Есірткіні жиі қолданатын адамдарда уақыт өте тәуелділік пайда болады. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді:
Жүйкелік
Физикалық
Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады.
Кейіннен ол физикалыққа ауысады. Физикалық тәуелділік қолданылатын өнімге және қолдану мерзіміне байланысты түрлі болады.
Психикалық тәуелділік
есірткіні қолданылмау уақыты ұзақталған жағдайда көңіл – күйдін төмендеуімен және есірткіні қолданған кезде рахаттану сезімі пайда болуымен көрініс береді.
Әсер ету тетігі
Барлық есірткілер тура немесе жанама түрде постсинаптикалық нейрондардың құрамындағы дофамин немесе серотонин сияқты нейромедиаторлардың ағындарын 5 – 10 дейін жоғарылатып, миды улауға арналады. Нейромедиаторлардың ағындарының жоғарылауы оқу, білім алу процесіне әсер етіп, адамда уақытша рахаттану сезімін тудырады
Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады. Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады.
Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады. Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қалады.