Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет73/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   157
Байланысты:
thesis147359

Хызылұлы Пора (6.5.1862, Ресей, Краснояр өлкесі, Аскиз ауданы– 10.3. 1922, 
Қазан) – хакас филологы, этнографы, түркологы, Қазан университетінің профессоры, салыстырмалы тіл 
білімінің докторы,1888 – 92 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясының тапсырмасымен Сібірде, 
Моңғолияда, Жетісуда болып, ұйғыр, өзбек, қазақ, тыва, тағы басқа түркі халықтарының этнографиясы мен 
тілі жөнінде мол материал жинады. Қытайға сапарында оны Жүніс Итқараұлы деген қазақ бастап апарған. 
 
2
 «Деятель» — общественно-литературный журнал трезвеннической направленности, печатный орган 
«Казанского Общества Трезвости»
, издававшийся в г. 
Казани
 в 
1896

1917
 гг. Первый номер увидел свет в 
январе 
1896
 г. в типографии 
Императорского Казанского университета
, где располагалась и его редакция. 
Всего было издано 280 номеров.


164 
адамдармен танысып, дүниеге көзі ашылып, дүние танымының көк жиегі кеңейіп, тіл білімі 
артып, көп нәрсені үйіреніп, 1908 жылы аман-есен оралады. Ақыт хажыға бұл сапардың әсері 
ұшан теңіз болумен қатар ақын шығармашылығының тұтастай бір кезеңін иеленді. Ақыт хажы 
көрген-білгендерін түгел қағазға түсіріп, сапарнамалық күнделік дәптері - «Хажы баян»
көлемді көркем шығарма ғана емес шет ел қазақтарының қажыға бару тарихы, көрген 
бейнеттері, ақынмен қажыға бірге аттанған 60-тай қазақтың әрқайсының аянышты тағдыры, 
әлеуметтік-мәдени ортадағы құбылыстар, көптеген тарихи-мәдени мәселелер жайында хабар 
бере отырып, ақын өзінің дүниетануы тереңдей түскенін, рухани көзқарсының берік іргетасы 
қаланғанын, және ол ақынның онан соңғы шығармаларында көрініс тапқанын айта кету керек. 
Сөйтіп, Ақыт ақының қажы сапары аясында жазылған шығармаларын шығармашылығының 
тұтас бір –үшіші кезеңі деп қараған дұрыс болмақ. 
Ақыт қажы сапарынан оралған соң Өр Алтайды мекен етіп, өмірінің ақырына дейін 
жазған туындылары ақын шығармашылығының төртінші кезеңіне тиеслі болмақ. Хажы 
сапарында дүниені шарлап, көпті көріп, терең ой түйіп, туған жеріне оралған соң 
шығармашылыққа өмірінің 30- дай жылын арнады. Бұл дәуірде кемеліне келген ақын, ғұлама 
Ақыт хажы «Асан ата деп еді», «Абақ Керей шежіресі», «Ер Жәнібек», «Мұхаммет Құнафия», 
«Самырық құс», «Смағұлдың қиссасы» т.б жазады. Ақыт ұлы Абайды үлгі етіп, Абайдың 
философиялық ойларын дамытып, идеяларын шет қазақтарына танытып, кең көлемде 
насихаттайды. Құранды қазақшаға бірінші аударған діни қайраткер болды. Бұл дәуір 
Синьцзянда қым-қуыт саяси жағдайлар шиеленіскен, қазақтар зорлық-зомбылыққа көндіге 
алмай атқа қонған дәуір еді. Осындай тарихи заманда Ақыт ақын қазақтың жайын ойлап, ұлт-
азаттық күрестің рухани көшбасшысы бола білді. Осындай кезеңде өмір кешіп, арпалыспен 
өткен қиында, соқтықпалы өмірінде өшпес із қалдырып, «1940 жылы жендет Шэн Ши Цайдың 
тар есік, тас босаға, қараңғы қамақханасында қинау мен аштық салдарынан 72 жасында қайтыс 
болды [2, 17]». 
Ақыт Үлімжіұлы жиырма жасынан бастап (1888 ж.) шығарма жазумен шұғылданған 
десек содан ол түрмеге түскенге дейін ( 1939 ж.) жарты ғасыр бойы творчествомен айланысқан 
көрінеді. Ақыт өзінің саналы ғұмырында оның қаламынан аса мол мұра туған. Оның басым 
көбі жыр толғаулармен хисса-дастандар болып келеді. Көптеген дастандары басылып 
шығумен қатар, бірталай жырлары қолжазба, ауызша тараған.
Ақыттанудың қайнар бұлағы ақынның жас шағында баспадан жарық көрген мол 
мұрасы және қолжазба, ауызша тараған шығармалары болып табылады. Ақыт хажы 
Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайскийдің Қазан қаласында оннан астам кітабының дүркін-
дүркін мол данамен басылған 20-дан астам нұсқасы ақыттанудың сарқылмас қайнар бұлағы 
болып табылады. 1809 жылы Қазан университетінде баспа ашылады. 19- ғасырда Қазан қаласы 
Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, 
жарыққа шығаратын орталыққа айналып қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. 
Бұлардың ішінде «Университет», «Ағайынды Каримовтар», «Шарқ», «Тұрмыш», «Умид», 
«Урнәк», т.б. баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап - Қазан 
гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали 
Қадырғали Жалайыридің «Джами-ат-тауарих», Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» 
(1879) т.б. қатарлы 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды. Бұл 
кітаптардың 600-ден астам аталымын қаһармандық және лиро эпос - 45, айтыстар – 29, т.б
ауыз әдебиеті иеленсе және бұған діни уағыз, ғылыми танымдық, оқулықтар, оқу құралдары, 
сөздіктер қосылды. Ал, қазақ авторларының өз шығармалары басылған кітаптар жалпы 
баспадан шыққан кітаптардың азғана бөлігін құрады. Ақыт ақыннан бұрын баспадан шыққан 
қазақ ақындарының екі басылымды баса атау керек. Бұл Дулат Бабатайұлының (1802-1864) 
«Өсиетнаме» (1880), Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) «Шортанбайдың бала зары» 
(1890) еді. Міне, осылардың ізін баса 1896 жылы Қазан қаласында Сейфульмаликтің үшінші 


165 
Ақыттың нұсқасы – «Қисса-и Сейфульмалик»
3
дастаны [3], 1897 жылы баспадан шыққан 
«Тәржүмә-и Ахид уәләд Гүлімжі-Алтайский / Қарамсақов/ дастаны
4
қазақ төл тума 
шығармаларының алдыңғы қатарынан орын алып, біртұтас қазақ жазба әдебиетінің 
іргетасыын қаласты. Бұл басылымдар Ақыт Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайскийдің қазақ 
әдебиеті дамуы тарихында ірі бетбұрыс жасаған тұлға екенінің айқын дәлелі бола алады. Ақыт 
ақын өз дәуіріндегі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілдерінің бірі ретінде өз бағыт 
бағдарынан таймай, оны онан ары жалғастырғанын кейінгі баспадан шыққан кітаптарынан 
байқауға болды [3-17]. Бұл басылымдар ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын 
орнын анықтауға, өзіндік өзгешелігін, асқан шеберлігін тануға басты негіз болатыны сөзсіз. 
Қобда қаласында 1891 жылы тұңғыш дастаны «Жиһанша»-ны жазып, 1897 жылы Қазан 
қаласында бастыруы ақын шығармашылығының өрлеуінің басы болады. Бұл жайында ақын: 
«Жиырма үште хатшы болып Қобда келдім, көп елім қоймаған соң сонда келдім», - дейді. 
Өзінің кітаптарын Қазан қаласына қалай бастырғаны жайында ақын: «Ғабдолқадыр - 
ноғайда асыл бекзат, Қобдаға кеп жүргенін сонда көрдім», - деп 1892 жылы Тобольскілік 
саудагер Ғабдолқадыр Ғабдолуахабұлымен танысып, хисса-жырларын бастыруға сол кісіден 
жібергенін 1897 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан «Тәржүмә-и Ахид уәләд Гүлімжі-
Алтайский» / Қарамсақов/ атты дастанында жазады.
Пайғамбардың тууы, қайтыс болуы жайлы жырының соңында:
«Аралап дәмін таттым талай жердің, 
Кітаптан әуелі оқып бәрін көрдім. 
«Бастыруға Қазанға жібергіл»-деп 
Ахметкәрім ноғайға жазып бердім» - дейді. 
Ақыт ақын көбінде Жайсаңдық /Зайсан/ саудагер, достас адамы Кәрімберді Бабаев 
арқылы қолжазбаларын Қазан қаласына жіберіп тұрғаны байқалады. 
Кәрімберді Бабаев- 
Зайсандағы танысы 
Алтай жұрты Өр Керей, 
Баспаға сөзім жете алмай, 
Әттең жердің алысы, 
Кәрімберді, Сәлімжан, 
Зайсанский Бабаев - 
Алтайға мәлім саудагер, 
Таниды тамам халайық. 
Ойлаңыздар, асыл зат
Почтаға хисса салайық,
Құсайынов Шамсалдин 
Қабыл көрсе ғазиздер, 
Бастырып хисса алайық [18] - деп шығармалары жайын толық баяндайды. Қазан 
қаласында жарық көрген Ақыт Үлімжіұлының хисса-жырларының көбін Шамсалдин 
Құсайынов және оның мұрагерлері тарапынан бастырып отырған көрінеді. Осылай, Ақыт 
Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайский Цин империясының алыс батысынан Ресейдің Қазан 
қаласына шығармаларын жіберіп, қағаз бетіне түсіріп, бастырып отыруы ақынның көлемді 
шығармалары түгелдей дерлік сақталып бүгінге жетуі - ақыттанудың берік тасы болып 
табылады. Бұл ғұламаға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет