Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз


Наноматериалдарды тұрмыста қолдану



бет5/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Нанотехнология негіздері (4)

4. Наноматериалдарды тұрмыста қолдану
Қазіргі уақытта наноматериалдар мен нанотехнологияларды қолданатын негізгі салалар: конструкциялық материалдар, инструменталдық материалдар, өндірістік технологиялар, триботехника, материал беттерін қорғау, әскери іс, электр-магнит және электрондық техника, ядролық техника, медицина мен биотехнологияда көп қолданылады. Конструкциялық материалдарда тығыздығы жоғары наноқұрылымдық материалдар қолданылады. Себебі тығыздығы жоғары болса, тозуға төзімді материалдарды алуға болады. Сонымен қатар көміртекті наноталшықтармен және фуллерендермен динамикалық соққыдан қорғайтын брондар мен бронжилеттер жасауға қолданылады. Наноматериалдарды өндірістік технологияда қолдану маңызды роль атқарады. Қиын балқитын наноұнтақтарды болаттар мен құймаларға, комплекстердің механикалық қасиетін жақсартуға және катализатор ретінде қолдануға болады. Материалдарды қорғау. Бұйымдар дұрыс функционалдануы үшін олардың беттерінің жоғары су- және май ығыстыратын қасиеттерін қамтамасыз ету керек. Мұндай бұйымдарға автомобиль әйнектері, ұшақтарды және кораблдерді әйнектеу, қорғаныш костюмдері, сұйықтарды сақтайтын резервуарлар қабырғалары, құрылыс конструкциялары және т.б. мысал болып табылады. Осы мақсаттарда 20-50 нм өлшемді титан оксиді және полимер байланыстырушы негізіндегі жамылғы жасауда қолданылады. Медицина және биотехнология.Таза наноқұрылымды материалдарды жеке алғанда Ті-ды қолданудың маңызды облысы оларды медициналық мақсатта - имплантанттарды, протездерді және травматологиялық аппараттарды дайындау үшін қолдану болып табылады. Наноматериалдарды қолданудағы шектеулер.Наноқұрылымды конструкциялық материалдарды қолданудағы маңызды шектеу олардың дәнек шекараларының көлемдік үлесінің үлкен болуынан коррозияға( беттегі атомдардың және дәнек шекаралары бойынша атомдар диффузиясы, коррозиялық әсерлермен үйлесімділіктегі жоғары температуралар, радиация, дәнек шекаралары бойынша химиялық құрамның өзгерістерге бейімділігі құйма құрамы) бейімділігі болып табылады. Осыған байланысты олар осындай коррозия жағдайында ( беттен және дәнек шекаралары бойынша атомдардың диффузиясы, коррозиялық әсерлермен жоғары температуралардың бірігуі, дәнек шекарасы бойынша химиялық құрамның өзгерістеріне қабілетті құйма құрамы және т.б.) жұмыс істеуге жарамсыз болып табылады. Басқа маңызды шектеу наноматериалдар құрылымының орнықсыздығы, осылайша олардың қасиеттерінің орнықсыздығы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет