Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


ҚАЙРАТКЕРЛІК ПЕН ДАНАЛЫҚ МІНБЕРІНДЕГІ ҚАНЫШ СӘТБАЕВ



Pdf көрінісі
бет71/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157
Байланысты:
thesis147359

 
ҚАЙРАТКЕРЛІК ПЕН ДАНАЛЫҚ МІНБЕРІНДЕГІ ҚАНЫШ СӘТБАЕВ 
 
Мұратбекқызы Б., аға оқытушы 
Берліғалиева Г., 3 курс студенті 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! 
Сонда ғана «Білім» деп аталатын асыл 
 тас ешқашан тот баспастан
жалтырай да, жарқырай береді. 
Қ.И.Сәтбаев 
 
Қазақ халқының біртуар перзенті, есімі жалпақ дүниеге мәлім аса көрнекті ғалым, 
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, еліміздің жаңа замандағы ғылымының 
іргесін қалаған, адамгершілік қасиеттері мен кісілік келбеті халқының аузында аңыз болып 
қалған жаны жайсаң азамат - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Біз мақтанатын тұлғалардың бірі емес бірегейі Қаныш Сәтбаев киелі жерде дүниеге 
келген, құнарлы топырақта, қасиетті иманды ортада өскен, ұлтымыздың біртуар ұлы. Демек, 
бұл мақала Қаныш Имантайұлының қажымас қайратымен, мұқалмас жігерімен, Қазақстан 
ғылымын жаңа биікке бастап, өмірін елінің экономикасы мен мәдениетінің өркендеу жолына 
тіккен, халқының кәдесіне жаратқан абзал азамат туралы. 
Қаныш Сәтбаевты қазақ даласындағы жартас жазулары да көп қызықтыратын. 1937 
жылы ол Бұланты өзенінің терең шатқалынан бұғы мен аю бейнеленген суреттер тапты. 
Мұндай суреттер кейін Ұлытаудың батыс жағындағы Жетіқыз өзенінің және Талдыеспе 
өзенінің бойында табылды. Қаныш Имантайұлының пікірі бойынша, аюлар мен бұғылар 
бейнесі жартасқа олар осындай өмір сүрген кезеңде, яғни төрттік дәуірдің алғашқы бөлігінде, 
біздің эрамызға дейін бірнеше мың жыл бұрын қашалған. Ежелгі түркі тайпаларының 
Жезқазған ауданында жиі кездесетін сым тастарын да Қаныш Имантайұлы жан-жақты 
сипаттаған-ды.
Қ.И.Сәтбаевтың орасан зор қызметінің арқасында кезінде еліміздің қорғаныс қабілеті 
әлдеқайда арта түсті. Атап айтқанда, 1928-1940 жылдардың кезеңінде Жезқазған-Ұлытау 
аймағында сан алуан пайдалы қазбалармен қара және түсті металдардың, алтынның, 
вольфрамның, қорғасынның, марганецтің және де басқа да рудалардың болашағы зор кен 
орындарының тұтас бір сериясы белгілі болды. 
Академик Қ.Сәтбаевтың ой толғамына жүгінсем, Ұлытау «ескі сөз естеліктің кені». 
Және де «Ұлытау кенересін Сарыарқаның кіндігі деп айтуға болады. Сондықтан Ұлытау 


160 
жоталары қазақ даласының неше ғасырдан бергі тарихының ашық алаң, кең майданы болып 
келген. Талай хандар ордасын осы Ұлытауға тіккен. Талай батырлар жасағын осы Ұлытауға 
орнатқан. Сарысуға құятын Қаракеңгір дейтін өзеннің жиегінде атақты Шыңғыс ханның 
баласы Жошы хан мен Алаша хандардың мазарлары әлі күнге дейін бұзылмай тұр. Жыланшық 
өзенінің бастау көзі шығатын Ұлытаудың бір биігінде Ер Едігенің моласы бар деп жұрт аңыз 
етеді. Абылай да ордасын Ұлытауға тіккен, Ұлытаудың түстік бөктеріндегі «Хан төбе» дейтін 
жерде өткен ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында атақты Кенесары батырды Орта жүздің баласы 
басы Арғын Шеген би болып, ақ киізге салып хан көтерген» деп жазады. Расында, Ұлытаудың 
қатпар-қатпар құпия сырларының керемет бір көріністері осындай. Ол – Қазақ елінің 
географиялық орталығында орналасқан саяси-экономикалық және этномәдениетінің алтын 
ордасы. Ол өзінің дәуірлеп, гүлденген заманында Дешті Қыпшақ немесе Жошы ұлысы 
атанған. 
Ұлытау дегенде тарихи ой-сана, ұлттық зерде-зейін, ар-намыс, қайрат-жігер, рух тұтас 
оянады. Далаңның тарихы, дана бабалар, дарынды баһадүрлер тарихы қайтадан жаңғырып 
тіріледі. Ұлытау ұлылығы мен ұлағатында телегей сыр, теңдесі жоқ терең мағына бар. 
Тарихтың «алтындай тазасы, алмастай асылы» Тәуелсіз Қазақстанның екпіндеп өрлеуіне 
ересен серпін қосады. 
Ғалым-публицист Сәтбаев көпқырлы дарыны бар, өмірді сүйген, қоғамдық белсенділігі 
ғаламат адам еді. Ол бар іске де үлгеретін. Оның сан алуан ауқымды мақсаты болатын. 
Ойланып жатпай-ақ кез-келген бір мысал келтірейік. Алтышоқы тауының етегінде ерте кезде 
мыс өндіру ісін зерттеп, жүргізіп, Сәтбаев тілде жазылған жазуы бар кішкене тас пирамида 
кездесті. Ол жазудың бір әрпін қалдырмай қағазға түсіріп алды да Ленинградтағы 
«Эртимажға» жіберді. Көп кешікпей ол жақтан «Экипаждың» ғылыми қызметкері Морозов 
келіп, қымбат қазына ретінде плитаны алып кетті. Артынша-ақ профессор Поппэ жазудың 
шешуін тауыпты: «Жеті жүз Қара Тоқмал елінде қой жылғы көктемнің ортаңғы айында Тұрана 
, Темірбек, Сұлтан екі жүз мың қолмен Тоқтамыс ханның қанын ішіп, өз мерейін асыру үшін 
жортып келе жатты. Өзіне таныс осы жерге жеткен соң қорған тұрғызды. Құдайдың өзі жар 
болсын». Сәтбаев Ақсақ Темірдің Жезқазған даласындағы ізін осылай тапты. Қаныш тапқан 
сол археологиялық ескерткіш әлі күнге дейін «Эртимажда» көрсетіліп тұрады [1, 6 б.]. 
Қаныш Сәтбаев шоқантанудың қазақтан шыққан алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. 
Томскіде оқып жүрген студент Қаныш Шоқан Уәлихановтың еңбектерін талдау үстінде 
тарихтағы белгілі тұлға Едіге батыр туралы эпосқа тап болады. Ол Сәтбаевтың өңдеуімен, 
алғы сөзімен 1927 жылы Мәскеуде қайтадан жарық көрген. Осының бәрі – жас Қаныштың 
Шоқанды зерттей жүріп, жолын жалғастыруды, сабақтас болуды арман еткендігінің белгісі. 
Ш.Сәтбаева:«Бұл ретте ол тұңғыш қазақ топырағында небір нәзіктік пен сиқырлы қасиеттерді 
иемденген көркемсөзді ғылымға қызмет еткізген, өзінен ілгеріде өмір кешкен ұлы ғалым 
Ш.Ш.Уәлихановтың дәстүрін жалғастырушы ретінде ерекшеленеді»,- деп әдемі 
тұжырымдаған. Қаныш Шоқанға еліктеп, Қарсақбай, Жезқазған-Ұлытау өңірлеріне алғаш 
келген 1926 жылдардан бастап тамаша экономикалық, әлеуметтік және тарихи-
этнографиялық, археологиялық зерттеулер жүргізді. Өзінің геологиялық жолында болсын, 
қазақтың Ғылым академиясын құруда, басқаруда болсын, кен байлығын халық қажетіне 
жаратуда болсын Сәтбаев Шоқан Уәлихановты алдында желбіреген жалауындай қадір тұтты. 
Ресейдің Шоқан толық мүшесі болған географиялық қоғамының басқарушысы П.Семенов-
Тянь-Шаньский қанша тырысып бақса да, патшалық Ресей кезінде Шоқанның еңбектері
толығымен жиналып басылмады. Орыстың саяси департаменттері орыс географтарының 
табысын Еуропаға таныту мақсатымен өздеріне керегін ғана үзіп-жұлып бастырып шығарды. 
Ал толық жинағын қазақтың қолына ұсыну үлкен арман еді. 1961-1972 жылдары Шоқанның 
ең алғаш жарық көрген 5 томдық шығармаларының дайындалып, қазаққа жетуіне Сәтбаев 
нақтылы себепкер болды. Өзі редакция алқасына кірді, ал құрастырушы жұмысты академик 
Әлкей Марғұланға басқартты. Қазір Ғылым академия ғимаратының алдында Ш.Уәлихановтың 


161 
ескерткіші тұр, айналасында көптеген ғылыми институттар бар. Осының бәрі қазақтың асыл 
перзенттері Шоқан мен Қаныштың табиғи жалғастығын, мәңгілік бірлестігін айқындайды. 
1946 жылдың 1 маусымы-біздің Ұлттық академиямыздың дүниеге келген күні. Оның 
бастауында академияның тұңғыш президенті болып бірауыздан сайланған Қаныш 
Имантайұлы Сәтбаев тұрды. Ғылым академиясының құрылуы зор саяси маңызы бар тарихи 
оқиға және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытудағы алып адам болып табылады. 
Біз Қ.И.Сәтбаевтың қол таңбасы қалған ғылымның, өндірістің қай саласын алсақ та, 
олардың бәріне де талантты және жоғары білікті мамандарды таңдай білген. Мұндай жағдайға 
Қ.И.Сәтбаев кемеңгерлігі мен көргендігі арқасында қол жетті. Ол бүкіл Республика көлемінде 
ғылымға жоғары оқу орындарын бітірген неғұрлым дарынды және қабілетті жастарды тарту 
негізінде ғылыми кадрларды іріктеу мен әзірлеудің бағдарламасын тұңғыш рет жүзеге 
асырушы болды. Қазақстан ғылымының көптеген ірі тұлғалары ғылымға «Сәтбаевтің 
шақыруы» бойынша келген, ол тәрбиелеген мамандар болды. 
Қ.И.Сәтбаев мінез-құлқы мен өз өмірін арнаған істің дұрыстығына деген кәміл сенімі 
көптеген қиыншылықтарға қарсы күрес үстінде шынығып, беки түсті. Тіпті, сонау өткен 
ғасырдың 50-ші жылдарда, оған саяси айыптар тағылып, тоталитарлық тәртіп тарапынан 
қудалануға алынып және кемсітілген жылдарда былай деп жазды:
«...Феодалдық тәртіптерді орнатушы» деп маған тағылған айыптың сандырақ екендігін, 
менің ойымша, Қазақ КСР Ғылым Академиясы жұмысының негізгі көрсеткіштеріне атүсті 
жасалған талдаулардың өзі-ақ айқын дәлелдеп береді. Ол көрсеткіштер менің академияда 
орнатқан бірден-бір тәртібім қажетсіз тақырыптарға қарсы күрес жүргізу, академияның 
қызметін практикалық талаптармен тығыз органикалық байланыста өрістету, ғылыми 
зерттеулердегі кешендік элементтерді барған сайын күшейте түсу, ол зерттеулерді ірі-ірі 
халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағыттау болып табылатынын да айқын 
дәлелдеп береді» [2, 74 б.]. 
Қ.И. Сәтпаев туралы әсіресе кеңестік тарихи әдебиетте кеңінен жазылды. Әсіресе, ірі 
монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер халықаралық-практикалық ғылыми 
конференциялардың материалдары жарық көрді, көптеген кандидаттық және докторлық
диссертациялар қорғалды, сонымен қатар көркем әдебиет пен кинематография да оған көп 
көңіл аударды. Қ.И.Сәтбаевтың өзінің де, ол туралы жазылған мен еңбектерде өз алдына бір 
төбе.
1965 жылы көзі тірі замандастарының, шәкірттерінің естеліктері негізінде «Академик 
К.И.Сатпаев» атты (А., «Ғылым», құрастырушы Т.А.Сатпаева, бас редакторы Ш.Ш.Шөкин) 
жинақ, ал 1967-1970 жылдар аралығында осы баспадан (бас редакторы Ш.Есенов) ғалымның 
таңдаулы ғылыми еңбектерінің бес томдығы жарық көрді.
Ғалымның атақ-табысына, ел үшін жасап кеткен ұлы істеріне сүйсінген, соларды ұрпақ 
тәрбиесіне үлгі-нұсқа етуді мақсат еткен бір топ әдебиетшілер, академиктер: Қ.Жұмалиев, 
Е.А.Букетов, байырғы қаламгер А.Брагин, әуесқой әдебиетші Т.Оразов Қаныш Имантайұлы 
туралы деректер жинап, оның ізі түскен жерлерді аралап, ғұлама бейнесін әдеби шығармалар 
арқылы сомдауға әзірлікке кіріскен. Кейбіреулерінің алғашқы жазбалары жарық та көрген-ді. 
Алайда 1974 жылдан былай Қазақстанның зиялы қауымы түсінбеген, шындығын 
айтқанда, сол бір өрескел арандатушылықты қабылдамаған масқара шырғалаңдар басталды. 
«Академик Қ.И.Сәтбаевтің қоғамдық ғылымдардағы мұрасы» атты деректі кітабында (А., 
«Ғылым», 1997, 197-б.) тарихшы Ғ.О.Батырбеков былай деп атап көрсеткен: «12 жыл бойы 
оның ғылыми еңбектерін жариялау, насихаттау түгілі, есімін атауға, әдеби шығармалар 
жазуға, тіпті Ұлттық Ғылым Академиясын құрудағы тамаша істерін айтуға ресми үкімет 
тарапынан жасырын түрде тыйым салған әділетсіздік орын алды. Бұл туралы әлдеқанша 
айғақтар мен материалдар келтіруге болады.
Тек 1987 жылы ғана қиянат шектеушілік тоқтап, туғанына 90 жыл толуына байланысты 
Қазақстан үкіметінің «Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» екінші қарары 
қабылданып, ғалымның ғылыми мұрасын зерттеу, насихаттау ісі қайтадан жандана бастады...»-


162 
деген тұжырымның бір сөзін теріске шығаруға болмайды. Ащы болса да бұл-кешегі өткен 
өмірімізде көз көрген, «Қазақтың Қанышы» кітабын (Сәрсеке Медеу А: Атамұра, 1999) жазушы 
бастан кешкен шындық.
Сәрсеке Медеу мен Евней Букетов өз еңбектерінде академик Қ.И.Сәтбаев туралы бұрын-
соңды жариялаған деректі шығармаларын жинақтап, бұған дейін ғалым өмірінің кейбір 
айшықты тұстарын толығырақ ашып айта алмай жүрген «ақтаңдақ сәттерін» қоса баяндап, өз 
еңбектерін жазып шығарды [3, 102 б.]. 
Жазушы Медеу Сәрсекеев өзінің өмірін қаһарманының ғұмыр жолын зерттеп, жазуға 
арнайды. Оның үлкенді-кішілі кітаптары дүниеге келген-ді. Нақтылы айтсақ, олар-«Жазушы» 
баспасы 1973 жылы шығарған «Туған жердің асылы» атты көркем әңгімелер жинағы, төлтума 
нұсқасы Алматыда қиянатпен тоқтатылып, көп бейнетпен Москвада «Молодая гвардия» 
баспасының «Тамаша адамдардың өмірі» (ЖЗЛ) сериясы бойынша 1980 жылы жарық көрген. 
Қазіргі таңда да ұлы ғалым туралы көптеген жинақтар, монографиялар, альбомдар 
шығуда. Соның ішінде атап көрсететін болсақ «Қаныш аға», «Академик К.И.Сатпаев» атты 
естеліктер жинағында Қ.И.Сәтбаевтың бүкіл өмірбаяны, ғылымға қосқан үлесі, Қазақстанда 
Ғылым академиясын құрудағы рөлі, ондағы академик, президент болып атқарған қызметі толық 
жазылған [4, 4 б.]. 
Барлығымыз Қаныш Сәтбаевты Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті және 
геолог ретінде білеміз. Бірақ геология саласынан басқа тарих және әдебиет саласының дамуына 
өзіндік үлес қосқан еңбектері бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Жезқазған жерінде 
геологиялық барлау жұмыстарынан бөлек Жезқазған тарихын зерттеді. Қаныш Сәтбаев 
шоқантанудың қазақтан шыққан алғашқы зерттеушілерінің бірі болды.Байтақ даладан жер 
асты қазыналарын іздеу жолында ол халықтың рухани байлығына кенікті. Оның
мақалаларына зер сала отырып, біз Академияны басқарған жиырма жылдың өн-бойында
Қаныш Имантайұлын әдебиет пен мәдениет мәселелері үнемі толғандырып отырғанын
аңғарамыз. Қаныш Сәтбаев өзінің барлық саналы өмірін қазақ халқының экономикасы мен 
мәдениетінің, ғылымының өркендеп өсуіне арнап, осы жолда аса тамаша тарихи мәні бар істер 
жасады.Туып-өскен жерін, өз халқын жан жүрегімен беріле сүйген ғалым алғашқы еңбектерінен 
бастап-ақ зерттейтін өлкесінің өткен кезеңіне қазақ халқының көне мәдениет ескерткіштеріне 
көп көңіл бөлген болатын. 
Байтақ даладан жер асты қазыналарын іздеу жолында халықтың рухани байлығына
кенігіп, бүкіл саналы ғұмырын халқының игілігі жолына арнаған Қаныш Имантайұлы 
қайраткерлік пен даналық мінберіне осылайша көтерілді. Академик Д.И.Щербаковтың сөзімен 
айтқанда «Қ.И.Сәтбаев туралы сөз болғанда мен көз алдыма бір-тұтас, жігерлі, кең, мемлекеттік 
ауқымда ойлай алатын ақылы бар адамды елестетемін. Қ.И.Сәтбаев толық ғылыми көзқарасы 
бар, дұрыс жол таңдап ала білген, алға қойған мақсатына қалтқысыз баратын азамат. 
Қазақстанның шексіз даласында дүниеге келген ол, өмір үшін, жеңіске жету үшін күреске 
бейімдейтін қатал табиғаттың қасиеттерін өз бойына жинаған.» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет