Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет123/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157
Байланысты:
thesis147359

bajbar, jylayγ) кедейлермен (čyüaj, joq čyγaj) салыстыру бар. Кошо Цайдам жазбаларында 
кедейлер туралы «жейтін тамағы жоқ, киетін киімі жоқ – аянышты, сұрықсыз, төмен адамдар 
(jabyz jablaq bodun) туралы жазылған.Кедейлерге жек көрінішпен қарау сарыны байқалады. 
Өйткені олардың ұғымында нағыз «жауынгер ержүрек адам» қарудың арқасымен өзіне 
байлық жинау керек. Мысалы, «Мен он беске келгенде Қытайға жорық жасап, өзімнің жау 
жүректігімнің арқасында алтын, күміс, бір өркешті түйе, адамдар алып келдім» деген 
жазбаларды кездестіресіз.Мұндай деректер өте көп. Мұны айтып отырған себебім Жүсіп 
Баласағұнның шығармасындағы олжалы «батыр сарбаздың» бейнесін сомдауы ежелгі 
жазбалармен іштесіп үндесіп тұрған сыңай танытады: 
«Ұрысқа кір мұздай қару жасанып, 
Жау ат қойса, сен қарсы сал қасарып!... 
Кісі тонап, күшпен алдым мал жанын, 
Бірін қинап, бірін қудым алдадым 
Қанша бекті бұл күлкімен сендіріп, 
Өлім құшып, кетті көзі телміріп!» [8, 207 б.]. 
Қ.А. Мамаділ былай дейді: «Қазіргі түркі тілдері, оның ішінде, қыпшақ тобына 
жататын қазіргі қазақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым татары, қарақалпақ, 
ноғай тілдерінің ұлт тілдері болып қалыптасқанға дейінгі ортақ мұраларын әркім өзіне бұра 
тарта зерттеп, өзіне ғана жағатын оң тұжырымдар жасап алғаны дұрыс бола қоймас. Біз көне 
түркі ескерткіштерін былай қойғанда, орта ғасырдағы, Алтын Орданың құрылып – құлағанға 
дейінгі (1250-1517) кезеңдеріндегі жазба мұраларды ортақ немесе күретамыр ретінде 
зерделесек қана, ұтарымыз анық. Мәселен, татар ғалымдары орта ғасырдағы түркі тіліндегі 
жазба ескерткіштердің барлық түркі халқына ортақ мұра екенін айта отырып, ол жазба тілді 
бастапқыда қай тайпа не ұлыс жасады деген сұрақ қояды, оған өздері жауап береді. Соған 
сүйенсек, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (1069-1070) атты дидактикалық дастаны 
Қараханид империясының (840-1212) негізін қалаған «чігіл, яғма сияқты туыс тайпалардың 
тілінде» жазылған болып шығады. Бірақ дастандағы көптеген сөз қолданыстары көшпелі 
өмір тәжірибесінен туындағанын, тіпті олардың бүгінгі күні бірқатар түркі тілдерінде 
кездеспегенімен, қазақ тілінде өзгеріссіз қолданылатынын көрнекті ақын, дастанды 
қазақшаға тұңғыш аударушы А. Егеубаев Алматыдағы М. Әуезов мұражайы жанынан 
құрылған Халық университетінің (ол кезде директоры ф.ғ.к., профессор Р. Бердібаев 


274 
болатын) кезекті бір сабағында (80-ші жылдары) оқыған дәрісінде айтқан еді. Ұмытпасам, 
оған ұйғыр ғалымдары да қатысты. Алайда қазақ тіл білімі «Қутадғу білікке» әлі күнге дейін 
қазақ тілімен салыстырмалы түрде жан-жақты тарихи-лингвистикалық анализ жасай алмай 
келеді. Содан болар, жоғары оқу орнында оқулық ретінде қолданылып жүрген «Қазақ әдеби 
тілінің тарихы» атты оқулықтарда дастан туралы жалпылама сипаттама бар болғанымен, 
нақты тілдік деректерге жасалған талдаулар берілмей келеді. Керісінше, әдебиеттік 
қырларын зерттеп-тануда қазақ филологиясы батыл да байыпты зерттеулер жүргізіп, білім 
мен ғылымның ілгерілеуіне аса қажетті материалдар бере алды. Мысалы, профессор 
Н. Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986) атты оқулығы, А. Егеубаевтың 
аударған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны (1986) қазақ әдебиетінің орта 
ғасырдағы арналарын тануға айтарлықтай үлес қосты».
Өнегелі адам мұратын қарастырған кезде әл-Фараби мен Ибн Сина философиялық 
көзқарастарының сабқтастығына тоқталамыз. Қос ғұлама ғылым жолына түсіп халифаттың 
көптеген жерлерінде айтар болсақ Шам, Мысыр, Харран, Иран қалалары – Исфахан, 
Хамадан, Рей мекендерін шарлап, кейбір деректерге сүйенетін болсақ Үндістан шаһарында 
да болып білім нәрімен сусындаған. Әл-Фараби сәл ертерек Саманидтер билігінің шарықтау 
кезеңінде ғұмыр кешсе, Ибн Сина бұл империяның соңғы кезеңдерінде өзінің туындыларын 
жазыпты. Самнадидтер дәуірі өздері өмір сүрген аймақтың мәдени және саяси қайта өрлеуіне 
үлкен мән береді. Бұл дәуірдің іргелі де көлемді туындысы деп бүгінгі шығыстанушылар 
Фирдоусидің «Шахнамэсін» айтып отыр. Саманидтер династиясының құлауына (999 ж) 
қарамастан Орта Азия халықтарының мәдени қайта өрлеуі тоқырап қалмады, керісінше 
алдыға дами береді. Осы тұста айтарымыз Әбу Насрдың ізбасары Ибн Сина 
шығармашылығы шарықтау шегіне жетіп, бүкіл Шығыс Ренессансының негізгі өзегіне 
айналады. Екінші Ұстазды нағыз ұстазым деп, өзін оның шәкіртімін деп мойындаған Ибн 
Синаның да этикалық пайымы өте тереңде жатыр. Бұл ойшылдың бүкіл әлеуметтік ілімі 
философиялық антропология мен этикаға негізделген. Ойшыл өзінің «Психологияға» 
арналған еңбектерінде адамның хайуаннан айырмашылығын былай қарастырады: жануар 
табиғаттың берген сыйлығына қанағаттанады, адамға ол аз, өйткені оған тамақ, киім, үй 
керек; жануар табиғат сыйын пайдаланып жүре береді, адам болса оны еңбектену арқылы 
игереді, ол үшін жер жыртады, қолөнермен айналысады; жануарлар топтасып өмір 
сүргенімен, жалғыздықта да күн кешеді, адамдар жалғыз өмір сүре алмайды, себебі оларға 
қарым-қатынас пен өзара көмек қажет, бұл дегеніңіз тіл мен ақыл-ойдың кеңеюін талап етеді 
[11, 332 б.]. Адамның қызметіне мән бере отырып Ибн Сина адам мен жанауардың 
ұқсастықтарына тағы да мән береді, адам сияқты жануарлар да үй соғады, азық жинайды, 
бірақ жануарлар оны түйсік яғни ырықсыз сезім арқылы істесе, адамдар саналы 
ұйымдастырған түрде әрекет жасайды. Дегенмен ойшыл қоғамдағы адамдардың 
әртүрлілігіне әсіресе екі факторға мінез-құлық пен табиғи-жағрапиялық шарттылықтың 
маңыздылығына ерекше мән береді. Осы екеуін салыстыра отырып ол мінез-құлықтық 
принциптерді бірінші кезекке шығарады. Себебі халықтың мінез-құлық тазалығы 
мәдениеттің гүлденуі мен саяси тұрақтылыққа жетелейді. Соның нәтижесінде өзара көмекке 
ұмтылыс, қайырымсыздықты жоятын көңіл-күй пайда болады. Қоғамның барлық мүшелері 
үнемі пайдалы әрекетпен айналысу керек. Ол қоғамды үшке бөледі: патшалар (билеушілер), 
қолөнершілер және әскери адамдар. Алайда бұл көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, 
ойшыл құл иеленушілік құрылысты қош көрген Аристотель идеяларынан қайда алыста. Ибн 
Сина қоғамды материалды жағдайына байланысты үш қабатқа бөледі: «Егер адамдардың 
барлығы патша мен билеушіге айналса, онда олардың барлығы құрып кетер еді, егер 
адамдардың барлығы бағынушылар мен жұмысшыларға айналып, арасында билеуші болмаса 
ол кезде де барлығы өліп қалар еді, ал егер адамдардың барлығы тең құқықты болып, ешкім 
жұмыс істемейтін болса, онда адамзат бір-біріне деген көмектен қағылып, 
қайырымдылықтан жұрдай болып, адамилықты жоғалтар еді, егер адамзат шетінен барлығы 
кедей, жоқшылықта болса, аштан өлер еді. Бұл дегеніңіз қоғамдағы адамдардың өмірін 


275 
күрделендіріп, қиындата түсер еді» [11, 135 б.]. Бұдан шығаратын қорытынды Ибн Сина 
қоғамдағы таптық бөліністі құптаған. Бірақ әр таптың немесе топтың мүшесі өз міндетін 
жауапкершілікпен атқарып, қоғамдағы дербестігін сақтайтын жағдайдағы ғанибет қоғамды 
насихаттайды. Жалпы мінез-құлықтық кемелдену мен интеллектуальды даму кезінде ойшыл 
сенімді билеушілерге, визирлерге, министрлерге, әскер басыларына артады. Өйткені дәл осы 
топтар тарихты жасайды, адамдардың өмірінде маңызды рөл атқарады, елдер мен 
мемлекеттер арсында келіссөз жүргізеді. Сонымен бірге Ибн Сина қоғамның тарақиятты 
дамуына ықпал етуші кәсіп немесе қолөнер кәсібіне үлкен мән береді. Өйткені бұл сала 
экономикалық даму мен материалды сұранысты қамтамасыз етеді. Қолөнер, сауда, 
экономика, қоғамдағы таптық бөлініс мәселесін қарастырған кезде Ибн Сина Аристотель, 
Платон, әл-Фараби мұраларына иек арта отырып, аллегориялық формадағы өте жақсы 
монархиялық мемлекеттің утопиялық моделін ұсынады. Өзінің атқты шығармаларында 
ойшыл тамаша мемлекет идеясын былайша көрсетеді: қайырымды мемлекетте барлығы өз 
пайдасы үшін жұмыс істейді; барлық материалды жетістіктер қоғам мүшелері үшін тең 
бөлінуі керек; адамдар адал сауда жасап, бір-бірін алдамаса қақтығыстар жойылып соғыс 
болмайды, мемлекет аралық тартыстар бейбітшілік жолмен шешіледі; қайырымды қала 
тұрғындары тәртіптің арқасында табиғи мінез-құлқын шыңдап, ұзақ өмір сүретін болады; 
бұл қала тұрғындарының сұранысы қамтамасыз етілген, сондықтан бір-біріне мейірімді, өмір 
сүйгіш, керемет ән мен музыка тыңдап қартаймай шат-шадыман ғұмыр кешеді» [11, 339-340 
бб.]. Бұл тұрғыда қарайтын болсақ Ибн Сина өзінің мемлекеттік-құқықтық көзқарастары 
жағынан әл-Фарабиге жақын. Ибн Сина тұжырымына жүгінетін болсақ, «артық байлық 
адамды азғындатады, дұрыс жолдан тайдырады» [11, 341 б.]. Бұл тұрғыда Платон мен 
Аристотельден алыс кетіп, өзінің пайымы жағынан ерте христиандық, буддалық әдебиетке 
және түрік-ұйғыр әдебиетінің өкілі Жүсіп Баласағұн идеяларына таяу келіп, жапсарлас 
болып жатады.
Мораль мен бақыт ұғымына қатысты Шығыс халқының, әсіресе әл-Фараби мен Жүсіп 
Баласағұнның ұлан-ғайыр мұрасын ыждағаттылықпен зерттеп, қазіргі таңда қол жеткен 
ғылыми ой-сана деңгейінде қайта қорытып, қайталанбас табиғи болмысымен ашып көрсету 
– жауапты да күрделі мәселелердің бірі. Адам мәселесі мәңгілік, абсолютті, бірақ ол тарих 
доңғалағының әртүрлі сатыларында өзінің жаңа қырларымен, бітім-болмысымен көрініп 
отырады. Осы орайда бүгінгі заманның жаңашыл ізденіс жолдарымен шектесетін өнегелі 
адам мұратындағы бақыт ілімі осылай суреттелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет