Намаз үйренейік шымкент-2015



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата06.10.2023
өлшемі358,65 Kb.
#113249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
«Намаз үйренейік» К.К

ӘЖЕТХАНА ӘДЕБІ:
Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны
айтады:
«
Бисмилләһи, Аллаһумма, инни аъузубикә минәл
хубси уәл-хәбә-ис
». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас
нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-
шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны
оқып кірсек, еш зияны тимес.
Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: «
Ғуфранәкә
»
делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені әжетхана,
моншада Алланы жария түрде еске алып, зікір етуге тиым
салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білгені дұрыс:
 
Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;
 
Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;
 
Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде
дыбыс шығарып кіру;
 
Өзімен бірге Құран, хадис, т.б. сол сияқты
кітаптарды алып кірмеу;
 
Ер адам тіке тұрып дәрет сындырмау керек;
 
Лажы болса, құбылаға қарап алды-артымен отырмау
қажет;
 
Ас дәрет алатын орында сөйлемеу;
 
Тазаланғанда сол қолмен жуу немесе сүрту;


6
 
Кесек, не сумен, не арнайы оралған жазуы жоқ
дәретхана қағазын қолданып тазалану;
 
Бекерден бекерге ұзақ отырмау, өйткені ол жер
– лас, шайтан арбап түрлі ауруға ұшыратады;
 
Әжетханада газет оқуға, сәлемдесуге тиым салады,
т.б.
ДӘРЕТ ПАРЫЗДАРЫ:
(Парыз – Алла Тағаланың әмірі)
1) Бетті жуу; 2) Екі қолды шынтақпен қоса жуу; 3)
Бастың төрттен біріне мәсіх тарту, яғни сулы қолмен
сипау; 4) Екі аяқты тобығымен қоса жуу.
ДӘРЕТ СҮННЕТТЕРІ:
(Сүннет – Пайғамбарымыздың істеп кеткен амалдары)
1) Ниет ету; 2) Ағузу-бисмиллә айту; 3) Алдымен білекке
дейін екі қолды жуу; 4) Мисуәк қолдану; 5) Жуылған мүше
кеппей тұрып, екінші мүшеге көшу; 6) Ауыз бен мұрынға
үш реттен су жіберу; 7) Құлаққа мәсіх тарту; 8) Саусақтарды
айқастыра жуу, бір қолдың саусақтарын екінші қолдың
саусақтары арасына кіргізіп ысқылау; 9) Әр мүшені үш реттен
жуу; 10) Басқа толық мәсіх тарту; 11) Дәретті тәртібімен алу,
дәрет мүшелерін өз кезегімен жуу; 12) Қол-аяқты жуғанда
саусақ-бармақтардың ұшынан бастау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет