Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет49/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   157
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың 
жеті қыры» 21 қараша, 2018 жыл. 
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру». 26 сәуір, 2017 жыл.


102 
3. Маргулан А.Х. Отчет о работах Центрально-Казахстанской археологической 
экспедиции 1947 года // Изв. АН Каз ССР. Сер. археол. – 1949. – Вып. 2. – С. 3-36. 
4. Байпақов К.М., Ақышев К.А. Қазақ археологиясының атасы // Қазақ тарихы. - 1994. 
– № 2. - 7-10 бб. 
ӘНУАР ӘЛІМЖАНОВТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ 
 
Жұмамұратов Н.А., 1 курс магистранты 
Искакова К.И., филос. ғ.к., профессор 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
«Өлім-екі түрлі.Бірі-табиғи өлім, екіншісі – рухани өлім.
Біздің мақсатымыз шын мәніндегі тарихи тұлғаларды рухани өлтірмеу», - деп 
тарихшы-ғалым Манаш Қозыбаев айтып кеткендей, кеменгер тұлғаларымыздың рухани 
мұрасын өлттірмей, келесі ұрпаққа мұра етіп қалдыру әр бір қазақтың парызы. Осындай, 
тұлғалар қатарына белгілі жазушы және қоғам қайраткері Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановта 
жатады. Жазушының шығармалары ХХ ғасырдағы әр түрлі қиындықтар мен рухани қымысға 
тап болғанымен, қазақ халқының рухын көтеруге бағытталды. Сондықтан, біз жазушының 
еңбек жолымен шығармаларына тарихи тұрғыдан шолу жасауды жөн көрдік. 
Біз алдымен Ә.Әлімжанов тарихи тұлға ретінде қарастыратын болғандықтан, алдымен 
адам деген не, тұлға деген не сынды сұраққа жауап беріп алайық. Адам — өзіне тән 
биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер 
етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын 
жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды[1]. Яғни, адам деп табиғатқа 
тәуелділігі жоқ, еңбек құралдарын жасау білетін тіршілік иесі. Бұл жерде тұлға дегеніміз не?
Оның адамнан қандай айырмашылығы бар деген қызықты сұрақтар туындайды. Бұл сұраққа 
көптеген ғалымдар жауап іздеді, солардың бірі Манаш Қозыбаев. Тұлға- интеллект, ақыл, 
парасат иесі. Ол өткірлігімен, тапқырлығымен, көрегенділігімен, қажымас күш-қуатымен, 
ақыл-парасатымен, басқаша айтқанда, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін 
ұлт мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен ерекшелеген жан [2]. Осы қасиеттерді Ә. 
Әлімжановтың бейнесінен іздеу үшін, оның өмір жолына тоқталып өту қажет.
Әнуар (Әнуарбек) Тұрлыбекұлы Әлімжанов 1930 жылы 12 майда Талдықорған облысы, 
Андреев ауданы «Қарлығаш» аулында дүниеге келген (сурет-1) [3] . Балалық шақта алдымен 
шешеден, кейін 1941 жылы ақпанда әкеден жетім қалып, Әнуар Әлімжанов «Екпінді» 
интернатындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. Колхозда шопан, сүт тасушы, 
жанармай тасушы, тракторист сияқты тіршілік жағдайына қарай шаруашылықтың біраз 
саласында алғашқы еңбек мектебінен өтіп, өмірге деген көз-қарасы ерте қалыптасқан [4]. 
1947 жылы Ә.Әлімжанов Лепсі педагогикалың училищесін, 1954 жылы С. М. Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің журналистика бөлімшесін бітірген. Жазушы 
өзінің журналистік қызметі барысында:Облыстың «Алма-Атинская правда» газетінде;1955 
жылы «Литературная газетаның» Қазақстан бойынща меншікті тілшісі;«Ленинская смена» 
газеті редакторының орынбасары;Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша 
«Правда» газетінің тілшісі;«Қазақфильм» студиясының Бас редакторы;«Қазақ әдебиеті» 
газетінің Бас редакторы сынды т.б. қызметтермен айналысқан; 
Тіпті, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары қызметтерін 
атқарды. 1985 жылға дейін республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау 
жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық советі президиумының председателі болып қызметте 
атқарды. 


103 
Ә.Әлімжанов Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі 
комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка 
халықтарымен достықтың Ассоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО 
Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды. Осындай қызметтері үшін, жазушыға Қазақстан 
Ленин комсомолы сыйлығы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, Халықаралық Дж. Неру 
атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен 
марапатталып, Қазақстанның Халық жазушысы атағына ие болған[5]. 
Көптеген жетістіктерге қарамастан, Ә.Әлімжановтың өмір сүрген кезеңі қазақ 
қоғамындағы ең күрделі кезеңдердің бірі болды десек қателеспейміз. ХХ ғасырдың 30- 
жылдары қазақтың зиялы қауім мүшелері, яғни Алаш қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшыраса, 
Ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыс қазақтың санын азаюына алып келді, соғыстан 
кейін, бұл жағдай жалғасын тауып, 50-жылдардағы қуғын-сүргінге алып келді, осылайша 
қазақтың рухани мұрасы тапталып, еңсесі түсе бастаған заманға айналды. Тек, Хрушевтің 
жылымылығы заманынан бастап, қазақтың рухын қайта көтеру мүмкін бола бастады.
Осы тұста Ә.Әлімжанов сол заманғы ең танымал газеті «Правданың» әдеби 
басылымында, яғни «Литературная газетынде» рухани салада бұрын-соңды көтерілмеген 
өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірді көтеруге тырысты, әсіресе, тарихи хикаялар мен 
романдарға көп тоқталып өткен. Оған жазушының «Күнге бет алған керуен», «Отырар 
ескерткіші», «Махамбеттің жебесі» сынды т.б. еңбектері мысал болады [6].
Сондай-ақ Әнуар Әлімжанов қазақ қоғамында Фарабитану ғылымының дамуына өзінің 
үлесін қосты. Сол кездегі Ағжан Машанов, Ауданбек Көбесов сынды шығыстанушы қазақ 
ғалымдары Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері туралы зерттеу жұмыстарын жарыққа 
шығарып, ғалымды бүкіл Кеңес Одағына насихаттады. Көптеген ғалымдармен біріге отыра 
Әнуар Әлімжанов, Әл-Фарабидің тегі «өзбек» деп тұжырым жасалуына қарсы шығып, оның 
қазақ-қыпшақ екенін ғылыми айналымға енгізуге өз үлесін қосып және ұлы ғалымның 
туғанына 1100 жыл толуын Алматыда әлемдік денгейдегі іс-шара түрінде ұйымдастыруға 
атсалысқандардың бірі осы Әнуар Әлімжанов еді. Фарабитану ғылымының дамуына 
«Ұстаздың оралуы» атты жазушының еңбегі де орасан зор үлес қосты. Бұл шығармада Әр-
Фарабидің араб әлеміне тек білім алып, үйрені үшін аттанып қана қоймай, ғалымның араб 
әлеміне түрік және қышпақ өркениетін тарату үшін аттанды деп айтылады. Осылайша, 
жазушы бұл шығарманы жазудағы мақсаты қазақтың мәдение рухын көтеруді көздегенін 
көреміз. 
Осыдан-ақ Әнуар Әләмжановтың қазақ қоғамындағы беделі жоғары, тұлға болғанын 
көре аламыз. Жазушы тек Қазақстанның төңірегін де ғана емес, халықаралық денгейде де зор 
беделге ие болған. Оған дәлел, «ӘНУАР! Пәкістандық достарыңыз Сіздің шығармашылық 
әрбір табысыңызға әрқашан қуанып жүреді. Сіздің өнегеңіз бізге ерекше ғибратты, қымбат. 
Досым, бақытты болыңыз, тың табыстарға жете беріңіз! Төл әдебиетіңіз гүлдене түссін!» деп 
Фаиз Ахмад Фаиздың 1976 жылы жазған хаты айтсақ болады. Осындай хаттарға 1973 жылы 
29 қарашада жазылған «Құрметті Әнуар ӘЛІМЖАНОВ! Қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, 
тарихы хақындағы тамаша әңгімелеріңіздің бізге әсер еткені соншалық, естігендеріміз бір 
ғажайып суреттердей болып әлі күнге көз алдымызда тұр. Студенттеріміз Сіздің, 
білімдарлығыңызға қоса, қарапайымдылығыңызға қайран қалды, Сіз олардың жүрегін баурап 
алдыңыз!»-Эдвард С.Мейнардың (АҚШ университеттерінің Нью-Йорк бірлестігі қара 
студенттер қауының профессоры) жазбасында жатқызуға болады. Бұдан көретініміз, 
жазушының халықаралық денгейде беделі қазақ болғанын көреміз[7].
Ә. Әлімжановтың кезінде қазақ әдебиетінің тыныс ашыла түсті, халықаралық деңгейде 
таныла түсті. Ол жазушылар ұйымының көпшілік мойындаған басшысы ғана емес, сонымен 
қабат саясаткер, философ, конфликтолог, шығыстанушы, тарихшы, қазіргі тілмен айтқанда, 
жоғары дәрежедегі менеджер еді. Ол өз ана тілін мүлтіксіз білсе де, неге тек орыс тілінде жаза 
бастады? Сол кездегі саяси сәнге ілесу үшін бе? Олай емес, мүлде олай емес! Ол 
өркениеттердің, Шығыс пен Батыстың, көзге көрінер мен көрінбестің арасын жақындата 


104 
түсуді мақсұт тұтқан. Мен осыған нық сенімдімін. Халықаралық аудиторияға әдеби-мәдени 
мәселелерді ғана емес, сонымен қатар өз халқының көкейтесті әлеуметтік-тұрмыстық 
проблемаларын жедел жеткізуді көздеген. Сөйтіп, екі жақты байланыс орнатқан. Ал сол 
қырлар арқылы кез келген мемлекеттің саяси әуселесі айқын көрінеді. 
Қазақстан Жазушылар одағы, КСРО Жазушылар одағындағы қат-қабат ұйымдастыру 
жұмыстарымен жүрген қаламгер шығармашылықтан да қол үзген емес. «Махамбеттің жебесі» 
(1969), «Жаушы» (1974), «Ұстаздың оралуы» (1979) тарихи романдары бірінен соң бірі 
дүниеге келіп жатты. Рухани, идеологиялық қыспақтың дәртесінде жүріп-ақ ол ұлы қазақтың 
бірі - Мұстафа Шоқайды ақтап алу үшін Мәскеудегі «Дружба народов» журналына көлемді 
мақала жариялады. Айтыс-тартысқа тағы да білек сыбана кірісіп кетті. 1989 жылы Әбіш 
Кекілбаевпен бірге Өзендегі толқуларға ара ағайындық жасап, басу айтып қайтты. Сол 
жылдың 17-19 шілдесінде Семейде өткен «Семей қаласы және Семей облысының экологиялық 
ахуалы және халқының денсаулығы» атты халықаралық конференцияға қатысып, қазақ 
халқының жыртысын жыртқан да Әнуар Әлімжанов еді. Кейінірек Ұлыбританияның 
Қауымдар палатасында ядролық сынақ мәселесіне байланысты нақты дерек түсіріп, бірінші 
дауыс көтерген, халықаралық дүмпу туғызған да қазақ азаматы Әнуар Әлімжанов еді [8]. 
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов өнегелі сөзімен де, нақты ісімен де туған халқына жан 
аямай қызмет етті. Өзінің бар күш-жігерін, беделін жұмсап 1973 жылы Алматыға әкеліп 
өткізген Азия-Африка жазушыларының Ү конференциясы түйсігі бар қазақ ойшылдарына 
үлкен ғибрат қалдырды, отаршылдықтан құтылған елдер тынысы, азат пікірлі қаламгерлер 
шығармалары қазақ әдеби кеңістігіне кеңінен тарады. Ел ояна бастады. Шынайы азаттықты 
аңсаған, ұзағынан ойлап-толғанатын арлы азамат жазушының басты идеясы да сол еді. Мына 
жалған дүниедегі шығармашылығының соңғы нүктесін ол «Таным» атты философиялық 
романымен қойып кетті. Осы туынды - оның дүниетанымдық позициясы, ұлтының келешегі 
үшін алаңдауы мен қамығуы. 
Қаламгерлік еңбегі үшін Ә.Т. Әлімжанов Қазақстан комсомолы сыйлығына, Қазақ 
КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына, Джавахарлал Неру атындағы халықаралық 
сыйлыққа, халықаралық «Лотос» сыйлығына, Агостиньо Нето атындағы халықаралық 
сыйлыққа ие болды. Кезінде СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев оған республика партия 
ұйымының идеология хатшылығы қызметін де ұсынғанын көпшілік біле бермейді. 
Қазақ халқының тағдыр-талайы туралы ақтық демі таусылғанша айтып та, жазып та 
кеткен белгілі дипломат Болатхан Тайжанның 1999 жылы жазған мына пікірі де Әнекең сынды 
алыптардың бейнесін сәулелендіре түсетіндей. КОКП ОК-нің сырттан келген тың 
игерушілерге ғана берілетін жеңілдіктерге арналған қаулысына наразы болып жүрген ол бiр 
күнi Мәскеуде жазушы Әнуар Әлiмжановты кездестiре қалады да: «Интернационализм дейсiз, 
орекеңдердi мақтап жүресiз, ал ендi көрiңiз, мiне. - дейді. Әрі қарай сөзін былай бітіреді: - 
Әнекең намыстан жаралған қазақ едi ғой, Бүкiлодақтық әдебиет институты өткiзген кездесуде 
ширығып сөйлеп, одан кейiн газетке мақала жариялап, жаңағы қаулының нағыз өктемдiктiң 
бiр фактiсi болғанын, одан қазақ халқы материалдық та, моральдiк те орасан зиян шеккенiн 
өткiр жазды. Джавахарлар Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, көпке әйгiлi 
публицист-жазушы Әнуар сол жылғы Лениндiк сыйлыққа ұсынылғандардың тiзiмiнде 
болатын. СОКП Орталық Комитетiндегi сырлас жолдастарымның бiрiнен ондағы 
шовинистердiң Лениндiк сыйлықты алуға бiрден-бiр кандидат Әнуарға дереу қарсы шара 
қолданып, оның аты-жөнiн тiзiмнен сыздыртып тастағанын естiп: «Кесiрiм тиiп кеттi-ау! 
Кейiн айтпай, неге ғана асықтым екен?!» - деп қатты өкiндiм» [8]. Қорытындылай 
келе 
айтсақ, Әнуар Әлімжановтың бойынан тұлғалық қасиеттерді толық көре аламыз. Бала кезінен 
бастап, өмірдің түрлі қиындықтарына тап болғанына қарамастан, алға ұмтылу арқылы қазақ 
қоғамындағы беделгі жазушы және қоғам қайраткеріне айналды. Өзінің өмір жолында қазақ 
халқының рухани мұрасын көтеріп, оны сақтап қалуға өз шығармаларын арнап жазды. 
Солардың ішінде, бүкіл әлемге танымал болған «Ұстаздың оралуы» атты шығармада 


105 
Фарабидің өміріне тоқталып, оның қазақтың қыпшақ руынын шыққандығын дәлелдеуі, Әнуар 
Әлімжановты тек жазушылық қасиетін көрсетіп қана қоймай, оның қоғамдық қызметтерінде 
көрсетеді. Ол қазақ жастарына отаншылдық намыс, өзінің ұлтының мүддесіне шексіз 
бағытталған жігерін, аталы сөздерін, том-том шығармаларын мұра етіп қалдырды. Кеменгер 
тұлғаның бүкіл өмірі-ұлттының рухани санасын көтеруге қалтқысыз қызмет етудің үлгісі 
десек қателеспейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет