құрылымын түбегейлі өзгертіп, оған неғұрлым зайырлы сипат беретін жаңа, зайырлы 
оқыту әдісі еді. 
Түрлі дереккөздерде бұл тұжырымдаманың көптеген түсіндірмелерін байқауға болады: 
жадидизм ағымдық қозғалыс, либералды-саяси қозғалыс, кей жағдайларда жадидизм мен 
түркизм (пантүркизм) ұғымдарының қосындысы ретінде. Мақалада «жадидизм» термині 
Ресей империясындағы мұсылмандардың ағартушылық қозғалысы ретінде түсіндіріледі. Бұл 
ең алдымен ескі білім беру жүйесін реформалаумен және алғаш рет Ысмайыл Ғаспыралы 
енгізген медреселерде жаңа дыбыстық оқыту әдісін енгізумен, сондай-ақ түркі тілдеріндегі 
баспасөздің таралумен және «бұратана»-мұсылмандардың білім деңгейін көтерумен 
байланысты. 


232 
Бұл қозғалыстың пайда болуын кейбір зерттеушілер ХІХ ғасырдың басына жатқызады. 
Осы пікірге сәйкес, бұл еуропалық идеялардың мұсылмандық ортаға енуінің әсерінен пайда 
болған объективті құбылыс болды. Бірінші кезең - жандану немесе дайындық ойшыл және 
ағартушы, татар теологы Абуннасыр Курсавидің (1776-1812) қызметімен байланысты, екінші 
кезең - шын мәнінде модернистік, татар ағартушылары тарихшы, этнограф, шығыстанушы 
Шигабутдин Маржанидің (1818-1889), татар этногенезін зерттеудің негізін салған этнограф 
және жазушы Каюм Насыридың (1825-1902) есімдерімен байланысты [2, б. 102].
Оның білім берудің жаңа әдістері тек Қырымда ғана емес, сонымен қатар Татарстан, 
Қазақстан, Башқұртстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, 
Түркия, Солтүстік Персия және Шығыс Қытайда сәтті қолданылды. Жадидтер іс жүзінде 
Ресей патшалығының түркі-мұсылман халықтарының ұлттық сана-сезімі туралы 
айтушылардың алғашқы өкілдері болды. 
Дүниетанымның негізі бала кезінен қаланғанын түсіне отырып, Ысмайыл жас 
оқытушыларға бағытталған көптеген оқулықтарды қырым татар тілінде жазып шығарды. 
Ғаспыралының басылымдары уақытқа сәйкес келді және қоғамда кеңінен танымал болды. 
Атап айтсақ, оның «Хожа и-субян» («Балалар оқытушысы») оқу құралы бірнеше рет басылып 
шықты және түркітілдес әлемдегі ең танымал басылым болды [3]. 
Қырымға оралып, Бахчисарай қаласының әкімі лауазымына тағайындалып, ол өзінің 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа білім беру идеясын іске асыру үшін мүмкіндік 
іздей бастады.
Жүйелі мерзімді басылым шығару шешімін қабылдаған соң, Ысмайыл аға астанаға 
кетеді. Үш жыл бойы 1879-1882 жж. өзінің баспасын ашып, ана тілінде газет шығаруға рұқсат 
алу үшін бірнеше рет Санкт-Петербургке барады. Рұқсат алғаннан кейін де, ол көптеген 
мәселелерге, соның ішінде газетке жазылушыларды іздеуге және газетті шығарудың 
материалдық құралдарына тап болады. 
Бірақ Ғаспыралы жоспарлаған істі жүзеге асырудың шешімін табады және кейіннен 
оны өзі газет беттерінде былай деп сипаттайды: «Петербургте жоспарланған баспалардың 
нұсқаухат - хабарландыруларын басып шығарып, біз Нижний Новгород жәрмеңкесіне 
аттандық, онда сіз Ресейдің әртүрлі аймақтарындағы мұсылмандарды кездестіре аласыз» [4]. 
Ресейдегі мұсылмандардың мәдени орталықтарының бірі Нижний Новгородта, ол өз 
басылымдарының алғашқы 100 жазылушысын табады [5, б. 46]. Жиналған қаражатпен 
Ғаспыралы баспахана сатып алады. 1882 жылы келесі жинақтарды: «Тонгуч» («Тұңғыш»), 
«Шефаг» («Таң»), «Календарь» (Күнтізбе) және 1883 жылы 10 сәуірде ол орыс-татар 
«Тержиман- Аудармашы» газетінің алғашқы санын шығарады», ол ұзақ уақыт бойы Ресей 
империясындағы жалғыз түркітілдес мерзімді басылым болды [6, б. 9-14]. Алғашында газет 
аптасына бір рет, содан кейін аптасына үш рет және күн сайын шығатын болды. Басылым 1914 
жылы Ғаспыралы өмірден кеткеніне дейін және оның ұлы - Рефаттың редакциясымен тағы 
төрт жыл шығып тұрды. 
Терджиман (Аудармашы) газеті Қырымда, Еділ бойында, Түркістанда мұсылмандық 
білім беруді модернизациялауда жетекші рөл атқарды, жаңа оқулықтар мен жаңа оқу 
бағдарламаларын жасайды, Қырымда «жаңа әдіснамалық мектептерін» құрды және кейіннен 
олар мұсылмандық Самарқанд, Ташкент және Бұхара вассалдық әмірлігі территориясында 
кең таралған болатын. Осы жаңа әдіснамалық мектептердің арқасында ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында еуропалық білімді, бірақ өзінің «мұсылман» болмысын жоғалтпаған мұсылман 
зиялыларының жаңа ұрпағы дүниеге келді, [7, б. 378-400]. 
Шын мәнінде, Ғаспыралыны діни мәселелер емес, түркі халықтарының әлеуметтік-
мәдени дамуы қызықтырды. Ол мәдениетті конфессиясыз түсінеді, әлем туралы білімдердің 
жиынтығы ретінде, сонымен қатар бұл білімді адамға қызмет етуге мүмкіндік беретін 
технологиялар ретінде. Ғаспыралы схемасында мұсылмандыққа тек этикалық үстемдік орны, 
діндарлық дәстүрі берілген. 


233 
Сондықтан Ғаспыралы өзінің білім беру стратегиясының жобасында, ең алдымен, түркі 
тілдері мен мәдениеттеріне, жалпы мәдени және тілдік орта ретінде түсінілетін түркіизмге 
үндейді. Ғаспыралының айтуынша, сол кездерде ресей түріктерінің өзін-өзі тануының негізгі 
мұсылмандық термині болған. Шындығында бұл ұлттық түркі жаңаруының жобасы еді. 
Сондықтан Ғаспыралы пантүркизм - түркі халықтарының ортақ тілмен және тарихи 
тағдырлармен байланысты мәдени-саяси бірлестігі идеясының бастамашыларының бірі 
екендігі таңқаларлық емес. Ресейде тұратын түркі халықтары (Қырым және Еділ татарлары, 
башқұрттар, ресей Түркістанының түркі халықтары), Ғаспыралының пікірі бойынша, мәдени 
жақындығы мен ортақ мұсылмандық ерекшелігінің арқасында қоғамдастық пен мәдени 
болмыстың жаңа формаларын құруы керек. Сонымен бірге, ресей түркілерінің әлем туралы 
және заманауи технологиялар туралы қазіргі заманғы білімді Еуропадан, атап айтқанда 
Ресейден алынуы керек еді. Дәстүрлі тақуалықтың, жаңа білім мен озық технократизмнің 
үйлесімі түріктер үшін болашаққа есік ашуы керек еді [8, б. 83]. 
Модернизация жағдайындағы «Терджиман» газеті беттеріндегі басты орындардың бірі 
біртұтас әдеби ортақ түркі тілі мен біртұтас түркі ұлтының құрылуымен тікелей байланысты 
мәселелер болды. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Ысмайыл Ғаспыралы оның 
модернизациялау бағдарламасы аясында ұлт құрылысының кең таралған әдістеріне жүгінгенін 
атап өтеміз [9, б. 240], мысалы, біртұтас әдеби тілді (жалпы түркі) құру сияқты, біртұтас білім 
беру желісін құру («жаңа әдіс» мектептері), жаңа әдебиеттерді құру (жаңашылдықты және 
азаматтық поэзияны дамыту) және ұлттық БАҚ («Терджиман» газеті және басқалар). Сонымен 
бірге Ғаспыралы осы газет беттерінде қарастырылып отырған кезеңдегі ұлтшылдық пікірлер 
үшін дәстүрлі риториканы - ұлттың оянуы, ағарту, модернизация және т.б. пайдаланды [10, б. 
146]. 
1881 жылы Ысмайыл Ғаспыралы жазған «Орыс мұсылмандығы. Мұсылманның 
ойлары, жазбалары мен байқаулары» еңбегі тек автор үшін ғана емес, және де ғалымдарғы 
интеллектуалдық манифестке айналды. Ол орыстар мен мұсылмандар арасындағы қарым-
қатынас және мұсылман халықтарының өміріндегі білімнің рөлі туралы әңгімеледі. Бұл 
шығармада публицист өзінің қазіргі өміріне «қарғыс сұрақтарды» қояды - татарлар мен 
орыстардың арасында қандай қатынастар болуы керек? Ресей үкіметі мұсылман бұратана 
халықтарына қатысты қандай мақсатқа ұмтылады (және соған ұмтылуда ма?) 
Ғаспыралы бойынша, орыс мұсылмандығы ресейлік Отаның мүдделерін сезінбей, 
мойндамайды; оның қайғысы мен қуанышы оған беймәлім, ол ұлттық ұмтылыстар мен 
идеяларды түсінбейді. «Орыс тілін білмеу оны жалпы адамзаттық мәдениеттен оқшаулау 
туралы айтпағанда, оны орыс ойы мен әдебиетінен ажыратады. Орыс мұсылмандығы өзінің 
ескі тұжырымдамалары мен наным-сенімдеріне жақын, қанық жерде өседі, өйткені ол 
адамзаттың қалған бөліктерінен алынып тасталған» [11, б. 17-58]. 
Ғаспыралы мұндай жағдайға не себеп болғанын түсінуге тырысады. Мұның себебі орыс 
халқында емес - олар, автордың пікірінше, өте ашық деп айтқан. Оның айтуынша, көптеген 
публицисттер мұндай құбылыстарды исламның дұшпандық рухымен түсіндіруге бейім. 
«Маған, мұсылман ретінде, бұл сұрақ маған жақсы таныс, сондықтан мен діннің оған 
ешқандай қатысы жоқ екенін қатты мәлімдеймін. Жерге деген сүйіспеншілік догмасы бар, оны 
тамақтандыратын және иесіне адалдық танытатын, қорғайтын, саяси мағынада иеліктен, 
оқшауланудан, дұшпандықтан орын қалдырмайтын ілім...Ресейдің барлық жерінде сіз мұнара 
мейрамханасында сауда жасайтын және төзімділік үйін ұстайтын мұсылманды таба алмайсыз» 
[12]. Гетеродоксияға және бұратана халықтарына қатысты келісілген, ойластырылған 
саясаттың болмауы көптеген қиыншылықтардың себебі болып табылады.
«Аудармашы-Терджиман» газеті арқылы Ысмайыл Ғаспыралы орыс мұсылмандарына 
білім беру қажеттілігі туралы өз идеяларын жүзеге асыра бастайды, біртұтас түркі тілін құруға 
шақырады, оқытудың жаңа әдісінің жетістіктері туралы айтады. 


234 
1887-1889 жж. «Терджиман» газетінің беттерінде Ысмайыл Ғаспыралы білімді 
саяхатшы Мулла Аббас Франсавидің атынан «Дар ур-рахат» («Өркендеу жері») романын 
жариялайды. Бұл саяхатшы Парижде болғанда: «... Мысырдағы британдықтар үшін жаулап 
алу құқығы да, дін құқығы да, туыстық құқығы да жоқ. Олардың бұл елде болуы тек басып 
алудан басталады; бұған көңіл айтып, білдіру мүмкін емес». 
Қиял-ғажайып оқиғалар саяси романның элементтерімен қиылысқан бұл жұмысты 
жариялау уақыты кездейсоқ таңдалмағанға ұқсайды. Роман Франко-Орыс Одағы құрылу 
кезеңінде 
және 
Африкадағы 
отаршылдық 
экспансиясында 
неміс-англо-француз 
қайшылықтарының өсуі кезеңінде жарияланды [13, б. 112]. Жалпы, Ысмайыл Ғаспыралы тіпті 
цензура кезінде де дұрыс таңдалған әдеби және көркем бейнелер арқылы өз оқырмандарына 
уақыттың ең өзекті мәселелерін шебер жеткізді.
Ғаспыралы мұсылмандық этно-конфессиялық және халық ағарту жүйесін қайта құру 
негіздерін жасап жетілдірді. Ол өзінің жаңа әдісін кеңінен насихаттауға және түркі 
халықтарын одан әрі ағартуға арнады. 1893 жылы ол өзінің газет беттерінде «Бахчисарайдан 
Ташкентке саяхат» деген мақалада сипатталған Орта Азияға аттанады [14]. Бірақ, Білкент 
университетінің профессоры Хақан Қырымлының айтуынша, ол бұл жерге бейресми түрде 
барады, алайда бұл оқиғаны газетте жариялауға байланысты келісудің қажеті жоқ. Сонымен 
қатар 1893 және 1908 жылдар аралығында Түркістанға, Самарқандқа, Бұхараға сапар шекті. 
Бұхара қаласында «Музаффария» атты жаңа әдісімен оқылатын медресенің ашылуына 
қатысты. 
1895 жылы «Терджиман» газетінің 38 нөмірінде В.В. Радловтың «Енисей 
жазбаларының шифрлерін анықтау нәтижелері туралы» мақаласы жарияланады. Бұл 
Ғаспыралының түркілердің тарихына деген нақты қызығушылығын және оның жалпы түркі 
тамырлары мен тіліне назар аударғысы келетіндігін көрсетеді [15]. Сол жылы ол Ыстамбұлға 
барады, «Терджиман» газетінің 25 нөмірінде сапар туралы есеп береді [16], сондай-ақ Бакуге 
де сапарға аттанады [17]. 
1900 жылы «Түркістанның ислам білімпаздары» кітапшасын шығарады. Онда 1891 
жылы қайтыс болған Шах Накшибендиден хижрадан бастап, Түркістан ғалымдарына дейін 
қысқаша өмірбаяндары бар. Ол осы кітапшалардың көбін «Тержиманға» қосымша ретінде 
немесе жеке басылымдарда жариялады [18, б. 468]. 
Жалпы, 1883-1905 жылдар аралығында Ысмайыл Ғаспыралы өмірінде жадидтер 
қозғалысының оқиғалары және ол шығарған газет арқылы идеяларын кеңінен тарату 
байқалды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қазанда («Мухаммедия», 1882), Орынборда 
(«Хусайния», 1892), Троицкте (1893 жылы жаңа әдіс санатына өткен «Расулия»), Уфада 
(«Ғалия», 1906) және т.б. жаңа типтегі мектептер мен медреселер құрылды [19, б. 10]. 
Ысмайыл Ғаспыралының ағартушылық идеялары жаңа пайда болған түркі 
зиялыларының ортасында бірқатар объективті әлеуметтік-экономикалық себептерге - 
мұсылман буржуазиясының қалыптасуына, мұсылмандар арасында білімнің өсуіне және т.б. 
себеп болды. Кейбір ғалымдар мен зерттеушілер де жадидизмнің тез таралуының негізін - 
орыс емес халықтардың орыстандыруға реакциясын «жоғарыдан» жүзеге асырады [20, б. 83]. 
Бірақ Ысмайылдың қолдаушылары мен жақтаушыларынан басқа да, оның қызметін 
сынға салған адамдар да болды. Мысалы, православиелік дінге үндеуші мен ағартушы Н.И. 
Ильминский (1822-1891) Қасиетті Синодтың Бас Прокуроры К.П. Победоносцевқа (1827-
1907) Ысмайыл Ғаспыралы туралы жазған хаттары бар. Атап айтқанда, 1889 жылғы 16 
желтоқсандағы хатында ол былай деп жазады: «Татар газеті «Терджиман» 8 жыл ішінде өзінің 
өнерін толық ашты <…> Мен оны өзім оқымадым, бірақ зейінді және мұқият адамдар онда 
православиелік орыс мемлекеті мен қоғамы үшін қолайсыз, дәйекті және табанды ойды таба 
алады» [21, б. 415-416]. Бұл Н.И. Ильминскийдің ұстанымы Ғаспыралының қызметіне 
қатысты түсінікті. Оның православиелік дінге үндеуші ретіндегі қызметінің түріне орыс емес 
халықтардың, ең алдымен татарлардың ағартуы кірді. Алайда, Ғаспыралы мен Ильминсийдің 
бұл білім беру туралы көзқарастары біршама алшақтады. Атап айтқанда, Ильминскийге тіпті 


235 
кирилл графикасына негізделген татарлар үшін жаңа әліпби әзірлеу тапсырылды [22, б. 134]. 
Ысмайыл, керісінше, араб жазуы бойынша жазуды кеңінен таратуға тырысты, өйткені ол 
диалектикалық айырмашылықтарға қарамастан, әр түрлі түркі тілдері араб тілінде жазуда іс 
жүзінде өзгеше емес деп санайды, ал бірыңғай жазбаша тілдің насихатталуы бірыңғай ауызекі 
тілдің пайда болуына әкеледі.
Император Александр III (1881-1896) кезінде жүргізілген Ресейдің орыс емес 
халықтарын орыстандыру саясаты, әрине, кейбір жағдайларда орын алды, бірақ оның мөлшері 
мен маңызын асырмаңыз, өйткені аймақтық мұсылмандық біртұтастық жалғаса берді. Айта 
кету керек, Ресей патшалығының көптеген халықтарының ағартуы олардың христиан дінінің 
идеологиялық міндетімен тікелей байланысты болды, ал шығыстық дін үндеушілердің 
арасында А.Н. Самойлович атап айтқан: «Ғылыми қызығушылықтан басқа Шығыс елдеріне 
және халықтарына деген махаббатпен де ұштасады». Олардың арасында, әрине, Н.И. 
Ильминский де болған шығар [23, б. 73]. Патшалықтың орыстандыру саясаты белгілі бір 
дәрежеде Ресейдің мұсылман халықтары арасында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру 
процесін жеделдетудің де бір себебі болды [24, б. 195]. 
1908 жылы ол Каирде мұсылман конгресін шақырудың бастамашыларының бірі болды, 
мұнда адамгершілік тәрбиесіндегі исламның рөлін күшейту талқыланды. 1911 жылы Ысмайыл 
Ғаспыралы Үндістанға барып, онда оқулық шығарды, сонымен бірге Бомбейде жаңа 
әдіснамалық медресені ашты.
Бірінші орыс революциясы жылдарында Ғаспыралы Ресей патшалығының 
мұсылмандардың саяси қозғалысына белсенді қатысты. 
Ол 1905-1906 жылдар арасында үш мұсылман конгресіне делегат болды, 
революциялық идеялардан шабыт алған либералды көзқарасты мұсылмандардың үміттерін 
білдіретін «Иттифак әл-Муслимин» (Мұсылман одағы) жалпы мұсылман саяси партиясын 
құрушылардың бірі болды. Бұл үміттер, өкінішке орай, орындалмады. Ысмайыл Ғаспыралы 
барлық лагерьлердің идеологиялық қарсыластарына төзімді болды. Көптеген отандастарына 
қарағанда рухани жағынан жоғары болғандықтан, ағартушы әрдайым ақылға қонымды 
ымыраға келуге дайын, бірақ сонымен бірге ол ешқашан адамгершілік пен ағартушылықтың 
маңызды қағидаларымен, туған халқына деген сүйіспеншілікпен қарап және батыс, орыс 
немесе кез-келген басқа өркениеттерге ашықтықпен кем болған жоқ.
Мүмкін, Ысмайылдың басты іскерлігі - ол білім берудің жаңа тұжырымдамасын жасау 
болды. Ол білім беруді түбегейлі жаңғыртуда, оқу бағдарламасының құрамы мен бағытын 
жаңартуда мәдени трансформацияның тиімді құралдарын көрді. Бұл тұрғыда оның 
журналистік және әдеби қызметі әрқашан болашаққа бағытталған болған. Ысмайыл 
Ғаспыралы сол кездегі мұсылмандардың интеллектуалды келбеті мен мұсылман өркениетінің 
жалпы жағдайына қанағаттанбады, сондықтан өзінің бар күш-жігерін мұсылмандықтың 
жаңаруы үшін жасаған жобасын жүзеге асыруға өз өмірін толықтай арнады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет