98
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
даму моделін жетілдірудің маңыздылығын арттырады (Gafurov et.al,
2020).
Білім берудің цифрлық трансформациясының нәтижесі ретінде
келесі маңызды өзгерістердің пайда болуын қарастырған жөн деп
көрсетеді (Стариченко и др., 2013): - түбегейлі жаңа үлгілер мен
оқыту құралдарының пайда болуы (мысалы, дәстүрлі формаларды
жаңа ақпараттық технологиялармен біріктіретін гибридті, аралас және
мобильді оқыту);
- оқытудың жаңа формалары мен әдістерінің пайда болуы (мысалы,
оқу-тәрбие іс-әрекетінің түрлерінің кеңеюіне
әкелетін педагогикалық
тіректерді пайдалану негізінде оқу процесін ұйымдастыру);
- білім беру үрдісінің субъектілерінің ақпараттық өзара әрекеттесу
өрісін кеңейту (мұғалім мен білім алушыға интерактивті ақпараттық
ресурс қосылады);
- білім беруді интеллектуалдандыру және даралау (мысалы,
ақпаратты еркін іздеу, ақпарат ағындарын өңдеу, көп нұсқалы деректерді
талдау жағдайында өзара әрекеттесу, визуализация, жеке электрондық
ресурстарды, оның ішінде білім беру ресурстарын құру) [Стариченко и
др., 2013].
Жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды пайдаланып
оқыту, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыра отырып, болашақ
химия педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуда
негізгі фактор болып табылады. Мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігі
бірқатар еңбектерде (Н.В. Андронов, Е.Н. Волкова, Е.Ф. Зеер, Л.В.
Комаровская, И.А. Колесникова, Н.В. Кузьмина, М.И. Лукьянова, А.К.
Макова, Л.М. Митина, Е.И. Рогов, А. И., т.б.) көрсетілген. Отандық
ғалым Б.Т. Кенжебеков жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру жөніндегі пікірін «кәсіби құзыреттілік
– жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық
әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі», - деп тұжырымдаған (Кенжебеков
Б.Т., 2005).
Оқу-тәрбие
процесінің мәселелерін, ең алдымен оның тұтастығын,
оқытудың жаңа әдістерін көптеген Қазақстандық педагогтар, мысалы,
Ж.А. Қараев «деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын», М.М.
Жанпейісова «модульдік оқыту технологиясын» және тағы басқа да
ғалымдар зерттеді, қазіргі таңда оқу үрдісі
цифрлық технологиямен
байланыстырылуда. Заманауи концепциялардың авторлары В.А.
Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов және т.б. оқу үрдісінің
тұтастығының мәнін тек жүйелік тәсілдің әдістемесі негізінде ашуға
болады, яғни мұндай үрдістің барлық кезеңдері мен объектілерін жүйе