22
дұғасы, жолаушының дұғасы, шәкірттердің дұғасы, т.б. сол
сияқты, Инша-аллаһ қабыл болады.
НАМАЗДЫҢ ПАЙДАСЫ
Пайғамбарымыз (с.а.с.) кезінде: «Жамағатпен
оқыған
намаздың сауабы – жалғыз оқылған намаздың сауабынан
жиырма жеті (27) есе артық», – және: «үйінде жақсылап дәрет
алып, жамағатқа баратын адам – Алланың зияратшысы, зиярат
еткен адамға Аллаһ үлкен қошемет көрсетеді» – деген екен.
Намаздың пайдасы,
біріншіден, Алланың әмірін орындаған
боламыз, екіншіден, Адам намаз оқыса, жан дүниесі рухани
азықтанады,
адамгершілік, имандылық қасиеттерді өз бойына
жинап әдепті болар, үшіншіден, намаздың денсаулыққа пайдасы
бар, тіпті жанұядағы,
қоғамдағы пайдасы мол, төртіншіден,
намаздың пайдасы – қылмыстық күнә істер жасамайды.
Бесіншіден, жәннаттың кілті тозақтан перде болып қорған
болар, Құдай разы болар, жан беруі жеңіл болып,
дұшпаны дос
болар, қиыны оңай болып, әртүрлі дерттерден аман болғай, т.б.
ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Ғұлама Әл-Фараби бабамыз шәкірттеріне білім беруден
алдын оларға тәлім-тәрбие, әдептілікті үйретеді екен. Сол секілді
әдептілік ережелерін рет-ретімен төмендегіше келтіріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: