4.Экономикалық ғылымның әдістемесі. Экономикалық талдауда әдістеме
айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын
зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме
– ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін
зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке
әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе
зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.
Пәннің ерекшелігі зерттеудің
методологиясы
мен методтарының ерекшелігін
тудырады.
Методология
дегеніміз
экономикалық
жағдайларды
зерттеуде
қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі
философиялық көзқарастар
тұрғысынан
қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік
және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл
методология
адамдардың таптық
құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде
экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап
етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады.