НАРКОМАНИЯЛАР МЕН ТОКСИКОМАНИЯЛАР Наркоманиялар мен токсикоманиялар — психобелсенді заттарды, оның ішінде
наркотикалық заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда болатын созылмалы
интоксикациялық аурулар. Олар осы заттарға патологиялық әуестікпен,
психикалық және физикалық тәуелділікпен, нейротропты заттардың дозасын
оларға толеранттылыкгың жоғарылауымен байланысты біртіндеп көтерумен
және де тұлға деградациясына нақты үрдіспен көрінетін психикалық
бұзылыстардың пайда болуымен сипатталады.
Наркомания мен токсикоманияның негізінде психикалық және физикалық
тәуелділік түзілуін қамтамасыз ететін нейрохимиялық үрдістерге психобелсенді
заттардың әсеріне ұқсас патогенетикалық механизмдер жатыр. Сонымен қатар,
бұл аурулар арасында клиникалық және заңды аспектілерге байланысты
ерекшеліктер бар.
Наркоманияға наркотикалық заттар тізіміне енгізілген дәрілік немесе басқа
заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда болатын аурулар жатады.
Токсикомания — наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік немесе
басқа заттарды шектен тыс қолдануға байланысты туындайтын аурулар. Бірақ
мұндай заттарды шектен тыс қолдану ауқымды мөлшерге жетсе, бұл дәрілер
немесе заттар есірткілер тізіміне енгізіледі және оның нәтижесінде дамыған
ауру наркомания ретінде квалификацияланады.
Наркомания тарихы мьщжылдьштарды өткерді және біздің цивилизацияның
алғашқы ескерткіштері арқылы бізге танымал. Өркендеген технология және
Наркоманиялар мен токсикоманиялар 275
тазартылған белсенді наркотикалык препараттарға кол жеткізу аркасында
наркотикалык және баска да психобелсенді заттарды шектен тыс пайдаланудың
зиянды салдары аныкталуда.
20 ғасырдың басынан бастап опий препараттарын шектен тыс колдану та-
рала бастады, ол кезде оны колдану едәуір шектеулі сипатта еді. Кейіннен
кокаинизм тарала бастады. Б . . өз кызметінің алғашкы жылдарында есірткілер
класын аныктады және олардың өндірілуіне және таралуына халыкаралык
бакылау енгізді. Б . . әрбір препаратты патологиялык әдеттену туғызу
мүмкіндігіне карай бағалауға ұсыныс жасады. Қазіргі уакытта ондаған заттар
наркотикалык тәуелділік туғыза алады.
«Наркотикалык зат» ұғымын талдаудың үш аспектін ажыратады:
медициналык, әлеуметтік және заңды. Осы үш критерий болған жағдайда ғана
зат заңды түрде «наркотикалык зат» деп танылады.
Медициналык көзкарас бойынша, заттың орталык жүйке жүйесіне арнайы
әсері (седативті, ынталандырушы және т.б.) ол затты медициналык емес
максатта колдануға себеп болса, есірткілік зат болып есептеледі.
Әлеуметтік аспектіде затты медициналык емес максатта колдану әлеуметтік
маңыздылыктағы масштабка ие болғанда, наркотикалык зат болып саналады.
Заңды көзкарас бойынша, жоғарыда көрсетілген критерийлерге сүйеніп,
сәйкес жауапты инстанция (Денсаулык сактау министрі) затты наркотикалык
деп танып, наркотикалык заттар тізіміне енгізгенде, зат наркотикалык деп
танылады.
Наркотикалык заттарды бірнеше топка біріктіруге болады: опий және оның
препараттары (омнопон, пантопон), опий алкалоидтары және дериваттары
(морфин, кодеин), морфин тәрізді әсері бар синтетикалык препараттар (про-
медол және т.б.). Осы топка көкнәр сабағынан және басынан колдан жасалған
препараттар және сора (конопля) препаратгары (гашиш, анаша, план, және т.б.),
ОЖЖ-нің стимуляторлары (фенамин, центедрин және т.б.), кокаин, галлюци-
огендер, ұйыктататын препараттар (ноксирон) жатады.
«Наркомания» диагнозын кою үшін аурудың клиникалык белгілері болуы
керек: есірткілік заттарды үнемі колдану, толеранттылыктың айкын өсуі,
түзілген психикалык тәуелділік және т.б.
Наркотикалык заттарды жоғарыда аталған белгілердің дамымауымен
медициналык емес максатта колдану жағдайында (әлі дерт түзілмегенде)
«наркотикалык препараттарды шектен тыс колдану» диагнозын койған дұрыс.
Осыған байланысты медициналык мекемелерде есепке тіркеледі: бір жағдайда
диспансерлік есепке, екінші бір жағдайларда профилактикалык бакылауға
алынады.
АҚШ-ғы (ХХ ғасырдың басында) әйгілі героинді шектен тыс колдану, Ка-
надада кодеинді (30-жылдарда), Жапонияда амфетаминді, Скандинавияда
(40-жылдары) барбитураттарды шектен тыс колданудың тұтанысынан кейін
наркомандар ауру ретінде карастырыла бастады.
Наркоманияның әлеуметтік маңызы өте зор, себебі ол коғамға аса ауыр
негативті әсер етеді, халык арасында тез тарауға бейім және халык денсаулығына
залалды әсер көрсетеді.
276 XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
Наркомания патогонезі өте күрделі және әлі толық зерттелмеген. Наркомания
патогенезі жөніндегі қазіргі мәліметтер психобелсенді заттардың со-
зылмалы әсерінен болатын мидың патологиясы мен гомеостаз бұзылыстарына
негізделеді. Ауру патогенезіндегі басты рөл нейрогуморальды бұзылыстарға
және нейромедиаторлар мен рецепторлар функциясының өзгерістеріне
беріледі.
НАРКОМАНИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ
Наркоманияның жеке түрлерінің клиникалық көріністері, олардың дина-
микасы аурудың түзілуіне алып келген шектен тыс қолданылған затпен тығыз
байланысты. Наркоманияның әр түрін біріктіретін ортақ белгілері бар.
Наркотик қабылдағаннан кейін наркоманияның әр түрлі формаларында
байқалатын наркотикалық мастану жағдайы пайда болады.
Наркотикалық мастанудың клиникалық көрінісі көтеріңкі көңіл-күймен,
күлегештікпен, алаңғасарлықпен, зейін елітпелігімен, ойлау жылдамдығымен,
қозғалыстық қозумен немесе керісінше, босаңсумен (обнубиляция), қозғалыс
координациясының бүзылуымен, тұрақсыз жүріспен көрінеді. Кей жағдайларда
ашушаңдық, тітіркенгіштік, агрессивтілік байқалады.
Тері жабындыларының гипермиясы немесе бозаруы, көздердің
бұлыңғырлануы және олардың тынышсыз жылтыры, қарашыктардың тарылуы
немесе кеңеюі болады. Ағза реактивтілігінің өзгеруі нәтижесінде түзілетін
наркоманиялар мен токсикоманиялардың барлық түрлерінің ортақ белгілері
дәрілік және басқа заттарға психикалық және физикалық тэуелділік және де
толерантылығының өзгеруі болып табылады.
Психикалық тэуелділік — препаратты наркотикалық әсер тудыру немесе
психикалық дискомфорт синдромын жою мақсатында қолдануға дертті
сипаттағы талпыныс (үнемі немесе кезеңмен пайда болатын). Наркотикалық
препаратқа дертті талпыныстың даму жылдамдығы бірқатар факторлармен,
соның ішінде, маңыздысы, препараттың наркогенді әсерімен анықталады.
Күшті наркогенді әсер опий және оның туындылары — кокаинге тән, ал
наркогенді қасиеті төмен — гашиш және ОЖЖ-нің ынталандырушылары бо-
лып табылады.
Физикалық тэуелділік — наркотикалық препараттарды созылмалы қолдану
нәтижесіндегі дертті жағдай, препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін және
наркотикалық препараттар әсерін олардың антогонистімен басқанда пайда
болатын айқын физикалық және психикалық бұзылыстармен көрінеді.
Бұл күй наркотикалық препараттың немесе оның антогонистінің кезекті
дозасын енгізгенде басылады.
Толеранттылықтың өзгеруі наркотикалық препараттарға әдеттену синдро-
мымен сипатталады, бұрынғы психофармакологиялық нәтижеге жету үшін
наркотикалық заттардың мөлшері барған сайын ұлғайтылып отырады.
Наркомандар дәрілік наркотикалық препараттардың медициналық мақсатта
қолданылатын мөлшерінен 5—10 рет жоғары мөлшерін қабылдай алады.
Наркомания түзілуінде шартты түрде 3 сатыны ажыратады.
Наркоманияның клиникалық көрінісі 277
Бастапкы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реакгивтілігінің өзгеруі
және психикалык тәуелділіктің пайда болуымен сипатталады.
Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалык тәуелділік толык калып-
тасады.
Кеш, немесе ІІІ сатысы ағзаның барлык жүйесінің кажуы, толеранттылыктың,
жалпы реактивтіліктің төмендеуі, созылмалы ауыр абстиненциямен сипат-
талады.
Наркоманияның әр формасында абстиненцияның клиникалык көрінісінің
арнайы ерекшелікгері болады, осыған сүйене отырып, клиникалык дифференциалды
диагностика жасауға болады. Бұл, әдетте, ауыр психикалык және
физикалык бұзылыстар болып табылады. Наркоманияның алғашкы сатысының
өзінде тұлға өзгеруі, олардың жүріс-тұрыстарыныщ асоциалдылығы,
наркотикалык препараттың созылмалы әсері нәтижесіндегі соматоневрологиялык
аскынулар айкын көрініс береді.
Біздің елімізде, негізінен, көкнәр және жабайы өсетін сорадан колдан
дайындалған наркотикалык препараттар кездеседі. Наркотикалык заттарды
кабылдағанда бакыланатын психикалык және соматикалык бұзылыстарға
апиындык наркомания мысал болып табылады.
Апиындық наркомания
Морфин — жансыздандыру кезінде колданылатын опий дериваты. Морфин,
промедол немесе героин тері астына немесе көкгамыр ішіне енгізіледі, ал опийді
ішке, көктамыр ішіне енгізеді немесе шегу аркылы деммен тартады. Жансыз-
дандырушы әсері эйфориямен бірге жүреді. Наукастарда ойлау, сөйлеу екпіні
жылдамдайды. Арманшылдык, рахаттану, камсыздык сипатымен көңіл-күй
көтерілуі бакыланады. Кейбір жағдайларда козғалыс үрдісі жылдамдайды.
Алайда бұл жағдай өнімді және максатты әрекеттерден, нәтижеліліктен
айрылған. Бірак шектелген бағыттылыктағы — есірткілік заттың кезекті
мөлшерін кабылдауға бағытталған әрекеттер сакталады. Бұл препаратты үнемі
кабылдау психикалык және физикалык тәуелділік белгілерінің пайда болуына
жылдам әкеледі. Есірткі кабылдауға деген кажеттілік барлык баска кызы-
ғушылыктардан басым түседі. Морфинге толеранттылык каркынды өседі,
бірнеше аптадан кейін-ак наукастар тәулігіне бастапкы мөлшерден едәуір
жоғары мөлшерді пайдаланады.
Морфин немесе опийдің баска дериваттарын созылмалы шектен тыс
колданғанда, наукастарда еңбекке, коршаған ортаға деген кызығушылык
төмендейді немесе жоғалады. Қызығушылыктар шеңбері күрт тарылады. Наукастар
өзімшіл, дөрекі болып кетеді. Мнестико-интеллектуалды кұлдырау үдейді.
Наукастардың жүріс-тұрысы ассоциалды сипат алады. Олар наркотиктің
кезекгі дозасына кол жеткізу үшін барлығына, кез-келген әрекетке, криминал-
ды істерге (кісі өлтіруге дейін) дайын болады.
Абстинентті синдром бастапкыда жасаурағыштык, әлсіздік, дене
калтырауымен сипатталады. Кейін келе (15-20 сағ кейін) тремор, карашыктың
кеңеюі пайда болады. Наукаста тұмаурату, түшкіру, жөтелу, жас ағу, гипергидроз
байкалады. Ішек перистальтикасы күшейеді. Апиынды наркомания кезінде
278 XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
абстиненцияның психикалык көріністері үрей, мазасыздык, генерализацияланған
ауыру сезімі, ауыр ұйкысыздыкпен сипатталады.
Кешірек (2-3 тәуліктен кейін) аталған бастапкы симптомдардың күшеюі
фонында шайнау кезінде бұлшыкеттегі ауыру сезімі, жүрек соғысы мен
тыныстың жиілеуі, бұлшыкеттердің фибриллярлы дірілдері, кан кысымының
жоғарылауы байкалады. Субъективті түрде наукас бүкіл денесінде күшейіп келе
жаткан сыркыраған ауру сезімін, әсіресе, буын, бел және іштің төменгі
аймактарында сезінеді.
Бұл симптомдар наркотик кабылдауды токтаткан соң 3-4 тәуліктен кейін
ең жоғарғы айкындылык дәрежесіне жетеді, өзін ауыр сезінеді, тәбеті жоғалады,
кұсу, профузды іш өтулер байкалады. 4 - 5-ші тәулікте айтылған белгілер
акырындап кайта бастайды, бірак келесі 1-2 ай ішінде буындардағы ауыру
сезімі және ұйкысыздык кезеңмен пайда болуы мүмкін.
Сора (конопля) препараттарын қолдану нәтижесінде дамитын
наркомания
Гашиш (синонимдері: анаша, марихуана, план, бланк, харас және т.б.) —
сораның әр түрлі сорттарынан алынатын зат. Пайдалану әдісі — темекімен
немесе таза түрде тарту және ішке кабылдау.
Сора препараттарының психобелсенді әсері сора кұрамындағы коннабино-
ид заттарының болуымен байланысты. Жедел гашиштік интоксикацияның
клиникалык көрінісі сананың есеңгіреу дәрежесіндегі бұзылысымен көрініс
береді. Сонымен катар, эйфория байкалады, жүріс-тұрыстары алаңғасарлыкпен,
адекватсыз, ұстамсыз күлегештікпен, ассоциациялар жылдамдауымен көрінеді,
агрессивті әрекеттер байкалуы мүмкін.
Соматикалык симптомдары тері жабындыларының гиперемиясы немесе
керісінше бозаруы, склера инъецирленуі, гипергидроз, сілекей ағуымен көрінеді.
Сора препараттарының айтарлыктай көп мөлшерін кабылдаған кезде жедел
улану жағдайы бакыланады, клиникалык көрінісінде экзогенді психоздарға тән
параноидты синдром, деперсонализация синдромы, есту және көру галлюци-
нациялары орын алады.
Сора препараттарын созылмалы колданғанда, тұйыкталу мен апатия жағдайы
дамиды, тұлға деградациясы үдейді, тұлғаның моральды-этикалык сипаты
жоғалады, жүріс-тұрысы ассоциалды болады. Гашишпен созылмалы улануының
жеке сатыларында клиникалык көрініс шизофрения симптоматикасына ұксас
болып келеді.
Басқа наркоманиялар
ОЖЖстимуляторларын (фенамин, первитин және т.б.) шектен тыс колдану
және оларға патологиялык әдеттену наркоманияға жатады. Бұл препараттар
кажу сезімін басу үшін және еңбекке кабілеттілікті көтеру максатында
колданылады. Препараттарды кабылдаған соң эйфориямен катар сергектік
сезімі, белсенділік пайда болады, ойлау үрдісі жылдамдайды. Әдеттену жылдам
пайда болып, толаранттылык өседі.
Токсикоманиялардың клиникалық көрінісі 279
Фенаминді ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда, сандырақ және көру галлюци-
нациялары сияқты психотикалық жағдай бақылануы мүмкін.
Біздің елімізде наркотиктерге адамға пайдалануға тыйым салынған лизергин
қышқылының этиламиді (ЛСД) де жатқызылады. Батыс Европаның бірқатар
елдерінде және АҚШта ЛСД есірткі есебінде кең таралған. Осы препаратпен
жедел улану кезінде жүрек айну, құсу, қан қысымының төмендеуі, қозу, атаксия,
спастикалық салданулар пайда болады. ЛСД әсері көзді жұмғанда күшейеді.
ЛСД-ны қабылдаған кезде кеңістік пен уақытты қабылдау өзгерістері үнемі
бақыланады. Тұлғалық өзгерістер қызығушылықтар шеңберінің тарылуы, ес
әлсіреуі, эмоционалды дөрекіленумен көрінеді.
Бір уақытта екі немесе бірнеше наркотик түрлерін қолдану, осы заттарға
наркотикалық тәуелділікке әкеліп соғатын жағдай полинаркомания деп ата-
лады.
Бірқатар жағдайларда дәрігерлер ұзақ уақыт және негізсіз бір наркотикалық
препаратты тағайындағанда, наркотикалық тәуелділік дамиды және ятрогендік
наркоманияға әкеп соғады.
ТОКСИКОМАНИЯЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ
Токсикомания — наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе
дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.
Токсикомания шақыратын заттардың ішінде психотропты препараттар
(антидепрессанттар, транквилизаторлар, антипаркинсон-дық) үлкен орын
алады.
Транквилизаторларды ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде толеранттылық өседі,
препаратты қолдануды тоқтатқанда абстененция құбылысы, қол треморы,
тершеңдік, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі пайда болады.
Экстрапирамидалық жүйе зақымдануында қолданатын антипаркинсондық
препараттар эйфориялық, мастандырушы және галлюциногенді әсер тудыра-
ды. Бұндай әсер препараттың терапиялық дозасын бірнеше есе артық
қолданғанда болады.
Жедел уланудың 4 сатысын ажыратады: эйфория, өзгерген, жиі тарылған
сана жағдайы, галлюцинациялы және осы күйден шығу. Эйфория сатысы
30—40 минутқа созылады, соңынан сылбырлық, тежелу дамиды, кейде
«салмақсыздық» сезімі, дереализация, уақыт пен қоршаған ортаға байланысты
бағдарлау бұзылысы болады. Кейде науқастардың айтуынша, «мультиктер» деп
аталатын көру галлюцинациялары пайда болады. Токсикомандар кейде осы
әсері үшін антипаркинсондық дәрілерді қолданады. Созылмалы улану
жағдайында психоорганикалық синдром белгілері және психопатия тәрізді
жүріс-тұрыс байқалады.
.йықтататын дэрілерді шектен тыс қолдандану да токсикомания шақырады
(барбамил, нембутал, ноксироннан басқалары).
Үйықтататын дәрілермен жедел улану жағдайы идеаторлы үрдістердің
тежелуімен, әлсіздік күйімен есеңгіреудің жеңіл дәрежесімен көрінеді. Сөзі
дизартриялы, қозғалыс координациясы бұзылады.
280 XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
.йыктататын препараттарды кейде наркомандар наркотикалык заттармен
бірлестіріп колданады.
Созылмалы уланудың клиникалык көрінісі психоорганикалык синдром бел-
гілерімен көрінеді: тітіркенгіштік, мнестико-интеллектуалды төмендеу, тежелу.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің арасында кең тараған үшқыш еріткіштерді
колдану нәтижесіндегі токсикоманиялар болып тұр. .шкыш еріткіштермен
тыныс алу (тұрмыстык химиялык заттар) иллюзорлы және галлюциноторлы
бұзылыстармен бірге жүретін эйфория жағдайына алып келеді. Улану тереңдеген
сайын есеңгіреу жағдайы орын алады. Уланудан кейінгі кезең айкын астения-
мен және бас ауыруымен жүреді. .шкыш еріткіштерді колдану психопатия
тәрізді жүріс-тұрыс пен органикалык синдромның жылдам түзілуіне, психикалык
дамудың күрт артта калуына алып келеді.
НАРКОМАНИЯЛАР МЕН ТОКСИКОМАНИЯЛАР ЕМІ
ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Наркомания белгілері аныкталған наукас арнайы психиатриялык бөлім-
шелерге немесе тексерулер мен сәйкес ем жүргізу үшін стационарға орналасты-
рылуы керек. Денсаулык сактау министрлігі наркомандар емінің ұйымдасты-
рулык әдістемелік принциптерін аныктады.
Осы нұскау бойынша стоционарлык емнің минималды, 60 күннен кем болмауы
тиіс (алғаш түскен және кайгалап түскен наукастар үшін де) мерзімі карастырылды.
Наркомания және токсикоманиямен ауыратын наукастарды емдеуде 3 саты-
ны бөледі.
Емдеудің бірінші сатысы абстинентті синдромды басуға және жүйелер мен
мүшелердің кызметін калыптастыруға бағытталған. Интоксикация мен
абстинентті синдром көріністерін басатын заманауи әдістер катарының
жеткіліктілігі наркотиктерді бір сәтте токтатуға мүмкіндік береді.
Наркотиктерден ажырату кезінде және де ем жүргізу кезінде жедел реани-
мациялык шараларды кажет ететін ауыр бұзылыстар байкалады. Сол себепті
ауруханада сәйкес реанимациялык бөлімше (палата) болуы керек.
Емнің бірінші сатысында холинолитиктер, кураре тәрізді препараттар,
симптоматикалык терапия, белсенді витаминотерапия, массивті дезинток-
сикациялык терапиямен бірге инсулиннің аз дозасы колданылады. Соның
ішінде психотерапияға аса көңіл бөлінеді.
Барбитурлык токсикоманияда абстинентті синдром өте ауыр түрде өтеді.
Жиі өмірге кауіп төндіретін аскынулар туады (эпилепсиялык күйге дейін жететін
эпилептиформды ұстамалар, сананың күрт күңгірттенуі). Сол себепті барбиту-
ратгарды біртіндеп, 7-15 күн ішінде алып тастау керек. Кейде барбитуратгардың
мөлшері ең жоғарғы тәуліктік мөлшердің жартысынан аспаған жағдайда,
2 -3 күн ішінде алып тастауға болады.
Апиындык-морфиндік абстиненцияны кайгару өте ауыр, сондыктан, бұл
жағдайда кураре тәрізді және холинолитикалык дәрілер бірлестіріп та-
ғайындалады. Ем жүрек-кан тамыр жүйесі кызметін бакылауға алып, төсек
тәртібінде арнайы схемамен жүргізеді.
Дәрілік, тағамдық, өндірістік және басқа улармен улану кезіндегі психикалық бүзылыстар 281
Наркоманиямен және токсикоманиямен сырқат науқастардың бірқатары
сенгіш болып келеді, сол себепті тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып,
реаблитациялық әдістермен бірге психотерапия жүргізу ұсынылады. Мұндай
науқастар наркотик қолданудан толық бас тартудың 5 жылы өткенше
диспансерлік есепте тұрады және рецидивке қарсы терапия өтулері керек.
Наркомания профилактикасы әлеуметтік және медициналық іс-шаралардан
тұрады.
Біздің елімізде халқымыздың мәдени және өмірлік дәрежесі үнемі артып
келеді, санитарлық жағдай мен медициналық көмек деңгейі жақсаруда. Елімізде
наркотиктердің өндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда. Осының
барлығы наркоманиямен күресудің ең тиімді жетістіктері болып табылады.
Наркомания жөнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету, нар-
командарды ерте анықтап, уақытылы және белсенді диспансерлік ем жүргізу,
сондай-ақ, қатаң түрде наркотиктерді есепке алып, сақтау наркоманияның
алдын алудың сәттілігіне кепіл болып табылады.__