Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз


Нанообъектілердің механоактивациясы және механосинтезі туралы не білесіз?



бет29/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Нанотехнология негіздері (4)

39. Нанообъектілердің механоактивациясы және механосинтезі туралы не білесіз?
Механохимиялық синтез дегеніміз сұйықтар мен қатты денелерде кез келген механикалық әсер ету кезінде жүретін және заттарды құрылымдық және фазалық өзгерістерге ұшырататын жаңа химиялық қосылыстар мен композициялар түзетін физикалық-химиялық үдерістер жиынтығы. Механохимиялық үдерістер кәдімгі кристалл құрылымдардың түзілуі қиындаған кезде салыстырмалы төмен температурада жүзеге асады, бұл заттардың нанокристалды және аморфты жағдайда түзілуіне әкеледі. Бұл жағдайда механикалық активация мен механикалық синтезге (немесе құймаға) әкелетін үдерістерді қарастырады. Егер механикалық ісер ету кезінде жаңа бет қабатының құрылуы кристалдардың әр түрлі ақауларының жинақталуы мен қатты заттардың аморфтенуі орын алса, онда активация туралы айтуға тура келеді, өйткені жоғарыда көрсетілген барлық құрылымдық өзгерістер күштің кристалдарда жинақталуына әкеледі және келесі химиялық айналудың активация күшін азайтуға қабілетті. Алайда, егер механикалық әсер етумен бір мезгілде құрауыштар арасында химиялық әсер ету жүрер болса, онда синтездену туралы айтуға тура келеді. Бұл екі тусінік төмендегі түрде де тусіндіріледі: егер механикалық әсер ету мен кернеу өрісінің уақыты, сонымен қатар оның релаксация уақыты химиялық реакция уақытынан көп болса, онда жаңа қосылыстардың химиялық синтезіне әкелетін механохимиялық үдерістері туралы айтуға тура келеді. Механикалық әсер ету уақыты (кернеу өрісінің уақытының түзілуі) химиялық реакция жылдымдығының аз болған жағдайда, бұл екі үдеріс уақыт бойынша бөлінген және бұл механикалық активацияға жатады. Бұл екі жағдай да механикалық-химиялық өңдеуге жатады.
Механикалық-химиялық өңдеуді затты уату кезінде соққы мен ысылу эффектісі жүзеге асатын жоғары қуатты диірмендерде (планетарлы, дірілдік және т.б.) жүргізеді. Қандайда болсын ұсату қондырғысын (немесе басқаша айтқанда – механикалық реакторды) қолдану онда механикалық әсер етудің ерекшелігі ретінде ғана емес, сонымен бірге ұнтақ материялдарды уату мен синтездеудің нақты міндеттерін шешу болып анықталады. Егер дірілдік диірмендердегі негізгі әсер ету – бұл соққы болса,онда планетарлы диірмендерде өңделетін материал соққыға да, ысылуға да ұшырайды, яғни жылжымалы. Материалдағы құрылымдық өзгерістер қондырғының енергетикалық сипаттамасына (уату ыдысы мен платформасының айналу жылдамдығына), уату ыдысының көлеміне және оның ұнтақпен шарлар мен толу дәрежесіне байланысты.
Механикалық өңдеудің барлық дерлік жағдайларында ұнтақталатын бөлшектер бетінде не қоршаған атмосферадан газдарды адсорбцияға ұшыратқан аморфты қабат түзіледі не жаман қосылыстар түзіледі.
Сонымен, жана сапалы қабықшаға өтуіне де ықпал ететін бөлшектер бетінің модификациясы пайда болады. Өңделетін материал қасиеті оны құрушы фазалардың құрылымы мен қасиеті ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде анықталады.
40. Жоғары температурада өздігінен таралу синтезі қалай жүзеге асады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет