Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



Дата06.01.2022
өлшемі19,88 Kb.
#14278

"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер үшін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

      1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;

      2) гнус – адам денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктер (масалар, соналар, майда шыбындар, есекқұрттар, бәкене шыбындар) тобының біріккен атауы;

      3) далалық дезинсекция – қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою немесе адамдар болатын орындардың айналасына қорғаныш аймақтарын құру;

      4) далалық дератизация – кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою және адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясының дамуын болдырмау;

      5) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      6) дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;

      7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеуалдында тазарту, стерильдеу (стерильдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулоцидтер;

      8) дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

      9) дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

      10) жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция;

      11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық табиғаттың құралдары (препараттар);

      12) имаго – буын аяқтылардың дамуының ересек (жыныстық жетілген) сатысы;

      13) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;

      14) кедергілік дератизация – кеміргіштердің, инфекция тасымалдаушылардың көшуінің алдын алу мақсатында қолданыстағы (физикалық, химиялық, биологиялық) әдістердің кез келгенін пайдалана отырып, кеміргіштерді жою үшін тұрақты немесе уақытша елді мекендердің, сондай-ақ тұрғындардың демалыс орындарының, сауықтыру мекемелерінің айналасында ені кемінде 200 метр қоғаныш аймағын құру;

      15) кенттік дезинсекция – елді мекен шегінде зиянды жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;

      16) кенттік дератизация – тұрғын үй-жайларда (ғимараттарда), қора-қопсы құрылыстарында, мал шаруашылығы, өндірістік, қойма және өзге де үй-жайларда, сондай-ақ елді мекен шегіндегі ашық аумақта кеміргіштерді жою;

      17) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;

      18) қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;

      19) орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериясы), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция;

      20) ошақ – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

      21) ошақтық дезинфекция – ошақтарда инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және (немесе) жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция;

      22) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және (немесе) пайдалану нысаны;

      23) репеллентті құралдар – буынаяқтыларды немесе кеміргіштерді үркітетін химиялық заттар;

      24) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерге қарсы күреске арналған препараттар (құралдар);

      25) стерилизация – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;

      26) төмен деңгейдегі дезинфекция – бактериялар, кейбір грибоктар жойылатын, бірақ туберкулез микобактериясы сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет