Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз



бет25/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
FeC2O4 = Fe + 2CO2.
Пробирка ішіндегі барлық ылғалдың барлықы ұшып кетіп, пробирка түбенде тек қара ұнтақ қалған кезде эксперимент аяқталды деуге болады. Қара ұнтақтың қасиеттерін зерттеу үшін оның магнитке деген қасиетін прибиркаға магнит жақындату арқылы көруге болады.
Пирофорлы темірдің қасиеттерін зерттеу үшін оны ақ қағаздан 1м қашықтықтан төгеді. Түсу кезінде нанобөлшектер қыздырылады да қағазды жандырып жібереді

  1. Күміс нанобөлшектерін қалай аламыз?

Қазіргі таңда нанотехнологияның қарқынды дамуы,наноматериялдарға деген сұранысты жоғарлатты, соның ішінде жан-жақты қолданылатын күміс нанобөлшектері, әсіресе медицинада, полирографияда,биологияда өте кең қолданысқа ие. Осындай үлкен сұранысқа байланысты күміс нанобөлшектерін алу әдістері өте көп. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ.
Күміс нанобөлшектерін цитраттық әдіс бойынша алу
Бұл әдістің ерекшелігі цитрат-анион әрі тотықсыздандырғыш әрі тұрақтандырғыш агент ролін атқарады.Цитрат иондарының қатынасуымен күміс нанобөлшектерінің тұрақтанады.Цитрат иондарымен тұрақтандырылған күміс нанобөлшектерінің өсу механизмі.

Бірінші кезекте Ag+2,Ag+4,  Ag+9,  т.б. күміс кластерлері түзіледі (жалпы түрде Agk). Бұл процесс күміс бөлшектерінің шамасы 50-100 атомға (немесе 1-1,5 нм) жеткенше ғана орын алады. Келесі этапта цитрат иондарының концентрациясы өскен сайын Agk бөлшектері агрегацияға түсіп, Agm және Agn нанобөлшектерін құрайды. Күміс нанобөлшектерінің агрегирлену механизмі цитрат иондарының мөлшеріне тікелей байланысты. Мысалы, цитрат иондарының концентрациясы (1-5)·10-4 моль·л аралығында болғанда, кластерлік бөлшектер жақсы тұрақтанып, коагуляция процесі орын алмайды. Күміс иондарынының тотықсыздану дәрежесі цитрат иондарының концентрациясына ғана емес, қайнату уақытына да тәуелді. Күміс иондары мен цитрат иондарының мольдік арақатынасы 1:1 болғанда макисмалды тотықсыздану дәрежесі 40 минутты құраса, ал осы арақатынас 1:5 болғанда – 15 минутта орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет