Нанотехнология және наножүйелердегі негізгі түсініктерді атаңыз



бет21/42
Дата15.11.2023
өлшемі2,92 Mb.
#123530
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
Нанотехнология негіздері (4)

Оптикалық қолданылуы: дисплейлер, жарық диодтары.Бір қабырғалы нанотүтікшелер газдық ортада немес ультра жоғары сезгіш ерітінділерде молекулаларда анықтау үшін қолданылатын кішкентай өлшемді датчиктер болып табылады. Нанотүтікшелер молекуласы бетінде адсорбция кезінде оның электр кедергісі, сондай-ақ нанотранзистор сипаттамалары өзгере алады. Мұндай нанодатчиктер қоршаған ортаға монаторинг жүргізуде, әскери, медициналық, биотехнологияда қолданылады. Ғарыштық лифтіге арқан: теориялық түрде нанотүтікшелер үлкен салмақты көтере алады( квадрат миллиметрге тоннаға дейін). Бірақ ұзын, әрі қабырғаларының қалыңдығы бір атом болатын нанотүтікшелер алу әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Осының салдарынан қысқа нанотүтікшелерді қосудан
алынған жіптер қолданылады. Бұл беріктіктің нашарлауына әкеледі. Нанотүтікшелерден жасалған беттерді жазық мөлдір громкоговоритель ретінде қолдануға болады. Осындай жаңалықты қытай ғалымдары ашты.
27. Нанобөлшектерді жалында алу қалай жүзеге асады?
Нанобөлшектердің жалында түзілу процесі күйе түзілумен бірге жүретін күрделі тізбекті реакциялардың нәтижесі болып табылады. Сондықтан күйе мен наноматериал түзілу механизмдерін қатар зерттеу негізгі мәселе болып тұр. Көптеген зерттеулерге қарамастан жану процесінде наноматериалдар түзілу жылдамдығының эффективтілігін қамтамасыз ететін әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар, олар: оптимальді отын түрін таңдау, жанғыш қоспа құрамы, жану режимі оптимизациясы және жандырғы конструкциясы.
Мысалы, өзіндік құны төмен фуллерендерді, белгілі бір қасиеттерге ие күйені алумен байланысты, сонымен бірге күйе бөлшектерінің атмосфераға тасталуын төмендету мәселелерін шешуде нақты басқарылып отыратын жануды қолдану белгілі дәhрежеде қамтамасыз етеді. Және де жану процесін басқару әдістерінің бірі жалынға сыртқы электр өрісін енгізу әдісі болып табылады.
Фуллерендер көміртек атомының саны n=30-120 болатын қуыс сфералы кластерлер. Фуллерен атомдарының арасындағы ішкі байланыс сыртқы байланыстан көп, сондықтан фуллерендер тығыздығы 1,65г/см3 болатын өзінің ішкі құрылымын сақтай отырып (фуллерит) конденсация кезінде қатты дене түзеді.
Т>500 К температурадан бастап оттегімен әрекеттесу интенсивті тотығуға әкеліп, СО және СО2 түзеді, осы ашық ауада нанообөлшектің қыздырылуын бөлме температурасынан жоғарылауына мүмкіндік бермейді. 0,5-5эв және жоғары фотонмен сәулеленуде С60 тотығуы әлсіз формада өтуі мүмкін, сондықтан С60 қараңғы жерде сақтау керек.
Жалынды жандыру үшін оптимальді жағдай жоғары вольтты трансформатор көмегімен жасалатын ұшқын доға болып табылады. Трансформатордың бір жағы электрод ретінде қолданылып, ал басқа жағы реактор массасына жалғанады. Жану реакторында қысымда тұрақтандырған соң, ұшқын жағылып, отын берілді. Жалынның тұрақты таралу процесіне әсер ететін негізгі фактор жандырғыдан жанғыш қоспаның шығу жылдамдығы болып табылады.
Электр өрісін енгізгенде және оның шамасын өзгерткен кезде жалынның геометриялық түрлерінің өзгеруі жүрді. Жалынның формасы мен биіктігінің өзгеруі берілген кернеу полярлығынан және шамасынан, және де электрод аралық арақашықтықтан тәуелді болды.
Электр өрісінің әсерінен оң иондар және олармен әкетілетін нейтрал бөлшектер жалын фронтынан жалынның алдыңғы аймағына шығарылып, содан кейін теріс электродқа – матрицаға әкетілді, осы жалынның өшуіне әкеледі деп болжанады. Жоғарғы электрод теріс полярлық мәнде болғанда, жалын өшпейді. Және ол нанобөлшектер немесе наноматериалдың жану процестерін ұйымдастыруда оң иондардың артықшылығын растайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет