Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Әл-Фараби. Музыканың үлкен кітабы // Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 т. –
Астана, 2005. – Т. 3: Әл-Фараби философиясы. – 297-458 бб.
2. Есім Ғ. Заман өткен сайын адамның адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? //
Абай. – 1998. – №2. – 9-14 бб.
3. Ислам философиясы. – Алматы, 1998. – 250 б.
4. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – Алматы, 1998. – 616 б.
5. Әл-Фараби. Философияның дінге қатынасы // Әлемдік философиялық мұра: 20 т. – Алматы:
Жазушы, 2005. – Т. 4: Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. – 47-70 бб.
6. Касымжанов А.Х. Эстетические взгляды аль-Фараби. – Душанбе: Ирфон, 1990. – 144 б.
7. Кенжетай Д.Т. Әбу Насыр әл-Фараби – түркі-ислам ойшылы // Қазақ халқының
философиялық мұрасы: 20 т. – Астана, 2005. – Т. 4: Ислам философиясы. – 119-131 бб.
8. Егеубаев А. Жүсіп Баласағұн. – Алматы: Арда, 2005. – 311 б.
9. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 160 б.
10. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена: в
3-х т., – М., 1960. – Т. 1. – 320 с.
11. Болтаев М.Н. Абу Али Ибн Сина. – Москва: Сампо, 2002. – 398 с.
276
ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ: ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР АРАСЫНДАҒЫ ДАНАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР
САБАҚТАСТЫҒЫ
Оразаев С. Б., гуманитариялық ғылымдар магистрі
Искакова К. Ы., филос.ғ.к., профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие
болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының
есімдерін мақтан тұтады», - деп Ел басы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласында атап көрсеткеніндей [1], қазақ даласының ұлы адамдары шоғыры ішінде алар
орны өте жоғары тұрған Әл Фараби бабамыз және Абай атамыздың есімідері екендігі ешбір
күмән туғызбайды. 2020 жылы ұлы ойшыл, Шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз
Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, данышпан, ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл
толады. 2019 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларын кең ауқымда атап өту туралы тапсырма берді.
Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленді.
2019 жылдың 10 қазанында дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның
отырысы өтті. Үстіміздегі жылы ЮНЕСКО деңгейінде де Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың
175 жылдығы атап өтіледі.
Әл-Фараби өмірбаянының кейбір кездерін еске сала кетсек. Толық аты-жөні: Әбу
Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараб.Ұлы ғалым, ойшыл
философ, математик, физик, ботаник, астроном, лингвист, логика мен музыка теоретигі.
Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара,
кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-
ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде
Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби
Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол
жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып,
сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп
ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география,
математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау
жасады (Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты
басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің
«Китаб Масалик уә мамалик» атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан
өзінің «Уфиат әл-аиан фи әл-Заман» атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы
аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы
сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп
Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің
үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын.
Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы
кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады [2].
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар.
Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері
негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер
жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта «Баит әл-
хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср
Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының
қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің
277
алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды «құдайдың баласы» демей, «пайғамбар» деп таныған
несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан
осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар
өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу
Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-
гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия,
шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география,
космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі
де құнды ғылыми жаңалықтар ашты [3].
Әл-Фарабидің ғылыми мүрасын зерттеушілердің пікірінше, Әл – Фарабидің ғұлама
ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген, ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Сондықтан
Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта
шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды. Фараби
және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылым
мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс. Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі
халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп
келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс
халықтарының тарихын, әдебиет, философия, философиялық шығармаларын, мәдениеті мен
ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды.
Ортағасырлық араб жылнамашысы ибн Әби Усайбианың (1203-1270) «Уйуну-л әнбә
фи табақати-л атиба» («Дәрігер топтары жайлы жаңалықтардың қайнар көзі») атты еңбегінде:
«Әбу Наср әл-Фараби осы кітапты жазуды Бағдадта бастаған еді. Кейін 330 жылдың соңында
оны Шамға алып барады. Кітапты 331 жылы Дамаск қаласында аяқтайды. Тексеріп шығады.
Нұсқаға тағы бір көз жүгірте отырып, оған «әбуәб» қосады. Кейін келе адамдардың сұрауы
бойынша кітаптың мағынасын білдіретін «фусул» және қосады. Бұл бөлімдерді (фусул) ол 337
жылы Мысырда аяқтап, кітабына қосымша енгізеді. Ол алты бөлімнен (фусул) тұрады» деген
дерек бар. Әбу Усайбиа арқылы жеткен бұл хабар Отырар ойшылының атақты «Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактаты мен трактатқа кейін қосылған тараулар
(әбуәб) және бөлімдер (фусул) жайында еді. Араб фарабитанушысы Мұхсин Махди (1924-
2007) Әбу Наср әл-Фарабидің әуелі «Қайырымды қала...» еңбегінің өзін жазғанын, кейін
«абуабын» (тарауларын), сосын «фусулын» (бөлімдерін) жазғанын айта келе, трактаттың
кейбір қолжазба нұсқаларында «абуаб» сөзінің «фусул» болып кездесетінін алға тартады.
«Қайырымды қала...» ғалымның шоқтығы биік шығармаларының қатарына жатады. Ол алғаш
рет 1895 жылы Лейденде («Бирбил» баспасы) басылып шықты. Бұл нұсқаны баспаға әзірлеген
арабтанушы ғалым Фридрих Дитрици (Fridrich Dieterici) (1821-1903) екені ғылымда белгілі
жәйт. Ғалым бұл кітапты Британия музейінде сақтаулы тұрған 425/3 нөмерлі (жаңа каталог
бойынша – № 7518) қолжазба мен Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорындағы
№120/3 нұсқа негізінде баспаға дайындаған. Кітап 1900 жылы неміс тіліне Ф.Дитрици
тарапынан аударылып, «Der Musterstaat von Al-Farabi» деген атпен оқырман назарына
ұсынылады. Еуропа әдебиеті «Қайырымды қала...» трактатымен британдық сарапшы Ричард
Рудольф Вальцердің (Richard Rudolf Walzer) (1900-1975) «Principles of the wievs of the Citizens
of the best State» (1985) ағылшын тіліне аудармасы арқылы да таныс болды. Әбу Наср әл-
Фарабидің отыз жеті бөлімнен тұратын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»
трактаты ғылымда біршама зерттеліп, жиі басылым көрген туындысы. Әр жылдары жарық
көрген бұл туындыны жиі зерттеп, жиі жариялаған араб елдерінің басында Сирия, Египет және
Ливан тұр. «Қайырымды қала...» Ф.Дитрици нұсқасы негізінде (1895) Мысырда 1906 жылы
алғаш рет жарияланды. Бұдан кейін еңбектің Батыс пен Шығыс елдерінде жарық көрген түрлі
басылымдары ескеріле отырып, трактаттың араб тіліндегі қолжазба мәтіні терең өңдеуден
өткен соң 1949 жылы Каирде француз тілінде жарияланды. Еңбекті аударған мысырлық ғалым
Юсуф Карам («Idees des Habitans de la Cite Vertueuse», Каир, «Шығыс мұралары француз
институты» баспасы). «Қайырымды қала...» трактатының Ливанда шыққан басылымы
278
(Бейрут, «Дар-ул машриқ», 1985) Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Америка елдері қолжазба
қорларының ешбірінде ұшыраспаған фото көшірмесін қоса жариялайды. Трактаттың құнды
фото-нұсқасын баспаға табыстаған Каир қаласындағы Араб елдері университеті жанынан
құрылған Қолжазбалар институтының директоры Салах ад-Дин әл-Мунжәд еді. Түркия
қолжазба қорлары мен мұрағаттарында Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қала
тұрғындары көзқарастары» еңбегінің әртүрлі нұсқалары түрлі көлемде сақтаулы екендігі
ғылымда жиі айтылып жүр. Түрік ғалымдары Нафиз Данишман (Nafiz Danişman) «El Farabi:
El-Medinetü-l Fazila» (Istanbul «Maariv Basimevi», 1956) Ахмад Арслан (Ahmet Arslan) «Ideal
Devlet (veya Yönetim) in Yurttaşlarinin Ana Özellikleri» (Ankara, 1990), Яшар Айдынлы (Yaşar
Aydınlı) «Erdemli Şehir Halkının Görüşlerinin İlkeleri» (Ankara, 2018) деген атаулармен әр
жылдары жариялады.
Қазақстанда Фараби еңбектерін ең алғаш рет жинау, зерттеу , таныстыру жұмысын өз
тарапынан мойнына алып, көп пайдалы іс атқарған адам – Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясының коореспондент – мүшесі, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов. Оның
Фараби өмірі тарихи орны туралы мақалалары газет, журналдарда жарияланды, жинақтарда
шықты . Фарабидің ғылыми мұралары жөнінде ол әлденеше рет республика, бұрыңғы одақтық
көлемде, халықаралық конгрестерде баяндама жасады. Фараби еңбегін алғаш рет қазақ тіліне
аударғаны да мәлім. Фарабидің жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан
еңбектерін іздестіріп тауып, бірталайының көшірмесін алдырғанда профессор А. Машанов [2],
ал 1968 жылы араб елдеріне саяхат жасап, араб ғалымдарымен кездесіп, Фарабидің Шам /
Дамаск / шаһарындағы зиратын іздеп тауып, суретін түсіріп әкелді [4]. 1962 жылдың басында,
яғни «Білім және еңбек» журналының бірінші нөмірінде ғалым Ақжан Машанидің Әбу Насыр
туралы алғашқы мақаласы басылды. Мақаласы емес, Әбу Насырдың «Ғылым үйрену туралы»
деген еңбегі тұңғыш рет қазақшаға аударылып, қалың қазаққа жария болды. Ал Ақжан ағамыз
мақалаға алғысөз жазып, Әбу Насыр біздің бабамыз екенін, көне Отырар қаласы маңында
дүние есігін ашқанын, содан ғылым қуып алыс сапарға аттанғанын дәлелдеп көрсеткен. Арты
талас-тартыс, жоққа шығаруға ұмтылыс, кері мақалалар – қысқасы, бұл қазақ өзінің атышулы
бабасын да тосырқап қарсы алғанын зерттеушілер осы кезде қайтадан айта бастады [9].
Қазақстан ғылымындағы фарабитанудың алғашқы кезеңі Қазақ КСР Ғылымдар
академиясы КСРО Ғылымдар академиясының құрамында болған ХХ ғасырдың 60-
жылдарынан бастау алады. Сол жылдары Алматыда Қазақ ҒА Философия және құқық
институты жанынан «Фарабитану» орталығы ашылып, ғалымның дүниенің төрткүл
бұрышына шашырап кеткен мұралары жинақтала бастады. Осындай игі бастаманың
нәтижесінде ғалымның өзге де трактаттарымен бірге «Қайырымды қала...» еңбегі де елге
оралады. Ең әуелі С.Н.Григориянның «Из истории философии Средней Азии и Ирана ҮІІ-ХІІ
вв» (Москва, 1960) атты кітабына енген Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қала...»
трактатын араб тілінен орыс тіліне белгілі философ А.В.Сагадеев аударды. Кейін бұл аударма
«Абу Наср Аль-Фараби. Добродетельный город. Философские трактаты» (Алматы,
«Международный клуб Абая», 2014) жинағына да еш өзгеріссіз енеді. Бұдан соң «Әл-Фараби:
философиялық трактаттары» (Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым баспасы», 1973) деген атпен
жарияланған жинаққа қазақ тіліне аударылып енген «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары» Ф.Дитрици бастырып шығарған (1895) араб тіліндегі мәтін мен А.В.Сагадеев
аудармасы (1960) негізінде дайындалады. [4]. Қазақ елі тәуелсіздігін алған кезеңнен бергі
жылдарда жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды шаралардың бірі «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясымен
Әбу Наср әл-Фараби мұраларының көптомдықтары әзірленді. Мұнда «Қайырымды қала...»
еңбегіне де орын берілген [5]. Томдықты құрастырушылар трактаттың қазақ тіліне
аудармасын 1968 жылы Бейрут қаласында «Дарул-Машриқ» баспасынан жарық көрген Албир
Насри Надир дайындаған «Китәб әрә’и әхли-л мәдинәти-л фадила» еңбегін негізге алғанын
айтады. Қазіргі таңда бұл аударма Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары» трактатының қазақ тіліндегі ең соңғы аудармасы болып саналады [5].
279
Зерттеушілердің айтуынша, ұлы ойшылдың әлем мен адамзатты түсінуге, әлемдегі адамның
орнын анықтауға және дүние мен қоғамның толық интеллектуалды бейнесіне қол жеткізуге
деген құштарлығы зор болды. Ғалымдардың пайымдауынша, әл-Фарабидің жүз алпыстай
трактаттары бар [8].
Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен
Сағдидық: «…философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен
таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың
республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), – деп айтылған пікірі Абайдың
Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр
татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі
жаққа үңілдім..,» – деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай
шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің
түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз
сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет [6,
192].
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе
«жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып,
бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін
танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны
өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.
Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында
арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен
қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты»,
«жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан
қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» – деп, айрықша
ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі
ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде
тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби
қолданған философиялық терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма
жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе
қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен
«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек…», «Көзінен басқа ойы жоқ…», «Малға достың мұңы жоқ
малдан басқа…», «Алла деген сөз жеңіл…», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас…
«өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы
ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр [4].
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде
адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны»,
«адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім
мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай
көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға бұлай қарау мешаиын
(перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой
қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің
ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның
үстемдігі бірінші емес» [5, 289], – деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен
үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген
тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір
екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке
шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар
мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға
негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық
ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә
280
уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным
шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең
кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы
Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі.
Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың
кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның
адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің
шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының
негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири
деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта
болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері – хауаси хамса жайлы филос.
ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сөз жеңіл»
өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда
алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды
(адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі
жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан
дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса,
Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби
дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір
шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның
санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен
сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз
тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» [6, 192] деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан
қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып
білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы
Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз
етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері
бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу
қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан
қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды
танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес
келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән
бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас
сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін
таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін
адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші,
Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады.
Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «… өрістетіп, өрісімізді
ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп,
оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде
хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «…
Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге
де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін – үшеуін де тегіс ойлап
тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ»
деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің
түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп
таныған [7] .
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан
түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты.
Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл
ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби
281
сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр,
Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» – деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде
терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын
шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы
растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты
түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып
сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе
ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның
Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ.
Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде
нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «… дүниеде есепсіз
ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар…», – деп, ғылым салаларының
молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым
салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір
қозғағанда:«… адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты
үйреткендігі…» – деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз
сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің
ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің
философиялық тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама
түрдегі атаумен қарастырады. Мұның өзі Әл-Фараби ғұламаysң Абай данамен рухани
тұтастығын танытады деп санаймыз.
Жоғарыда айтылғандар Абай әл-Фарабиді білді, яғни баба мұрасымен таныс болды
деген сенімді кұшейтеді. Абай поэзиясының философиялық астарында Әл-Фараби бабасын
ұрпағына қауыштыру жолында атқарған қызметі жатыр деп айта аламыз.Сондықтан, сөздің
тоқ етер түйіні, әлем таныған Әбу Насыр бабаны өз биігінде қадір ьұтып, данышпан дана
Абайды үнемі еске алып, барынша құрмет көрсету, бүгінгі жас ұрпаққа мейлінше мол
қырынан танытуға құштарлық байқату – баршамызға перзенттік міндет!
Достарыңызбен бөлісу: |