Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз



бет8/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Наноботтар

Атомдық деңгейде жаңа материалдарды жасаудың алуан түрлі мүмкіндіктерін оңай елестетуге болады, алайда көптеген жобаларды принципиалды түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Осындай таңғажайып жобалардың бірі наномасштабты роботтарды немесе наноботтарды дайындауға неңізделген. Наноботтар (немесе молекулалық монтаждаушылар) нанотехнологияны танымал еткен Эрик Дрекслер (Eric Drexler) өзінің «Отырыс машиналары» атты кітабында сипаттаған, кейбір таңғажайып сценарилердің теріс персонажы болып та үлгерді. Ол наноботтардың Ғаламдағы барлық тұрғындарды қырып жоятын «сұр шырышты» (gray goo) болатындығын суреттеді (2004 жылдың маусымында Nature журналында Эрик Дрекcлер одан да «сұр шырыш» туралы ешқашан айтпағанымда ғой деген!). Тағы да бір ғылыми-фантастикалық триллердің авторы - атақты Майкл Крайтон (Michael Crichton), ол өзінің «Рой» (Prey) атты кітабында нанороботтардың қауіпті жағын айтып кетті. Арзан комикстердің авторлары әдетте, супербатырлардың Жер бетін немесе бүкіл Ғаламды жоюға қауіп төндіретін қолдарында нанотехнологиялық қарулары бар бөгде планеталықтармен шайқасуын суреттейді.
Оған қоса нанотехнологияны ендірудегі мүмкін болатын қауіптер туралы айтып, бұқаралық ақпараттар құралдары шу шығарды. Көптеген сценарилерді іске асыру мүмкін еместігін айқындайтын табиғат заңдылығына қарсы біраз аргументтерді келтіргенмен де негативті ақпарат толқынымен күресу оңай емес.
Расында, наноботтар өте кішентай өлшемде болғандықтан айтарлықтай тез немесе тек қана белгілі бір бағытта қимыл жасай алмайды. Оларда биологиялық ағзалар сияқты функциялануына қажетті өзіндік энергия көзі болмайды. Оған қоса органикалық молекулалардан жасалған наноботтардың өздері бактериялар мен қышыма қотырларға (грибоктарға) жем болуы мүмкін. Егер де наноботтар бейорганикалық материалдардан өздігінен туындайтын болса, мұндай синтезге олардың барлық уақыттары, энергиялары және басқа ресурстары кететін еді.
Информатика саласының сарапшылары осы қиындықтарды жеңуге көмектесе алатын, қиялды әрекет бағдарламасы тақырыбына қиялданғанды ұнатады. Мұндай бағдарлама ресурстардың шығындарын тоқ көзінің ажыратулы кезінде де, мәндерді жаңалап және қажетті ресурстарды іздей отырып бақылап тұруға көмектесетін еді. Бұл өте қызықты іс, бірақ шынайы өмір, «Жабайы Батысты наноботтармен жаулау» секілді фантастикалық әңгімелерден мүлдем өзгеше.
Ричард Смолли және АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің химия профессоры, 2001 жылы нанотехнология саласындағы зерттеулері үшін Фейнман сыйлығының лауреаты Марк Ратнер сияқты ғалымдар наноботтардың қолданылу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Смолли макросопиялық нысанды жасау үшін наноботтарға масқара үлкен уақыт керек деп есептейді. Атомның көлемі метрдің миллиардтан біріне тең екенін еске сала кетейік, себебі макроскопиялық нысанды жинақтау үшін өте көп атомдар саны қажет. Ғалымдар мынадай мысалдар келтіргенді ұнатады: бір милилитр судың атомдарын бірінен соң бірін жинақтау үшін Тынық мұхитын шай қасықпен алуға кететіндей операциялар қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет