25. Наноқосылыстарды алудың қандай тәсілдерін білесіңдер. Қазіргі таңда кейбір наноматериалдарды алудың өнеркәсіптік әдістері белгілі. Алайда осы ғажайып заттар мен компоненттерді алу әдістері мен әдістемелерінің көптеген бөлігі қондырғыларды технологиялық өңдеу сатысында, олар: ірі зертханалар, жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік зертханалар. Наноқосылыстарды алудың барлық уақытта өнеркәсіптік болмайтын ең көп қолданылатын әдістеріне тоқталып өтейік.
Газфазалы синтез – бұл нанокристалды ұнтақтарды синтездеудің ең қарапайым әдісі. Оқшауланған нанобөлшектерді металлдарды, балқымаларды және жартылай өткізгіштерді белгілі бір температурада, төмен қысымды инертті газ ортасында буландырып суық бетке конденсациялау арқылы алады. Вакуумде буландырумен салыстырғанда инертті ортада буландырылған қосылыс атомдары газ атомдарымен соқтығысуы нәтижесінде кинетикалық энергияларын тезірек жоғалтады.
Плазмохимиялық синтез. Бұл әдіс газ фазасынан наноөлшемді бөлшектердің конденсациялануы жүзеге асатын плазма ағынының жылдам салқындауына негізделген. Салқындатудың жоғары жылдамдығы бөлшектердің өлшемдерінің өсуіне және олардың соқтығысқан кезде бірігуіне мүмкіндік бермейді. Реакциялар туынтектің түзілуінің жоғары жылдамдығын жіне олардың өсуінің ең аз жылдамдығын беретін тепе-тең емес шарттарда жұзеге асады.
Плазмохимиялық синтез үшін (3500-75000С) азоттың, аммиактың, көмірсутектің, аргонның және т.б доғалық, жоғары немесе аса жоғары жиілікті разрядтарда алынған төменгі температуралы плазма қолданылады. Мұндай температуралар плазмада электрондар мен иондардан басқа қозған күйде тұратын, радикалдар мен бейтарап бөлшектердің бар екендігін жоққа шығармайды. Бұл реакцияның жылдам өтуіне әкеледі және оларда барлық бастапқы заттар қатысады.
Нанокомпозициялық ұнтақтардың механохимиялық синтезі. Механохимиялық синтез дегеніміз сұйықтар мен қатты денелерде кез келген механикалық әсер ету кезінде жүретін және заттарды құрылымдық және фазалық өзгерістерге ұшырататын, жаңа химиялық қосылыстар мен композициялар түзетін физикалық-химиялық үдерістер жиынтығы. Механохимиялық үдерістер кәдімгі кристалл құрылымдардың түзілуі қиындаған кезде салыстырмалы төмен температурада жүзеге асады, бұл заттардың нанокристалды және аморфты жағдайда түзілуіне әкеледі.