Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Список использованной литературы и источников



Pdf көрінісі
бет146/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157
Байланысты:
thesis147359

Список использованной литературы и источников: 
 
1. Ковальская С.И. Историография истории Казахстана. Учебное пособие. – Астана, 2016. – 194 
с.-С.60 
2. Suchandana Chatterjee The Steppe in History-Essays on a Eurasian Fringe. - New Delhi: Manohar 
Publishers, 2010.-177р.; Suchandana Chatterjee, Anita Sengupta & Susmita Bhattacharya, ed. Asiatic Russia: 
partnerships and communities in Eurasia. -New Delhi: Shipra, 2009; Communities, Institutions and Transition 
in Post-1991 Eurasia. Ed. S. Chatterjee, A.Sengupta. New Delhi: Shipra, 2011; Eurasia twenty years after Ed. 
S. Chatterjee, A.Sengupta, S.Bhattacharya. New Delhi: Shipra, 2012; Surendra Gopal ed. India and Central 
Asia: Cultural, Economic and Political Links.- New Delhi: Shipra, 2001; Ajay Patnaik Nations, Minorities and 
States in Central Asia.- New Delhi: Anamika, 2003; Eds. K. Warikoo & Mahavir Singh Central Asia Since 
Independence.- New Delhi: Shipra, 2005; Surendra Gopal Dialogue and Understanding – Central Asia and 
India: The Soviet and The Post-Soviet Era.- New Delhi: Shipra, 2005. 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ ТАРИХЫНЫҢ 
КЕЙБІР БЕТТЕРІ 
 
Мажитова М. А., магистрант 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мәдениетіміздің дамуында жаңа кезең 
басталды. Еліміздің тарихын тереңінен зерттеуге жол ашылды. 2000 жылдың Елбасының 
Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жариялануы еліміздің әлеуметтк-мәдени 
өміріндегі мәні зор оқиғалардың бірі болып тарихқа енді. Республикада, жергілікті жерлерде 
мәдениетті қолдау бағытында игілікті істер атқарылды. Әсіресе, келешектегі ел тұтқасы –
жастардың санасын дамыту үшін олардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын 
қастерлеуге, ең бастысы отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани –мәдени 
құндылықтарын сіңіру басты қажеттілікке айналды. Қызылорда қаласындағы мәдени 
мекемелердің даму тарихын зерттеуде облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тарихының да 
танымдық-тәрбиелік маңызы зор. 
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі 1939 жылдың 7 ақпанында құрылды.Өз 
жұмысын өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеуден бастаған бұл музей Перовск Қазан-
Богородтық шіркеуде бастады. Кейін 1985 жылдың 7 мамырында музейге екі қабатты ғимарат 
бөлініп, 1985 жылы өз жұмысын жалғастырды.Музейге арнайылап бөлінген бұл ғимарат 
қалада архитектурасы жағынан әсем ескерткіштердің бірі болды. Қызылорда облыстық 
тарихи-өлкетану музейі ежелгі Сыр тарихының кешегісі мен бүгінгісін бұлжытпай баяндап 
беретін бірден-бір ғылыми мекеме.Қазіргі таңда музей астында «Ақмешіт» музейі және 
«Көркемсурет» галереясы жұмыс істеуде.Ұлттық тарихымызға қайта көз салу, сол өтпелі 
тарихтан қандай сабақ алуға болатынын көпшілік жұртшылыққа таныту.Тарихымызды 
дамытуға зор үлес қосатын мәселелердің бірі – мұражай ісінің дамуы.Яғни мұражай – бізді 
қоршаған табиғатпен адамзаттың дамуы туралы алғашқы деректемесі, әлеуметтік және рухани 
мәдениетін, мұраларын жинақтау, оларды сақтап, зерделеп, насихаттау қызметін атқаратын, 
көзбен көріп, қолмен ұстап саралайтын ғылыми орын болып табылады. 
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап мәдениет пен өнер саласы өркендеп, 
мәдени байланыстар өрлей бастады. Елімізде Отан тарихы мен мәдениетімізге деген 
қызығушылық арта түсті. 1991 жылы Қазақстанда жалпы мұражайлар саны – 97 болды, ал 


339 
мұражайға келішулер – 31931 адам еді. 1993-1998 жылдары мұражайлар – 88-ге қысқарып, 
келішулер саны 1720 мыңға дейін азайды. 
Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында әр көптеген кедергілерді жеңумен бірнеше 
мұражайлар ашыла бастады. Ал кейбіреулері жөндеу жұмысынан өтіп жатты. 2001 жылы 
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 31 қызметкер жұмыс істеді. Онда 12 
ғылыми қызметкерлер мен экскурсоводтар, 14-нің жоғарғы білімі болды. 
Мұражайда бастапқыда Сыр өңірінің ежелден бүгінге дейін сыр шертетін 45 тен аса 
экспонат болды. Кейін өңірлерден музейге сый акциясы барысында экспонат жиналып, саны 
25000-нан асты. Мұражайдың өркендеп дамуына, алға ілгерілуіне аса зор үлес қосқан Иса 
Тоқтыбаев пен Сайд Баязитовтың еңбегі зор болды. 2001-2005 жылдары мұражайға өзгертілу 
жұмыстары 
жүргізіліп, 
экспонаттар 
реставрациядан 
өткізіліп, 
экспозиция 
жаңартылды.Мұражай залының кіреберісі облыстың картасымен бастау алды. Сыр бойындағы 
Арал теңізінің сипаты мұражайда ерекше орын алды. Бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанды 
қамтыған Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария туралы араб, қытай, монғол деректерінде 
кездеседі. 
Бұл мұражайда облыс өңірінен табылған бор дәуіріне жататын экспонаттарды көруге 
болады. Сонымен қатар облысымызда өсетін өсімдіктер мен жануарларға арналған зал 
қарастырылған.Бұл өсімдіктерді: сазды жерде, тау етегінде, құмды жерлерде, Сырдария 
жағасында өсетін өсімдіктер деп бөлуге болады. 
Сонымен қатар мұражайда археологиялық қазбалар жұмыстары кезінде табылған 
экспонатқа өте бай. Ол 2787-ні құрайды. Өлкеніміздің тарихы ұрпағымызға тарихтың куәсі 
ғана емес, сан ғасырдан бері мәдениетіміздің жоғары болғандығын мақтана жеткізу. 
Мұражайда қолжазбаларды зерттеу орталықтары жұмыс істейді. 1729-1920 жылдар 
аралығындағы Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкент қалалары баспаларынан алынған ежелгі 
парсы, түрік, араб тілінде шығарылған өте сирек кездесетін қолжазбалар сақтаулы. 
Мұражай қызметкерлері тәуелсіздік жылдарында түрлі кешендер де қазба жұмыстары 
жүргізілу кезінде жәдігерлер жинауға қатысты. Қазақ хандығының құрылуынан бастап, 
Ресейге қазақтардың қосылуы, қазақ ұлт-азаттық көтерілістері туралы мәліметтер, сонымен 
қатар Ұлы жібек жолының қалай дамып, гүлденуі, сауда саттықтың дамығаны туралы «Сыр 
өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы» залы баяндайды. Экспозицияда Н.Кузнецов 
фирмасының фарфордан жасалған ыдыстары, Тула самаурыны, «Зингер» компаниясының 
машинасы, теміржол телефоны сияқты көптеген экспонаттар қойылған. 
Өткен ғасырдағы көптеген тарихи оқиғаларға қатысушылардың өмірі мен 
творчествалық қызметтері жайлы жаңа мәліметтер алуға болады.Сонымен қатар Кеңес 
заманының орнауы кезінен бастап көрініс табатын экспонаттарды көптеп кездестіруге болады. 
Тәуелсіздік Қазақстан залында бүгінгі жетістігімізге толы мағлұматтар алуға 
болады.Ал «Ауылшаруашылық» залында Социалистік Еңбек ерлеріне арнап орын бөлінген. 
Онда екі мәрте Еңбек ері мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, төрт Ленин, екі Еңбек қызыл ту, 
Сыр елінің атақты диқаны Ыбырай Жақаев және т.б. тұлғалар жайлы мәліметтер 
жеткілікті.Мұражайдың «Мәдениет және өнер» залында КСРО халық әртісі Сәбира 
Майқанова жайлы деректі материал қойылған. Сонымен қатар соғыс кезіндегі жылдарда 
майдан даласында ән салған Роза Бағланова туралы да деректер жоқ емес.Мұнымен қатар 
мұражайда «Қожықовтар династиясы» атты зал берілген. Қожахмет Қожықов – қазақтың 
тұңғыш кәсіби суретшілерінің бірі, ССР-нің еңбек сіңірген қайраткері. 
Мұражайдың «Этнография» залында киіз үй жасау жиһаздарымен безендірілген: 
төсекағаш, кебеже, қазақ қоғамының ерекше үлгілері болып табылатын түкті, түксіз кілемдер, 
қоржын, текемет, сырмақ және түс киіздер залға сән беріп тұр.Қазіргі таңда мұражай ісі ары 
қарай даму үстінде. Мұражай жөніндегі кейбір заңдылықтар мен қайшылықтар, 
қызметкерлердің түрлі тәжірибе алмасу, білімін жоғарту бағытында қолға алуда. 
Сонымен қатар, мұражай қызметкерлерінің тынымсыз ізденісі арқасында ұлттық 
қолөнер каталогы жасалды. 


340 
Мұражайда компьютерлік «Музеолог» жаңа бағдарламасы енгізіліп, мұражай 
құндылықтары туралы мәліметтер қоры қалыптасты.Мұражайдың құнды материалдарын веб-
сайтта жариялап, жаңалықтармен толықтырып отырады. 
Мұражайлар 
– 
тарихымызды 
танудың 
жолындағы 
бірден-бір 
ғылыми 
мекеме.Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен бері қазақ елі шет мемлекеттермен қарым-
қатынасты нығайтып, мұражайлардың байланысы өрлей бастады.Қызылорда қаласындағы 
мұражай мекемелерінің даму тарихын зерттей отырып, мынадай ұсыныстарды алға тартуды 
жөн көрдік: 
- Мұражай, мұрағат мамандығы бойынша оқитын жастар қатарын жоғары және орта 
оқу орындарында көбейтуге қол жеткізу қажет; 
- Кеңестік дәуірде одақтас республика мұражайларына берілген құнды экспонаттарды 
елге қайтаруды мемлекеттік көлемде талап ету керек; 
- Мұражайларды, мұрағатты, театрды қаржыландыру мақсатында банктерде олардың 
есепшотын ашып, қалталы азаматтарды бұл мәселеге көңіл аударуын насихаттау қажет; 
- Мәдени құрылыстағы интеллигенцияның айрықша ролін ескере отырып, Сыр өңіріне 
шоғырланған ой еңбегі адамдарының басын біріктіретін, іс-әрекетін үйлестіретін кәсіби-
қоғамдық бірлестік құрған жөн. Шартты түрде оны «Сыр өңірі интеллигенттерінің 
ассоцияциясы» деп атауға болады. Бұл интеллигенцияны басқа әлеуметтік қауымға қарсы қою 
емес, мамандардың шығармашылық –кәсіби мүмкіндіктерін ашу жолындағы талпыныс; 
- Қазақстанның кең байтақ сахарасында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер 
болса, солардың 508-ден астамы біздің облысымызда екен. Облыстағы барлық тарихи, мәдени, 
археологиялық ескерткіштердің тізім-тізбесін, ғылыми паспортын жасап, оны жеке жинақ 
түрінде шығару керек. «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Адам ең әуелі 
отбасының, ата-анасының қадір-қасиетін түсінбесе, олардың мінез-құлқы жан-дүниесіне 
үңіліп, арман-аңсарын аңдай алмаса, елін, жерін сүйе ала ма? Ауыл-аймағының өскен 
ортасының қадір-қасиетіне жетпесе, ұлтын, ұлысын, Отанын сүйе алауы күмән туғызады.
Қазіргі көзқарас пен құндылықтар өзгерген әдет-ғұрып, салт-дәстүр жаңғырған заманда 
бұл ұғым одан сайын кеңейіп, көкірегінде сәулесі бар әрбір азамат төл тарихын игеруді туған 
жерінің, өскен ортасының тарихын, мәдениетін білуден бастау керек деген ұғым қалыптасты. 
Дәлірек айтсақ, өлкетану-отантанудың алғашқы қадамы. Бұл заңды құбылыс. Әр ғылымның 
тұңғиығына терең бойлау үшін ең әуелі оның әліппесін игеру қажат. Ал Қазақстанның әрбір 
азаматының Отан тарихын оқып-зерттеудегі алғашқы баспалдағы, әліппесі-өз өлкесінің, туған 
жерінің, өскен өңірінің тарихын игеру болса керек. Бұл орайда, ұлттық мұрағаттардың алатын 
орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет