2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық ресурстардың шектеулілігі. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар,
технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады
Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды: - «қажеттілік» бойынша – не өндіреміз?
- «ресурстар және технология» бойынша – қалай өндіреміз?
- «өнімдер және қолданылулар» бойынша – кім үшін өндіреміз?
Адамдардың экономикалық
іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық
тәртіппен жүріп отырады.
Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және
белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып
есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі
тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне
сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен
олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет
пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді.
Сонымен,
адамдардың
экономикалық
іс-әркеттерін,
оларды
жүргізу барысында
пайда болатын және
өздеріне
сәйкес
институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды
микроэкономиканың зерттеу объектісі деп атаймыз.
Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды.
Бұған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-
әрекеттер (қызметтер) жатады. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы,
қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект
болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп,
алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.