ӘДЕБИЕТ
[1] Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1956. – 340б.
[2]
Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. – Алматы: Жазушы, 1976. – 471 б.
[3]
Бес ғасыр жырлайды. Құрастырғандар: Мағауин М., Байділдаев М, – Алматы: Жазушы, 1989. – 384 б.
[4]
ҚТТС. 7-том. – Алматы: Ғылым, 1983. – 624 б.
[5]
ҚТТС. 8-том. – Алматы: Ғылым, 1985. – 591 б.
[6]
Алдаспан. Құрастырған: Мағауин М. – Алматы: Жазушы, 1971. – 278 б.
[7] Ислам энциклопедиясы. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясыˮ Бас редакциясы, 1995. – 288 б.
[8]
ҚТТС. 6-том. – Алматы: Ғылым, 1982. – 624 б.
[9]
ҚТТС. 5-том. – Алматы: Ғылым, 1980. – 640 б.
[10]
ҚТТС. 9-том. – Алматы: Ғылым, 1986. – 560 б.
[11]
Жумабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 154 б.
REFERENCES
[1]
Ismailov E. Poets. Almaty: QMKÄB, 1956. - 340p.
[2]
Tazhibaev A. Years thoughts. Almaty: Writer, 1976. - 471 p.
[3]
Five centuries sings. Compiled by: Magavin M., Baydilidaeva M: Scholastic, 1989. - 384 p.
[4]
QTTS. Volume 7. Almaty: Science, 1983. - 624 p.
[5]
QTTS. 8. Almaty: Science, 1985. - 591 p.
[6]
Aldaspan. Compiled by: M. Magavin Almaty: Writer, 1971. - 278 p.
[7]
Encyclopedia of Islam. Almaty: "Kazakh encyclopedia of the Editorial Board, 1995. - 288 p.
[8]
QTTS. Volume 6. Almaty: Science, 1982. - 624 p.
[9]
QTTS. Volume 5. Almaty: Science, 1980. - 640 p.
[10]
QTTS. Volume 9. Almaty: Science, 1986. - 560 p.
[11]
Zhumabaev M. Pedagogy. Almaty: Mother tongue, 1992. - 154 p.
Асан Қайғы мен Қазтуған жыраудың шығармаларындағы діни сөздер
Сабдалина Ә.Қ.
alia_sabdalina@mail.ru
Кілт сөздер: өлең жолдары, түсініктемелер, араб, парсы элементтері, кірме сөздердің бастапқы формалары.
Аңдатпа: Тіл тарихын зерттеуде әр тарихи кезеңге тән шығармалар тілін зерттеу – өзекті мәселе. Бұл ретте ата-
бабаларымыздың рухани бастауының бір тармағы – жыраулар поэзиясына үңілмей кету мүмкін емес. Мақала барысында
XV-ғасырда өмір сүрген Асан қайғы мен Қазтуған жыраудың рухани әлеміне тоқталдым.
Соның ішінде Асан қайғы мен Қазтуған жырау поэзиясында кездесетін діни сөздерді анықтап, олардың
фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшелігін сипаттауға тырыстым.
Sabdalina A.K. Editor “Republican television radio corporation Kazakhstan”
Поступила 15.03.2015 г.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
125
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 2, Number 300 (2015), 125 – 128
ӘОК 622.011.4+622.023
Learning the basics of designing information technology tools
for the vocational training of future teachers
1
Kozhamkulova Zh.Zh.,
2
Koyshieva Т.K.,
1
Yessentayev K.U.
esentaev_kairat@mail.ru
1
Kazakh state women’s pedagogical university, Almaty, Kazakhstsan.
2
H.A.Yassavi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan.
Key words: Personality, Pedagogical specialty, information technology, model.
Abstract: This work deals with the describtion of bases of designing of training to means information
technologies in the course of vocational training of the future teachers
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде ақпараттық
технология құралдарына оқытуды жобалау негіздері
Қожамқұлова Ж.Ж., Қойшиева Т.Қ., Есентаев Қ.Ө.
esentaev_kairat@mail.ru
Қазақ мемлекетттік қыздар педагогикалық университеті
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Тірек сөздер: Жеке тұлға, педагогикалық мамандық, ақпараттық технологиялар, модель.
Аңдатпа: Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде ақпараттық технология
құралдарын оқытуды жобалау негіздері қарастырылған.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында
«жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға
деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін
таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың
дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне
байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді.
Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-
жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге
асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі
жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық
білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі
тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілді. Жоғары
педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды.
Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл,
мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен
техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
126
Осындай талап деңгейіндегі маманды даярлау жоғары оқу орындарының үлесіне тиеді.
Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес
кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік
және дағдылардың жиынтығынан тұраты күрделі үрдістің жемісі, яғни осы кәсіптік топ
шеңберіндегі қызмет түрі. Білім деңгейі мен кәсіптік деңгейді ұдайы арттырып отыру қажет, себебі
ғылым мен техниканың даму нәтижесінде білім тез ескіреді; ғылыми ақпарат көлемі тез өсіп, жаңа
білім салалары дамыды, жаңа мамандықтар енгізу мен басқаруды ғылыми негізде жетілдіру
қажеттігі туды. Міне, осыдан келіп әрбір адамның бүкіл өмір бойына білім алуына, оны
толықтырып, жетілдіріп отыруына мүмкіндік жағдай жасалуда.
ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке
мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей
астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық
(психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, синергетиканың,
экологияның, микроэлектрониканың және т.б. жаңа ғылымдардың ролі мен мәні туралы
түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тән ерекшеліктердің
бірі.
ХХ-шы ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына және
адамзат әрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кәсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім
беруге, әлеуметтік мәселелерге және т.б. әсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзі-өзі
дамыту, жүйелілік және басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді.
Қоғамды дамытудың қазіргі замани кезеңі үшін келесі факторлар мен міндеттер тән [1, 2]:
адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларынан шешім қабылдауды жеңілдету, олардың мән-
мағынасын оңтайландыру үдерістерін компьютерлендіру;
табиғат пен қоғамның даму үдерісіндегі ақпарттың ролінің арта түсуі, оны алу (таңдау),
жинақтау, өңдеу және мақсатты түрде қолдану құралдарын жетілдіру қажетілігі;
болып жатқан үдерістердің мән-мағынасының сипаттамасы ретіндегі ақпарат пен
энтропияның өспелі ролі;
неғұрлым жетілген ақпараттық технологияларды жасау, таза ақпараттықтан компьютерлі
интеграцияланған өндіріске өту, ары қарай ақпараттық қорды жетілдіру;
ақпараттық үдерістерді интенсификациялауға ұмтылу: хабарларды тасымалдау
жылдамдығын арттыру, ұсынылатын ақпараттың көлемін арттыру, ақпаратты өңдеуді және оны
ендіруді жеделдету, кері байланыстарды, ақпаратты көрнекі бейнелеуді неғұрлым толық түрде
қолдану, басқарушылық еңбекті техникалық жабдықтауды арттыру;
адамзат потенциалын неғұрлым тиімді қолдануға ұмтылу, сәйкесінше материалдық
жағдайларды, ұнамды психологиялық климат жасау;
ЭЕМ-нің бірқатар есептеу, бақылау және басқарушының қызметтерін тасымалдау
жолымен адамның ақыл-ой іс-әрекетінің мүмкіндіктерін көбейте түсу;
ақпараттық технологияларды жетілдіру, компьютерлік интеграцияланған өндіріс жасау;
ақпараттық тілдердің қалыптасу тарихын ескере отырып, оларды жетілдіру: сөйлеу тілі,
жазба ғылыми тіл (құрылымдау мен формальдауға ұмтылу) метатіл (табиғат пен қоғамның
неғұрлым жалпы заңдылықтарын қолдану);
басқару факторын жетілдіру жолымен, оның мәнін күшейту;
даму үдерісінде өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және жүйелік ыңғайдың ролін
арттыру; жүйе параметрлерінің нормадан ауытқу мәнін есептеу;
басқару үдерістеріне, шешім қабылдау үдерістерінің тиімділігіне көңіл бөлуді күшейту.
Барлық қарастырылған үдерістерді, ұғымдарды, факторларды олардың тұрақты өзгеру
жағдайында, философиялық көзқарас тұрғысында ой елегінен өткізу; оларды бір жүйеге біріктіру -
өте күрделі мәселе болып табылады. Академик Р.Ф.Абдеевтің «Ақпараттық өркениеттің
философиясы» деген танымал монографиясы осы бағытқа арналған. Ол ұсынған қоршаған орта –
сызықты емес заңдылықпен өмір сүретін, өзін-өзі ұйымдастыратын ауқымды жүйе [1,13б]. Адамзат
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
127
қоғамында өзін-өзі ұйымдастырудың көрінісі, табиғатты қорғауда, қарусыздануда, мемлекеттерді
интеграциялауда жалпы адамзаттық құндылықтардың арта түсуі арқылы айқындалады.
Қазіргі заманғы информатиканың ережелерін ескере отырып философиялық ғылымның
жетістіктерін жалпылау келесі қорытындыларды жасау мүмкіндігін береді:
даму үдерісінің мәні ақпаратты мақсатқа сай жинақтаумен, оны келешекте ретке келтіру,
құрылымдаумен айқындалады;
адамзат қоғамындағы даму үдерісі басқару және өзін-өзі басқару контурларының ұлы
жиынтығынан құрастырылады. Әрбір мұндай контур, тікелей және кері ақпараттық
байланыстармен тұйықталған, басқарылатын объекті мен басқарылатын субъектіден тұратын,
мақсатқа бағытталған ақпараттық-басқарушы үдерісті құрайды;
жүйенің белсенділігінің басы кез-келген басқарушылық үдерістің бастапқы
міндеттерімен – мақсатқа сай қызметі мен ауытқуымен байланысқан. Ауытқусыз ақпарат пен
басқару үдерісі болмайды, даму да болмайды;
жүйе ортадан бөлек түрде белсенділік таныта алмайды, тек ортамен өзара әрекеттесу
ғана, яғни бұл кезде пайда болатын ауытқулар, қарама-қайшылықтар жүйенің белсенділігіне, оның
өзін сақтап қалу бағытындағы ілгерілеуіне қажетті жағдай жасайды;
кез келген түрдегі реттілік, қоршаған ортаның жүйеге қандай-да бір әсерінің нәтижесінде
пайда болады, ол өзгермелі жағдайға бейімдейді, өзі үшін пайдалы ақпаратты жинақтайды;
басқару механизмі эволюция үдерісінде заңды түрде пайда болатын спецификалық
тұрғыда ұйымдастырылған материя қозғалысының формасы. Ол екі өзара байланысқан, кері
байланыстармен тұйықталған контурлардағы ақпаратты мақсатқа бағытталған көпциклді
түрлендірумен шектелетін және жүйенің басқарылатын объектісінің тұрақтылығын сақтауды және
ақпаратты таңдау және жинақтау жолымен оны ұйымдастыру деңгейін одан ары қарай көтеруді
функциональды түрде іске асырады.
Осылайша бейнелеу белсенділігі мен циклдікке негізделетін басқару үдерістері мен танымның
ұқсастығын атап көрсетеді:
таным үдерісіндегі кері байланыстың (КБ) бірінші контуры – сынақтан өткізулер,
бақылаулар, ақпарат жинаудың көпретті циклі, яғни тәжірибеден алынған эмпирикалық білімнің,
мазмұнның аймағы;
екінші контур – ақпаратты таңдау, жалпылау, кезектегі салыстырмалы шындықты
анықтауға талпыныс жасау.
Басқаша айтқанда, 1 контурда КБ құбылыс жақын қабылданады, ал 2 контурда оның мән-
мағынасы танылады, мән-мағынаға жету объектіге неғұрлым мақсатқа сай әсер ету, неғұрлым нәзік
эксперименттер іске асырылуы барысында тереңдей түседі.
Біздің зерттеу жұмысымыз бойынша Р.Ф.Абдеев ұсынған «ақпараттық құрылымдарды
ұйымдастыру үдерісінің ойша моделі» және оны ЭЕМ буындарының дамуы мысалында
интерпретациялау үлкен қызығушылық тудырды.
Модельді жасау екі алғышартқа сүйенеді: жүйелілік, жинақылық және өзіндік ұсыну, оларды
қазір таным шындығының барлық деңгейлерінде дамытылады, бұл даму құбылысын толығымен
екі қарама-қарсы бағыттың – ұйымдастыру мен дезорганизацияның күресі ретінде қарастыру
мүмкіндігін береді. Ең жоғары энтропиядан басталатын даму үдерісі, жалпы түрде құрылымдық
ақпаратты жинақтау үдерісі ретінде сипатталуы мүмкін. Ұсынылған модель координаталар
жүйесінде «қысыңқы спираль» түрінде болады, яғни, ойша үш өлшемді кеңістікте энтропия
ақпараттың жинақталуы барысында перифериядан орталыққа қарай ығысады (модельдің осіне
қарай) бұл мезгілде берілген объектіні ұйымдастыру деңгейі оны дамыту үдерісінде сәйкесінше
өсетіндігін білдіреді.
Осылайша бұл ақпараттық құрылымның өзін ұйымдастыру үдерісі келесі кезеңдермен
анықталады:
екілік санау мен электрленуге өту (бастапқы секіру, электромагниттік реледен
электромагниттік лампаларға төңкеріс арқылы өту) – ЭЕМ-нің І буыны;
ЭЕМ-нің І буынынан ІІ буынына және ІІ буынынан ІІІ буынына өте де осындай төңкеріс
сипатында болды және «ескі элементтерден (электронды лампа – жартылай өткізгіш – интегралды
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
128
схема) әрекет ету жылдамдығы 1-2 рет жоғары болатын жаңалардың пайдасы үшін бас тарту керек
болды»;
ЭЕМ-нің ІІІ буынынан ІV буынға және V буындарына өту кезінде элементтік база
(интегралдық схема): «ИС – ОИС (орта интегралдық схема) – ҮИС (үлкен интегралды схема) –
ӨТИС (өте үлкен интегралды схема)» жетілдірілді. Дамудың бұл кезеңі эволюциялық үдеріс
ретінде сипатталады, яғни ол барлық бөліктерді сақтау барысында жекелеген бөліктерді
жаңартуды іске асырады, жаңа жетістіктердің пайда болуына байланысты оларды жедел және
экономиялық түрде ендіреді;
есептеу техникасын ары қарай дамыту сапалық басқа қағидаларды талап етеді. Өте үлкен
көлемдегі ақпараттарды замани ЭЕМ-нің көмегімен өңдеу барысында пайда болатын
қиыншылықтар мен техникалық прогрестің объективті қажеттіліктері қарастырылып отырған
сала бойынша жаңа революциялық төңкерісті даярлауда (оптикалық ЕМ, биокомпьютерлер және
т.б.)
Жоғарыда айтылғандарға байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді, құралдарды
жобалауға, жасауға, қолдануға, байланысты ақпараттық технологиялардың құралдарын өзіндік
ұйымдастыру үдерісін, олардың техникалық құралдарға тікелей қатынасын ескере отырып
баламалы модельмен сипатталатындығын болжауға болады [3, 4, 5]. Мұндай модельді құру үшін
АТ құралдарын дамыту үдерісіне әсер ететін басқа да құраушыларды: олар негізделген
формальды аппараттардың даму деңгейін; бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейін; АТ
құралдарын адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдану арқылы және т.б. ескеру керек.
Сондықтан ғылыми дүниетанымда жаңа технологиялардың орны ерекше, себебі ол заманауи
ақпараттық технологияларды қоғамның барлық саласында және ғылыми-техникалық зерттеулерде
кеңінен қолданылуынан келіп туындайды. Ғылыми-техникалық революциямен бірге өмірге келген
ақпараттанудың ғылыми салалары, ақпараттық технологиялардың дамуындағы ішкі заңдылықтары
мен логикасын, оны өндіргіш күшке айналу үдерісін арттыра түсті.
Қорыта айтқанда оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданып оқыту арқылы
дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Ал біздіңше жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде заманауи ақпараттық
технологияларды оқу үдерісінде қолдану жаңа оқу пәндерінің пайда болуына алып келеді және
осыған байланысты оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастырудың өзектілігі артады.
Основы проектирования обучения средствам информационной технологий
в процессе профессиональной подготовки будущих учителей
Қожамқұлова Ж.Ж., Қойшиева Т.Қ., Есентаев Қ.Ө.
Ключевые слова: Личность, педагогический специалнось, информационные технологии, модель.
Анотация: В работе описано основы проектирования обучения средствам информационной технологий в процессе
профессиональной подготовки будущих учителей.
ӘДЕБИЕТ
[1]
Абдеев Р.Ф. Философия информационной цивилизации. –М., 1994. -336с.
[2]
Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. –М., 1991. -280 с.
[3]
Педагогика профессионального образования. Под редакцией В.А.Сластенина. М.:ACADEMA, 2004. -368с.
REFERENCES
[1]
Abdeev R.F. Philosophy of informational civilization. –М., 1994. -336 p.
[2] Rakitov A.I. Philosophy of computer revolution. –М., 1991. -280 p.
[3] Pedagogy of professional education. Ed. V.A. Slastenin. М.:ACADEMA, 2004. -368 p.
Поступила 15.03.2015 г.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
129
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 2, Number 300 (2015), 129 – 132
Spritual unity of thinkers contributed to the devolopment
of kazakh culture – Abai and Shakarim
Doszhan R.K.
Raihanchik01@mail.ru
L.N.Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
Key words: Abay, Shakarim, spiritual succession, the spiritual idea.
Abstract. The article deals with the features of poetics of Abay and Shakarim, the contribution of poets to
development of the Kazakh poetry, poetic features of their verses, poems and prosaic works. The beauty of their
words and verses are connected with deep reflections about an essence of god, human and life. Both poets bring a
huge contribution in creation of philosophical poetry. Shakarim’s outlook and his views are continuation of
Abay’s poetry. At the same time Kazakh poetical art is enriched with new forms, word combinations and song
patterns. The versatile beauty of Kazakh poetry is exposed in their creative activity in full.
Духовное единство мыслителей, внесших вклад
в развитие казахской культуры – Абая и Шакарима
Досжан Р.К.
Raihanchik01@mail.ru
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, факультет социальных наук, г. Астана, Республика Казахстан
Ключивые слова: Абай, Шакарим, духовная преемственность, духовная идея.
Аннотация. В статье расскрываются вклад Абая и Шакарима в казахской поэзии, поэтические
особенности их стихов, поэм и прозаических произведений. Красота их слов и стихов связаны с глубокими
размышлениями о сути бога, человека и бытия. Оба поэта вносят огромную лепту в создание
философствующей поэзии. Мировоззрения и цели Шакарима является логическим продолжением поэзии
Абая. При этом казахское поэтическое искусство обогащается новыми решениями, словосочетаниями и
песенными узорами. Многогранность и красота казахской поэзии раскрываются в их творчестве во всей ее
полноте.
Ұлы жазушылар мен ақындардың тағдырлары да олардың туындылары сияқты көбіне әсерлі
әрі мәнді болады. Тап осындай тағдырларға ойшыл-гуманистер – Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.)
пен Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931 жж.) өмірлерін жатқызуға болады. Олар қазақ
мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан қазақ халқының екі ұлы данышпандары.
Екі ақын да біздің жерлесіміз – Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау маңында, бетеге дала
төңірегінде дүниеге келген. Шыңғыстау атауының өзі қайда жатыр?! Аңыз бойынша, осы таудың
шыңында ұлы хан Тимуджин, яғни Шыңғысханның даңқы шыққан. Түркі халқының түсінігінде,
дала – ауқымдылық, кеңдік, болмыстың ақиқаттығы, ал таулар – ұлылық, даналық, рухтың
биіктігін білдіреді. Екі ұлы тұлғаның осындай жерде туылуы кездейсоқ нәрсе емес. Шыңғыстау
мен жазық даланың күші мен құдіреттілігі ұлы жерлестеріміздің өмірлері мен
шығармашылықтарына әсер етпей қоймады.
Екі ақын да қазақ халқының тарихындағы қиын-қыстау кезеңінде өмір сүрді. Абай
патриархалды-рулық бастаулардың ыдырауы мен капитализмнің құрылуы дәуірінде өмір сүрді.
Шәкәрімге сталиндік репрессияның балғасына леккен жақсы өмір туралы таза идеялардың апатын
көруге тура келді. Сондағы құрбандардың бірі болған Шәкәрім 1931 жылы атылды.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
130
Абай мен Шәкәрім әрі қандас әрі рухани байланысқан екі тұлға. Олар бір отбасынан, туған аға
мен жиен болып келеді. Бірі екіншісінің жолын жалғастырды. Абай қазақтың жаңа реалистік
әдебиетінің негізін салушы, қазақтың әдеби тілінің іргесін қалаушы ретінде белгілі. Шәкәрім
Құдайбердиев өзінің өмірлік және шығармашылық жағынан бағыттаушысы болған Абайдың
идеялары мен шығармашылық ізденістерінің жалғастырушысы болды. Ақын, прозашы,
аудармашы, музыка теоретигі, ойшыл Шәкәрім бізге тек өлеңдер мен дастандар ғана емес,
прозалық туындылар, философиялық және тарихи еңбектер де қалдырды.
Абай мен Шәкәрімнің рухани бірлігі олардың дүниені қабылдаудағы ұқсастығынан және
«зиян келтірме» деген қоршаған әлемге қарым-қатынастарынан көрінеді. Адам – ғалам бірлігі,
оның қоршаған ортасы қалай өмір сүргеніне байланысты болады. Абай мен Шәкәрімнің ізгілігі
олардың өмірі мен шығармашылығында өшпес із қалдырды. Абайдың «Адам бол!» дегені
Шәкәрімнің «Адам немене?» дегенімен байланысады. Адам ақыл-оймен, сұлулық заңымен өмір
сүруі керек, ал ол үшін ғылымға қол жеткізіп, қажымай еңбек етіп, рухани мінсіздікке жетуі қажет.
Еңбексүйгіштік, білім аңсау және ізденгіш ақыл, өзінің адами қадір-қасиетін ұғыну және өз
пікіріне ие болу, әділетсіздікпен күресе білу және қастыққа қарсы тұра білу – Абай мен
Шәкәрімнің өз замандастарынан көргілері келген қасиеттердің бірі.
Бұл идеялар өмірінің соңғы жылдары жазылған Абайдың нақыл сөздері – «Қара сөздерінде»
айқын және терең көрінеді. «Қара» терминінің «сөз» терминімен тіркесуі көп мағынаны береді:
ұйқас сөздер мен мәтінге қарағанда прозаны білдіреді, қайғыны да білдіреді, сайып келгенде түркі
мәдениетінен келе жатқан маңыздылықты, мәнділікті білдіреді. «Қара сөз» жанры бойынша
Шыңғысхан дәстүріндегі «билик» атауына жақын, яғни үлгілік мағынаға ие болатын орынды
нақыл сөз, өмірлік мысалдар туралы әңгіме. Еуропалық дәстүр бойынша, «Қара сөз» - бұл ұшқыр
ой, қанатты сөз (афоризм), кеңес жанры. Бұл, сонымен қатар, оқырманға тікелей үндеу, ашық
әңгіме, халық тағдыры аясындағы өмір философиясы.
Ал мағынасы бойынша «Қара сөз» - өкіну, яғни тәубеге келу, тікелей жауапты жанр, себебі
бұл қадірлі адамның барша әлем алдында сөйлеуі, және де бұл жазушыдан берік шындықты және
адалдықты талап етеді. Тәубешілік ету жанры (жанр исповеди) әлем әдебиетінде сонау Марк
Аврелий, Петр Абеляр, Блез Паскаль және Жан-Жак Руссо кездерінен белгілі. [1]. Алайда түркі,
әсіресе қазақ әдебиеті үшін көбінесе эпостық сипаттағы жанр – теңдессіз құбылыс. Бұл - жанның
ақтарылуы, адам өмірінің опасыздығы туралы терең тіпті ащы ойға бату.
Абай жас ұрпақты тұйыққа тірейтін жалған құндылықтар мен бағыттар туралы айтып іштей
қынжылады: өзін басқалардан артық көріп, дәріптеушілік, бекершілік, жасықтық, надандық,
мансап құмарлық, менменшілдік және маңыздылыққа, жақсылық пен қастыққа, армандарға
немқұрайлық. Сезімнің суықтығы, келісім мен бірліктің жоқтығы, жоғарыға деген ұмтылыстарды
жоғалту – осының барлығы жанның жалғызсырауына әкеп соғады. Мұндай адам өшіп бара жатқан
тұлға, мұндай халықтың болашағы болмайды. Сондықтан қоғамның жетілмегендігі және ақыл-
ойдың құдіреттілігіне, тарих арқылы жиналған ішкі әлеуетке сенім мен үміттің дамымағандығы
жөнінде жазушы-гуманистің мұңы мен күйініше сондай терең. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті
отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? – деп сұрақ
қояды ойшыл-гуманист. - Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал». Халық көп
болуын тоқтату үшін халқым деп күйетін білімді адамдар керек, және мәдениет пен өзін-өзі
оқытудың қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет. Абай оқуға, қоршаған әлем мен өзін-өзі тануға,
болашаққа талпына отырып табиғат пен қоғамның құпия-сырларын ашуға, ақылды және әділ
болуға, әрдайым дамып, жетілуге ынтыға шақырады. Бұл сөздер әлі күнге өзектілігін жоғалтпаған.
Сондықтан 2007 жылы «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акцияда қазақстандықтар барлық
ел болып оқу үшін басты кітап ретінде «Қара сөздерді» таңдады. [2].
Абайдың идеяларына үндестікті Шәкәрімнің шығармашылығынан табамыз. Өзінің «Үш
ақиқат» туындысында Шәкәрім адами ішкі мазмұнның басты негіздерін атайды. Шәкәрім бойынша
адамда танымның үш қабілеті бар: ақыл, сезім және жігер. Бірақ ең бастапқы шындық – бұл ар-ұят.
Дәл сол ар-ұят адамгершіліктің өзегі, адамның рухани жетілуінің тірегі болып табылады. Ол ақыл-
ойды дұрыс жолмен жетелеуі керек және ерік-жігерді дұрыс пайдалана алуға әкелуі керек:
«адамның сыпайылығы, әділеттілігі, ізгілігі – осының барлығын біріктіріп, бір сөзбен – ар-ұят деп
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015
131
айтамын. Осыған ақыры сенбеген жүректі ешбір ғылым, ешбір өнер, ешбір жол және ешбір заң
тазарта алмайды. [3].
Абай мен Шәкәрім, сөзсіз, өз заманының ең білімдісі және өз елін шексіз сүйетін нағыз
патриоттар болды. Олар түркі халқының әдебиетінде қазақ жазушылары мен ақындарының ең
керемет өкілдері болып саналады. Шығыс мәдениеті мен түркі халқының әдебиеті Абайды да,
Шәкәрімді де әрдайым қызықтырды. Екеуі де араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Олар
ерте заманғы көркем мұралардың түпнұсқаларын оқып, ондағы сюжеттерді кесіп алып, өз
туындылары үшін шығармашылықпен өңдеген. Бірақ Абай мен Шәкәрім шығармаларының
идеялық-көркемдік мазмұны шығыстық үлгіден әрдайым ауқымырақ, себебі жазушылар әрбір
тундыны өзіндік әлеуметтік-көзқарастық тұғырынан өткізіп ұғынған.
Мысалы, Абайдың шығармашылық мұраларында дастандар (поэма) бар: «Ескендір»
поэмасының негізінде Александр Македонский мен дана Аристотель туралы дәстүрлі шығыс
сюжеті бар, «Мың бір түн» ертегісінің бір тарауы «Азім әңгімесі». Ағартушылық жолында нақыл
«Масғұт» поэмасы да жазылған. Бірақ оларды жазу барысында Абай ұқсас қазақ аңыздарына,
сонымен қатар олардың басқа түркі халықтарының фальклорында кездесетін нұсқаларына
сүйенеді. Ең бастысы – өзінің дүниетанымдық көзқарастарын сақтап қалды. Сондықтан, басқа
түркі авторларына қарағанда «Ескендір» поэмасында Абай өз заманындағы қазақ байлары сияқты
болған Александр Македонскийдің бейнесін менменшіл, күншіл және екіжүзді адам ретінде
бейнелейді. Ал өз заманындағы идеалды Абай «дананың данасы», патша тәлімгері Аристотельдің
бейнесінде көрсетеді.
Бұл поэмалар қазақ әдебиетінің лира-эпостық жанрының дамуына көп жаңалық енгізді.
Сонымен қатар олардың қазақтың жазбаша әдебиетіндегі дамудың жаңа кезеңі – эпостан поэмаға
өту кезеңін айқын көрсеткенін айта кету керек.
Шәкәрім Абай дәстүрін жалғастырып өзінің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын шығарады. Алайда
ол өзіне дейінгі әйгілі ізашарлар – Низами мен Навоиға сүйене отырып, XIX ғасырдағы қазақ
тұрмысынан алынған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың үйлесімді көрінісін қолдана отырып,
аңыздағы өзіндік қабылдауын ұсынады. Шәкәрім де Абай сияқты өзінің ізгілік пен ағартушылық
сынды өмірлік қағидаларын ұстанады. Ол әйел бейнесін жаңаша түсіндіреді, қандай да бір
қызығушылықтары мен тілектері жоқ маңызсыз тауар ретінде қалыптасқан әйелге деген орта
ғасырлық пікірге наразылық білдіреді.
Абай мен Шәкәрімнің көптеген поэзиялық тұжырымдары адам және оның кемелі мен үйлесімі
өмірдің басты қайнар көзі болып келетін Шығыс даналарының қанатты сөздерімен
(афоризмдерімен) үндеседі. Мысалы, Шәкәрімнің сөз, поэзия, ақындық тұлғаның әлеуметтік-
қоғамдық маңыздылығы туралы ойлары түрік жазушысы Ахмед Хашимнің идеяларына жақын:
Мен нағыз патша емеспін бе? Менің әскерім – менің өлеңдерімнің жолдары. Өлеңдер ескі
дәуірдегідей қазір де өшпес мәңгілік. Және шыншыл өлең бәрін де басынан өткізеді. [4].
Шәкәрім XX ғасырдың басын қайшылықпен қабылдады. Ол жақындап келе жатқан апаттың,
дағдарыстың азапты сезімін бастан кешіреді және өз халқының азабына жаны күйзеле қайғырады.
Бұл орайда Шәкәрімнің «Жиырмасыншы ғасыр» өлеңіне ұқсас «XX ғасырдың бірінші жартысы»
атты өлеңі бар түрік ақыны Джахит Кюлебимен жақын деуге болады.
Шәкәрім өз шығармашылығында тікелей түркі тақырыбына да бет бұрады. «Қазақтың түп
атасы – батыр Түрік» шығармасында ол түркі халқының тарихы мен этнографиясын суреттейді.
Сонымен қатар «Шежіре» еңбегінде Шәкәрім көшпенді халықтың тарихын көрсетеді. [5].
Біздің еліміздегі көптеген дамуларға географиялық, геосаяси және діни ерекшеліктер себепші
болды. Ғасырдан ғасырға өте келе ол батыс, шығыс және түркі әлемдік мәдениеттердің әсерін
көреді. Осы тұрғыда Абай мен Шәкәрімді түркілер деп те, еуразияшылдар деп те атауға болады.
Екеуі де өз халқының демократиялық орыс және жалпыадамзаттық мәдениетті ұғыну арқылы
ағартушылық пен білімдегі экономикалық және мәдени даму жолдарын көрді. Абай В.Г.
Белинский мен басқа да революциялық демократтардың эстетикалық көзқарастарымен таныс
болды. Оған орыс сыншыларының өнер мен көркем сөзді тарихи прогресстің, қоғамның рухани
және адамгершілік дамуының құдіретті қозғалтқышына айналдыру ұмтылыстары жақын.
Абай ұлы орыс жазушыларының шығармаларын аударумен айналысқан. Мұнда да ол өзінің
ізгілік, ағартушылық міндеттерін ұстанып қалды. Ол тек өзінің идеясы мен көңіліне жақын
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
132
туындыларды ғана аударды. Ұлы орыс ақыны Пушкиннің көптен күткен ой-толғанысы мен сезімі,
оның жаңашыл өмір туралы ойлары мен өнегелі идеалы жүзеге асқан ең бір ықыласты
шығармаларының бірі – «Евгений Онегин» Абайға қатты ұнады.
Орыс әдебиетінің арқасында Абай батыс еуропа классикасының озық үлгісімен танысты. Ол
қазақ тіліне Шиллер, Гете, Байрон және Мицкевичтің кейбір өлеңдерін аударды.
Шәкәрім Құдайбердиев те көптеген туындыларды әртүрлі тілдерден аударған аудармашы
ретінде танымал. Шәкәрім өзі хат алмасып тұратын Лев Толстойдың еңбектерін аударған.
Шәкәрімнің аударған шығармаларының ішінде Бичер Стоу, Хафиза, Н.А. Некрасов және т.б.
еңбектері бар. Алайда қазақ арасында ең әйгілі болып Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы және
Пушкиннің «Боран», «Дубровский» шығармалары саналады. [6].
Абай мен Шәкәрім шығармашылығы көшпенді эстетикаға тән, яғни алға қарайғы тұрақты
қозғалыс, қиыншылықтарға төзімді болу және алға жылжып, мүмкін емес нәрсеге қол жеткізу.
Болашақты олар жетілген қоғамдағы жетілген адамнан көреді. Мақсатқа жетуге болады, ол үшін
адалдық, табандылық, сезімге адалдық қажет және махаббат үшін құрбандыққа бара алуы керек.
Егер адам еңбек пен білім жолында жүрсе, осы игі сапалар қалыптасады.
Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев қазақ мәдениетінде керемет тұлғалардың
қатарынан орын алады. Мұралары әлі күнге дейін өзекті, тіпті сан ғасырлардан кейін де олардың
туындыларынан қазіргі заманның ойландыратын сұрақтарына жауап тауып жатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |