7. Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері –
1)білім –ауызша және жазбаша бақылау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 90%).
2) ААЖ КазҰМУ-де ОСӨЖ,СӨЖ тапсырмаларын орындау ( Microsoft Teams ,Hero Study)- суммативті бағаның 10%
8.БОӨЖ тапсырмасы. Тақырып бойынша жаттығулармен тесттерді орындау.
Жаттығулар: α-Кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияны қандай фермент жылдамдатады? Қандай кетоқышқылы осындай реакцияға түседі?
Қымыздықсірке қышқылының ҮКЦ-дегі ролі.
Янтар қышқылының тотығу реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияға қандай фермент қатысады?
ҮКЦ 3 молекула НАД-ты тотықсыздандыратыны белгілі. Бұл ҮКЦ –ның қандай реакцияларында жүретінін көрсетіңіз.
БТ тізбегінде флавин ферменттерінің тотығуы кезінде шамамен 19 кДж энергия бөлінеді. Тотығудан фосфорлану реакциясы жүруі мүмкін бе?
Тыныс алу комлексінің құрамына қандай ферменттер кірмейді?
Цх а-дан Цх b-ға электрондар тасмалдануы мүмкін бе? Неліктен?
Тест тапсырмалары: 1.ҮКЦ-не түседі: 1.лактат
2.ПЖҚ
3..гидроксимай қышқыл
4.ацетилКоА
5.глюкоза
2. Ацетил-КоА және қымыздықсірке қышқылы конденсацияланғанда Кребс цикілнің алғашқы аралық өнімі түзіледі. Осы өнім қалай аталады?
малат
цитрат
фумарат
цис-аконитат
альфа-кетоглутарат
3.Үшкарбон қышқылдарының циклінде тотығудан декарбоксилдену нәтижесінде соңғы өнім – көмірқышқыл газы түзіледі. Төмендегі қышқылдардың қайсысы осы үрдіске ұшырайды?
алма қышқылы
лимон қышқылы
фумар қышқылы
цис-аконит қышқылы
альфа-кетоглутар қышқылы
4.Кребс циклі биологиялық тотығуға қажетті мына субстраттарды жеткізуші болып табылады
пентозаларды
суды
алмастырылатын амин қышқылдарын
тотыққан дегидрогеназаларды
тотықсызданған дегидрогеназаларды
5. .Кребс циклі оттексіз жағдайда жүргенімен, аэробты деп есептеледі. Осы тұжырымның себебі қандай?
тотықсызданған дегидрогеназалар анаболикалық процестерге пайдаланылуы тиіс
тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде тотығуы тиіс
тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде тотықсыздануы тиіс
тотықсызданған дегидрогеназалар тотығудан декарбоксилденуге ұшырауы тиіс
тотықсызданған дегидрогеназалар тотығудан дезаминденуге ұшырауы тиіс
6.Төменде берілген реакциялардың қайсысы Кребс циклінің жиынтық теңдеуіне сәйкес келеді?
ацетил-КоА +3НАД + +АТФ
ацетил-КоА +2 ГТФ
ацетил-КоА 2 2 АТФ
ацетил-КоА 4 2 +АТФ
ацетил-КоА2 3 +АТФ
7.Кребс циклінде сукцинатдегидрогеназа ферменті янтар қышқылын фумар қышқылына айналдырады. Егер осы ферментті ингибирлесе, онда Кребс циклі тоқтайды. Осы жағдайда қандай нәтиже күтуге болады?
УТФ синтезі жоғарылайды
АТФ синтезі төмендейді
АТФ түзілуі артады
ТТФ түзілуі азаяды
ГТФ түзілуі тоқтайды
8.Биологиялық тотығу – бұл тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі, осы үрдістің нәтижесінде эндогенді су және энергия түзіледі. Осы үрдісте тағы қандай өнімдер түзіледі?
аммиак
лактат
көмір қышқыл газы
тотыққан дегидрогеназалар
тотықсызданған дегидрогеназалар
9. Үшкарбон қышқылдарының циклінде АТФ-тың тек 1 молекуласы түзіледі. Ол қандай реакцияның нәтижесінде түзіледі?
алма қышқылының тотығуы
ГТФ-тен ЦДФ-ке фосфаттың тасымалдануы
субстраттан фосфорлану
АТФ-тен УДФ-ке фосфаттың тасымалдануы
тотығудан фосфорлану
10. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):
ҮКЦ
БТ
ТФ
Заттардың арнайы жолдар арқылы АСҚ-на дейін ыдырауы
Дұрыс жауабын табыңыз
1. а, б, в, г
2. б, в, г, а
3. в, г, а, б
4. г, а, б, в
5. в, а, г, б
11. БТ-мен келесі процесс арасындағы сәйкестікті табыңыз:
1.Оттегін тасмалдау
2.Сутегі мен электрондарды тасмалдау
3.Электрондарды тасмалдау
4.СО2 тасмалдау
5.Н3РО4 тасмалдау
12. БТ тізбегінде АТФ-тің түзілуі келесі нүктелерде болады:
1.НАДН2-нің флавинферментпен тотығуында
2.ЦХО-ның тотығуында
3.Флавинферменттердің убихинонмен тотығуында
4.КоQН2-нің тотығуында
5.ФерроЦХв-ның тотығуында