Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет138/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157
Әбжанов Х. М., т.ғ.д., профессор 
ҚазҰАУ«Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі 
Елбасымыздың қаламынан туған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ниеті дұрыс 
әрбір қазақстандықты мақтаныш сезіміне бөледі, ел мен жердің өткені, тағдыры, келешегі 
жайлы қалың ойға жетеледі. Мұндағы: «біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің 
ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге 
сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», 
деген жолдар қоғамтанушы ғалымдарға аса жауапты міндет жүктегені акиқат [1]. 
Мақаланың атауынан-ақ ойға оралатын бірінші сұрақ Ұлы дала дегеніміз не? Оның 
адамға, қоғамға, тарихқа ықпалы қандай?
Даланы әркім – орыс, қытай, араб, т.б. – өзінше түсінеді. Қазақ үшін дала – ұшы-қиыры 
жоқ әрі жер бедерін көрсетпей тастайтын табиғи кедергіден ада, Абай сөзімен айтсақ, 
«айналасы теп-тегіс, жұмыр» кеңістік. Даласыз мемлекет болмаса керек. Аумағының дені 
(90%) таулы болып келетін Ауғанстанда да, Арменияда да дала бар. Бірақ Еуразия құрлығында 
даланың ең әсерлісі, үлкені бізде, Қазақстанда. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ сақтардың 
ұлан-ғайыр жері болғанын тарихтың атасы Геродот та жазып кеткен [2]. Ана шетінен мына 
шетіне дейін, қиналмай демейік, бөгесінсіз жүріп өтесіз. Сарыарқаны Жетісудан, Алтайды 
Атыраудан бөліп жатқан асу бермес тау, өткел бермес су, ит тұмсығы батпайтын ну орман, 
аяғыңызды тұңғиыққа тартқан батпақ алдыңыздан шықпайды. Қиырдан қиырға дейін 
құшағын жая адам шақырып тұрған ашық кеңістік. Даланың бұл да бір ұлы қыры. Осы 


309 
тұрғыдан келгенде Қазақстанмен қатар тұруға Моңғолия ғана таласа алар. Алайда оның жер 
көлемі әлдеқайда аз ғой. 
Тұтастық әрі өмір сүруге жайлылық мамыражай көсілген даламызға тән. Алғашқы
еңбек бөлінісінен кейінгі дәуірде мұнда мал шаруашылығы мен жер шаруашылығына қатысты 
барлық алғышарттар қалыптасқандықтан адамдардың құтты мекеніне айналды. Соған сай 
қала мәдениеті өркендеді. Ежелгі және ортағасырлық жазба деректерде Ұлы даланың 
бақуатты өмірі туралы аз айтылмаған. Рухани әлемі жалпыадамзаттық биікке көтерілгенін 
бабаларымыз қалыптастырған аң стилінен анық көрінеді. Есте жоқ ескі замандардан-ақ Батыс 
пен Шығысты жалғап жатқандықтан түрлі мәдениеттер мен өркениеттерді тоғыстырды. Жыл 
мезгілдеріне – жазға, қысқа, көктем-күзге – рет-ретімен ауысатын табиғаты да мінезге бай. 
Жердің сегіз қырлы, бір сырлы қасиеті тап осы топырақтан жаратылып, табан аудармастан 40 
ғасырдан бері этникалық болмысын шыңдап келе жатқан байырғы тұрғындары – қазақтың 
бойына, тарихына молынан дарыған. Каспий мен Балқаштың жағасында, Алатау мен 
Алтайдың баурайында, Қазығұрттың басында, Кенесарының Бурабайында мінезі сан алуан 
адамдарды – батыры мен ақыны көп албанды, жау түсіруге әзір адырайған адайды, әр сөзіне 
қарауыл қойып сөйлейтін арғынды, бетпе-бет келсе аюмен алысатын найманды, Шыңғыс 
ханды жиені санайтын қоңыратты, колбасшысы Мұқалимен қайта табысқан жалайырды 
кездестіресіз. Атасы бөлек қожалар мен төрелер қазақ болып кеткені қашан! Осының бәрі 
алғашқыда түркіше, XV ғасырдан беріде бір тілде – қазақша сөйлеуде. Мұндай көпқырлы 
бірегейлік әр этностың маңдайына жазыла бермеген. Жер көлемі Қазақстаннан бес есе үлкен 
Қытай халқы жеті тілде сөйлейді екен. Алақандай Қавказ анау: қырдың бергі жағындағылар 
арғы ауылдағыларды түсінбейді. Тілдік тұтастық қазақтың шешен әрі бай тілде сөйлеуін 
қамтамасыз еткеніне қоса дәуірлер мен уақытты жалғап жатыр. Қазақ VIII ғасырдың тұлғасы 
Күлтегінді, бүгінгі түркілік халықтарды қиналмастан түсіне береді. Даланың құдіретті 
ұлылығын осыдан да байқаған абзал. 
Бұл Даланың басынан қандай тағдыр өтпеген. Империя биігіне көтерілді, империялар 
қоластындағы отар өлкеге де айналды. Соның бәрі сайын даланың төсіндегілер тағдырымен 
бірге өрілгендіктен табиғат пен тарихтың көзге көріне бермейтін ішкі байланысы ретінде 
ұлттық тарихнамамыздан лайықты орнын табуы керек. Қай дәуірде болмасын артық туған ұл-
қыздары адамзат өркениетіне материалдық, рухани, имани, интеллектуалды олжа салды. 
Бөтеннің зорлық-зомбылығымен қынадай қырылып жоғалуға шақ қалғаны да рас. Бірақ Ұлы 
даланың ашықтығы, тұтастығы адамдарының бойында құрыштай бекем мәдени-генетикалық 
кодпен, салт-дәстүрмен, әлеуметтік қатынастармен көмкерілгендіктен тағдырдың тезінен 
аман-сау қалыппыз. «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл 
соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер 
аз болмады. Мұны ұмытуға қақымыз жоқ» [1]. Алыс-жақын елдер де білуі керек. Ақиқатын 
айтсақ, әрісі отарлық, берісі кеңестік Қазақстанның қуанышы мен қасіретінен басқалар 
хабардар бола бермеді. Білмегендіктен ақиқатқа қиянат жасаумен Борат туралы кино 
түсірушілер табылды. Енді ғана ақиқат алдындағы ғасырлар қарызын қайтарудамыз. Тарихқа 
көзқарасымыз саяси, теориялық, методологиялық жағынан түбегейлі жаңғыруда. 
Тәуелсіздікпен қайта өрлеп, Мәңгілік Ел орнатуға бет алған жайымыз бар. Даланың 
ұлылығына айғақ-дәлел осындай-ақ болар. 
Ұлы даланың қасиеті мен киесі арқасында халқымыз жаһандық деңгейдегі екі апаттан 
аман қалды, жоғалып кетпеді. Оның бірі – миллиондаған қазақтың өмірін жалмаған 
ашаршылықтар мен экологиялық дағдарыстар. Ашаршылық жерді сан ғасырлық иесінен 
тартып алумен, яғни иесіз қалдырумен, жердің сәні, этножүйесінің драйвері, берекесі төрт 
түлік малды аяусыз қырумен келді. Халық құрамындағы қазақтың үлесі 29%-ға дейін 
құлдырады. Демографиялық қысымнан жұтылып кетуі керек еді. Жетімсіреген жер, құлазыған 
ен жайлау үнсіз қала алмады. Көреген бабаларымыз жердің қамқоршыл қасиетін XIV ғасыр 
бұрын Күлтегін тасына қашап жазуы бекер емес:
Көкте түркі тәңірісі, 


310 
Түкінің қасиетті жері-суы, 
Былай депті: 
«Түркі халқы жоқ болмасын»,-дейін 
Халық болсын,-дейін [3]. 
Сталиндік-голощекиндік геноцидтен кейін де қазақты бауырына басты, қалаға 
жосылтпады. Өйткені қаладағы басым көпшіліктің тілі мен діні ғана емес, жер туралы 
түсініктері де қазақтікімен жанаспайтын. Олар жерді сакралды нысанға жатқызбады, табыс 
көзі, құрылыс алаңы, уақытша тұтынатын зат деп қабылдады. Мұндай психология қазаққа 
мүлде жат еді. Жердің тағдырына жеңіл-желпі қарау қасірет шақыратынын XX ғасыр әбден 
дәлелдеді. Ол тұрақтылыққа, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін жерді сатуға наразылық 
білдірген 2016 жылғы оқиғалар, 2017 жылғы Конституциялық реформа және көрсетті.
Аралдың тартылуы, топырақтың, судың, ауаның бұзылуы, ядролық жарылыстармен, 
жойдасыз тың игерумен Ұлы даланың асты-үстін талқандау, яғни Жер-ананы қорлау 
тоталитаризмнің барша адамзатқа қарсы жасаған қылмысы. Айналып келгенде, асқанға 
тосқан, зауал бар екен. Ұлы даланың обалын мойынына артқан большевиктік кеңестік билік 
қылмыскер ретінде тарихтың қоқыр-соқырынан орын тепті. Осының бәрі ұлттық 
тарихнаманың методологиялық қағидатына айналғанда өткенді дәлме-дәл танимыз, тарих 
тағылымының миссиясы мен қызметі тәуелсіздік кадесіне жарайды. 
Жаһандық апаттың екіншісі - қуғын-сүргін де тоталитаризмнің саясаты мен
теориясынан туындады. Батыр бабаларымыз күндіз отырмастан, түнде ұйықтамастан қорғаған 
жер мемлекеттік меншік саналғанымен шекарадан әленеше мың шақырымда жатқан Кремлдің 
ашса алақанында, жұмса жұдырығында қалды. Ономастикасы шұбарланды, миллиондаған 
басқа халықтар зорлықпен осында көшірілгендіктен демографиялық дамуымыз ғана бұзылған 
жоқ, ұлттық кодымыз әлсіреді, әсіресе ең ұлы байлық - тіліміз мүшкіл халге түсті. Жерді 
жатсындыру оның тарихтағы орнын методологиялық, деректік, теориялық тұрғыдан бағалау 
мүмкіншілігін тарылтты. Демек, санаға, ұрпақтар сабақтастығына қатер төнді. Үздіксіз қуғын-
сүргін ұлттың мәйегі – зиялыларды дүниетанымдық, сандық және сапалық дағдарысқа 
ұрындырды. Егер бірінші апаттың қасіреті XX ғасырдың ортасынан асқынса, екінші апат 
қазақтар үшін Ресейге бодандықты қабылдағаннан 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін 
созылды. 
Сыртқы дүлей күш әкелген осыншама зұлматты, әділетсіздікті қара жер мен оның 
топырағынан жаралған қазақ халқы ғана көтерді. Өйткені адамзатқа жылқы мәдениетін, алма 
мен қызғалдақты, көне металлургия мен сына жазуды, мал шаруашылығындағы қалдықсыз 
технологияларды сыйлаған, ең бастысы, барша адамзатты бауырындай сүйген, таспен атқанды 
аспен атуды құптаған Ұлы далада басқаша болуы мүмкін емес. Жасампаз менталитет мезеттік 
саяси-идеологиялық адасудан, жымысқы отарлау практикасынан үстем түсті. «Орнында бар 
оңалар» деген ғой. Тәуелсіздігіміз жер-ананың құрсағынан, Ұлы даланың бауырынан өрбіген 
бақыт, он сегіз мың ғаламның иесі түпжаратушының бізге тартқан сыйы, тәңірінің «қазағым 
жоғалмасын,Мәңгілік Ел болсын» деген тілегі. Аққан қанның, төккен тердің өтеуі. 
Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Барша тарихымыз оптимизммен, 
гуманизммен, сеніммен көмкерілген. Ол дүниетанымдық, пәлсапалық, педагогикалық, әдеби-
көркем ұстанымдарымызда да тұр. Қазақ оптимизмінің негізінде жақсылықтан, ілгерілеуден 
үмітті үзбеу жатыр. Мақсатты да нысаналы іс-әрекетті бәрінен жоғары қояды, үмітсіздерді 
шайтанға теңейді. Ұлы дала әзіл-қалжыңның отаны іспетті. Мұнда ойын арзан, күлкі қымбат. 
Туғаннан жер қойнына кіргенше жан баласы өлеңнен ажырамайды. Нәтижесінде тарих та 
оптимизммен суғарылған. 
Қазақ – гуманист халық. Кісі ақысын жемеуді, обал-сауапты ұмытпауды, екі дүниенің 
сынағынан адал жандар ғана өте алатынын баланың құлағына жастай сіңіреді. Ауыз 
әдебиетіміз бен музыкалық фольклорымыз тұнып тұрған ізгілік, қайырылымдылық, қанағат, 
ынсап, бейбіт өмір идеясы. Гуманизмның құқықтық асқар шыңы – Тәуке ханның «Жеті 


311 
жарғысы» шегінде өлім жазасын құн төлеумен алмастырғаны. Билікті асыра қолданған ханға 
да қырын қарағаны саяси мәдениеттің кемелдігін, Ұлы даланың гуманизмін айшықтайды.
Оптимизм мен гуманизмнің қайнар көзі – сенім. Дәстүрлі қоғамдағы қазақ табиғатпен 
біте қайнасып кеткен халық болғандықтан жыл мезгілдері сөзсіз ауысатынына қалай сенсе, 
үлкендердің, ел ағаларының, қадірлі адамдардың айтқанына солай сенді. Әрине, сақтықта 
қорлық жоқ екенін білді. Дегенмен, түсі игіден түңілмей, тілінен бал тамызғандарға сеніммен 
қарағандары рас. Табиғаты таза даланың, ақыл-ойы, жан дүниесі таза жандары сеніммен өмір 
сүрді, еңбек етті, ұрпақ тәрбиеледі. Сана мен өмір салтында дархан далаға, оның фаунасы мен 
флорасына ұжымдық жауапкершілік басымдыққа ие болғандықтан адам мен табиғаттың, 
адамдардың арасындағы қарым-қатынас сілкіністен, антагонизмнен бұрын тұрақтылықты, 
толеранттылықты талап етті. Бірдің кесірі мыңға тиетін ортада бас-басына би болу, 
санғасырлық дәстүрді, дәстүрге негізделген заңды – «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім 
ханның ескі жолын», «Жеті жарғыны» бұзу ауыр қылмыс саналды. 
Гуманизм, оптимизм, сенім пәрменді таным методологиясымен ұштасқанда төл 
тарихымызда орын алған әттеген-айлар мен жұлдызды сәттердің шынайы баянын айта аламыз. 
Мәселен, М.Шоқай Түркістан мұхтарияты тарихын қозғағанда 1917 жылы орыс 
демократиясына тым сеніп қалғанын өкінішпен жазған еді.
Ұлы дала мен тұрғындарының ажырағысыз тұтастығы қоғамның бірлігі мен 
бірегейлігін қалыптастырумен қатар игі шарапатын жаһанға тигізді. Оны адамзат баласы жер 
жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келе жатқанын мақтанышпен ауызға алған 
Ұлт көшбасшысы жеті құбылысқа ерекше тоқталды. Бұлар ғайыптан пайда бола қалған жоқ. 
Құдіретін тануға әлемдік ғылыми ақыл-ойдың алыптары жегілді. Дат ғалымы В.Томсонның 
Күлтегін жазуын алғаш оқығанына 130 жылға жуық уақыт өтіпті. «Аң стилі» термині Ресей 
ғылымында XX ғасыр басында орнықты. Түркілердің атты әскері, қазақ жеріндегі көне 
металлургия, алма мен қызғалдақ әлемдік тарихнамадан ғасырлар бойы түспей келеді. 
Әрине, бұдан Ұлы даланын жеті қыры ғана бар деген пайым-тұжырым тумауы керек. 
Ол 37 немесе 77 де болуы мүмкін. Хронологиясы туралы да осыны айтуға болады. 
Археологиялық қазба жұмыстары алғашқы адамдар мұнда 1 млн жыл бұрын өмір сүргенін 
дәлелдеп отыр [4]. Осының өзі оның айшықты қыры. Кейбір құрлықтар мен мемлекеттерде 
адамның пайда болғанына 100 мың жыл өткен жоқ. Ұлы даланың жартастағы суреттері, қола 
дәуірінен белгілі домбырамыз, киіз үйіміз оның қайталанбас интеллектуалды қырының 
нышаны болып табылатынын сырттағы білімпаз мамандар толық мойындады. 
Елбасы ұлықтаған қырлардың мерзімдік шегі неолиттен басталып орта ғасырлармен 
аяқталады. Мәселен, Қазақстан аумағында қола дәуірге дейін-ақ жылқы малы қолға үйретілсе 
Ұлы Жібек жолы XIV ғасырға дейін жұмыс істеп тұрды. Содан кейінгі 6-7 ғасыр аясында Ұлы 
дала жаһандық әлденеше ілгерілеу мен өзгерістің бесігі болғаны сөзсіз. XV ғасырда Француз, 
Испан, Ағылшын халықтарымен бір мезгілде ұлттық мемлекетіміз – Қазақ хандығын 
құрғанымыз төл тарихымыздағы жұлдызды сәт. 
Демек, Ұлы даланың қырларын анықтағанда «пәлен саннан, түген ғасырдан аспасын» 
деген методологиялық шектеу қойылуы мүмкін емес. Ол адам адам болғаннан бергі тарих пен 
жердің өзара ықпалдастығын, байланысын жоққа шығарады. Бұдан да маңыздысы, Елбасының 
мақаласы, біріншіден, ғылыми ізденістің іргелі бағыт-бағдарын көрсетіп, шығармашылық 
еркіндікті кәдеге жаратудың тамаша үлгісін паш етті, екіншіден, ұлт тарихын танудың кілті 
ұлттық методологияда екенін қысқа да нұсқа дәйектеді, үшіншіден, тарихты зерттеу 
методологиясында жер мәселесін негізгі тіректердің бірі ретінде бағалады.
Қысқасы, отандық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар алдына қыруар міндет қойылды. 
«Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-
ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінін және болашағының 
негіздеріне тікелей қатысты» [1]. Міндет үдесінен шығу үшін алты ірі жоба жүзеге асырылады: 
1. Архив – 2025. 2.Ұлы даланың ұлы есімдері. 3. Түркі әлемінің генезисі. 4.Ұлы даланың ежелгі 


312 
өнер және технологиялар музейі. 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы. 6. 
Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі. 
Бірден айтайық, бәрі өзекті, бәрі керекті жобалар. Бұл миссияны атқару барысында 
тарих ғылымы асыра сілтеусіз, әсіре бояусыз, әр затты өз атымен атағанда өткеніміздің бары 
мен жоғы, тапқаны мен жоғалтқаны түгенделмек. Тарихи ақиқатты табудың алғышарттары 
көп. Солардың ішінде зерттеудің методологиясын қапысыз түзудің маңызы ерекше. Бұл 
орайда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының 
берері, әкелген серпіні мен ұсыныстары көңілден шығуда. Қазақстанның революциялық емес, 
эволюциялық дамуы жайын қозғағанда Елбасымыздың былай дегені бар: «әрбір жұрт 
тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің 
көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті 
пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ» [5]. 
Менің ойымша, ғалымдар төл тарихымызды зерттеудің методологиясын түзгенде 
бөтеннің моделіне, Батыстың ойшылдарына жөн-жосықсыз жүгінудің реті жоқ. Білейік, сөйте 
тұра түркі әлемінің ғұламаларына назар аударайық. Бізге А.Тойынбиден гөрі әл-Фараби, 
М.Қашқари, Төле би, Ататүрік қымбат емес пе. Бұл – бір. Екіншіден, ірі оқиғаларды, 
экономикалық, саяси жүйелердің ауысуын, халықаралық байланыстарды, әскери-соғыс 
факторын әспеттей бермей, басты ұстаным ретінде Ұлы даламызды, яғни жерді тарихтың 
базисі, субстраты, ірге тасы мәртебесімен кемел де кешенді дәйектей алуы міндетті. Жерді 
бәрінен жоғары қойып отырғанымыз кездейсоқтық емес. Түптеп келгенде, жер адамнан бұрын 
пайда болған. Адамның өмір салты, кәсібі, табиғатты тануы, азық-түлігі, барша болмыс-бітімі 
жерге тәуелділігімен қалыптасты.
Жердің заңын – күнді айналуын, жыл мезгілдерінің ауысуын, басқа планеталарға алыс-
жақын орналасуын адам қылаудай өзгерте алмайды. Тіпті жер бетіндегі өзен-көлдердің ағу 
бағытын бұру, топырақтың құрамын өзгерту, ол түгілі жеті қабат жер астына әсер ету ауыр 
зардап әкелетінін мойындауымыз керек. Жер ешқашан адамға табынған емес, жер бар болса, 
адам да бар. 
Жер – тарихтың материалдық тірегі. Хронологиялық тұрғыдан алғашқы адам пайда 
болғаннан сына жазуы шыққанға дейінгі дәуір ұлттық тарихымыздың 99%-ын қамтып жатса, 
соның шежіресін археология ғылымы тарқатады. Демек материалдық тірек болғандықтан 
ақпараттық қазынаны бауырына басуда. Жерден бір клеткалы амеба мен туфелкадан тартып 
ең дамыған тіршілік иесі адамға дейін жаралған, нәр алған, әлі алуда. Жерге мәңгі қарыздар 
екенімізді Күлтегін тасы да еске салады: 
Жоғарыда көк тәңірі, 
Төменде қара жер жаралғанда, 
Екеуінің арасында адам баласы, 
Адам баласын басқаруға ата-бабам 
Жаралды [3]. 
Өз кезегінде қазақтың жерге деген шексіз сүйіспеншілігін айна-қатесіз екі құбылыстан 
- онымен тірі адаммен коштасқандай қоштасқанынан және әр ғасырдағы демографиялық 
үдерістен байқауға болады. Қоштасыдың түрлі нұсқасын белгілі түрколог В.Радлов, Алаш 
қайраткерлері А.Байтұрсынов, Т.Шонанов әр өңірден жазып алған екен [6]. Ал демографиялық 
көрсеткішке келсек, жер жау қолына түскенде ғана қазақ сыртқа кетті. Қазақтан басқалар 
материалдық-тұрмыстық себептерге басымдық берді. Тарихтың адам жаралғаннан кейінгі 
екінші тірегі – тіл мен сөз. Адамның ақыл-ойы, қабілет-қарымы тілмен, сөзбен сыртқа шықты, 
тарихының интеллектуалды негізі әрі шежіресі рөлін атқарды. Адамдар қауымдастығы белгілі 
бір даму белесіне аяқ басқан сәттен тарихи үдерістің үшінші тірегі, саяси тірегі, мемлекет 
пайда болды. Бұлар жайлы байтақ зерттеу қажет. 
Ұлттық тарихқа қатысты қоғамдық сананы жаңғыртуда болжамды межеге тез арада, 
жылдам жетуге тырысу әрқашан өзін ақтай бермейді. Жеті рет өлшеп-пішіп, бір кескен ұтады. 
Асықпайық дегенге бөгеліп те қалмайық. Тарихи сананы жаңғырту жалпыға бірдей міндетті 


313 
тарихи білім беру науқаны емес. Ұлттық методологияны түзудің нәтижесінде, біріншіден, 
отарлық және тоталитарлық дәуірлерден қордаланып қалған біліми, ғылыми, мәдени 
қарыздарды, құндылықтарды, өскелең аманатты иесіне – халыққа саф алтындай таза күйінде 
қайтару, екіншіден, ғасырлар мұрасының жасампаз әлеуетін тәуелсіздік мүддесіне әлемдік 
деңгейде кәдеге жарата білу, табыс көзіне айналдыру, үшіншіден, әрбір қазақстандықтың 
қасиетті де киелі ортақ іске жұмылуына септесу атқарылады. Елбасымыз айтқандай, «өткенін 
мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің 
табысты болуының кепілі дегеніміз осы» [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет