5.Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз.
6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз.
7. Тыныс алу қимылы жиілігін бағалаңыз.
8. Науқасқа ТАҚ нәтижесін айтыңыз.
9. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
10.Мәліметті қызу парағына түсіріңіз .
Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады. Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.