272
жылдамдық тек қана оның жылдам әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар
динамикалық кҥшінің даму деңгейі мен қозғалу техникасының деңгейіне
және т.б. байланысты болады.
3. Кҥрделі ойын қимылдарын орындау жалпы қозғала алу дағдысына
байланысты. Доппен қозғалуда ойыншы техниканы меңгеру деңгейін
кӛрсетеді. Дәл осы ойынның техникалық жағын меңгеру футболшыға
жылдам ойын ойнауды кӛрсетуге кӛмектеседі.
4. Футболшылардың ӛзара әрекетінің жылдамдығы әдеттегі ойын
кезінде футболшылардың ӛзара байланысына қҧрылған ойынды
ҧйымдастыруға байланысты. «Ойынды ойнап шығу әдісі команданың
стилін, ойыншылардың ӛзара әрекетінің барлық қҧрылымын сипаттайды»
[3, 223 б.].
Футболшылардың ойында барлық кӛптеген техникалық-тактикалық
және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз қолдануы футболдың
дамуының бір беталысы деуге болады. Сондықтан ойыншылардан жоғары
жылдамдықта допқа ие бола алу қабілеті және ойын барысында бірнеше рет
«шҧғыл» әрекет жасау қабілеті талап етіледі. Бойында шапшаңдық қасиеті
болмаса керемет командадағы ойынға ҥміттену қиын. Ойын барысында
футболшылардың жылдамдығы жылдам әрекет ете білуде және
қозғалыстарды орындауда байқалады.
Кҥш пен жылдамдықты тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі ол әртҥрлі
секіру жаттығулары. Футболист ҥшін ең маңыздысы ол ӛзінің қимыл-
қозғалысын қадағалай алуы.
Қазіргі футболда әдістерді жылдам орындау ӛте маңызды. Кең футбол
алаңы ойыншыларға таршылық етсе, техникалық әдістерді жылдам орындай
алмайтындар әрдайым уақыт шегінен шығып кететін болады .
Футболшылардың қозғалыс әрекетінде (жылдамдықты кҥшейту, секіру,
допты ҧру, жҥгіріп тежелу) негізгі жҥк аяқ бҧлшықеттеріне тҥседі. Бҧл
жарысқа тҥсетін ойындарда футболшылардың шапшаңдық қабілеттерін
кӛтеру керектігін және оның маңыздылығын айқындайды. Сол себепті жас
футболшылардың шапшаңдығын дамытуға ерекше назар аударылуы керек.
Қазіргі уақытта ойыншыларды бӛлу олардың дайындықтарының жан-
жақтылығына қарай жҥгізіледі. Бҧл барлығы бәрін бірдей орындауы қажет
деген сӛз емес. Алайда әрбір футболшы ойынның барлық техникалық
әдістерін игерген болуы керек және шабуыл мен қорғаныс кезінде дҧрыс
әрекет ете білуі керек. Әсіресе жеке ойын
функцияларын футболшы жақсы
орындауы қажет.
Жылдамдық футболшылардың ӛзара әрекеті. Яғни, жылдамдық
ойынның ҧйымдастырылуына байланысты болып келеді. Балалық және
жасӛспірімдік жаста жылдамдық қозғалыстарын игеруге ерекше назар
аудару қажет, себебі бҧл жаста осы маңызды дене қасиетін меңгеру
мҥмкіндіктері мол.
Дене дайындығы мен дене жаттықтырулары тек қана адамның
дамуындағы жас ерекшеліктерін, оның дайындық деңгейін, ден
273
қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және сонымен қатар таңдаған спорт
тҥрін ескерген жағдайда ғана жемісті болады.
Қазіргі уақытта дене дайындығын бала жастан бастау керектігіне ешкім
кҥмән келтірмейді. Сол себепті де тҥрлі саладағы мамандардың адам
ағзасында болып жатқан ӛзгерістерді зерттеуі кездейсоқтық емес. Балалар
мен жасӛспірімдердің физиологиялық, психологиялық дамуын зерттеген
еңбектер баршылық. Дәл осы зерттеулер балалар мен жасӛспірімдердің
физиологиялық дамуындағы жас ерекшеліктерін талдаған. Орта мектеп
жасындағы балалардың жҥгіру, секіру, лақтыру және тағы да басқа
қозғалыстарды ҥйрену кезіндегі дамуы осы зерттеулер қатарынан орын
алады [4, 48 б.].
Жас футболшылардың мҥмкіндіктері тӛмен болғандықтан, әрбір
жаттығушыға жеке кӛңіл бӛлу қажет. Жас футболшылардың ойын
техникасы мен тактикасының бастапқы дайындығы балалардың белгілі
жасы ҥшін тиімді жаттығулар кӛмегімен жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: