«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет112/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146
 
 
АРНАЙЫ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БОКСШЫЛАРДЫҢ 
ЖАТТЫҚТЫРУ ҤРДІСІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖОЛДАРЫ 
 
Махмут Ж.  
Ғылыми жетекшісі - Сарсембаев А.Б., магистр, аға оқытушы 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 


288 
 
Аннотация 
Боксшының спорттық жаттығуының ең бір маңызды мақсаты - оның 
күшін  дамытып,  арттыру.  Алайда,  ауырлықты  пайдаланып  құр  бұлшық 
еттерді  «үрлей»  берген  зиянды:  бұлшық  еттердің  кӛлемі  ӛскенмен,  олар 
икемсіз  болады,  созылғыштығы  және  де  керек  кезінде  тез  босаңсу,  тез 
қалпына келу қабілеті азаяды.  
 
Боксшының қимылы жай әрі қопал, икемсіз болады.  Кҥшке  кҥш  қосып,  
оны дамыту, тӛзімділікті дамытумен қатар жҥруі керек. Сондықтан, жаттығу 
қҧралдарын  мейлінше  тҥрлендіру  қажет.  Жаттығу  кезінде,  әр  тҥрлі  спорт 
тҥрлерінің  жаттығу  қимылдарын  біріктіре  отырып,  әр  сабаққа  жаңа 
жаттығулар қосып отырған дҥрыс. Жаттығулар жҥйелі тҥрде жҥргізіліп, оқу 
- жаттығу проңесінің жылдық мақсат - бағдарламарын сатылы, рет - ретімен 
игеру керек. 
Боксшының жекпе-жек кезінде ӛзіне сенімділігі ғана оның тәсілдік ойын 
жҥзеге  асыруына  жол  ашады.  Шыдамды  және  әдіс  шеберлігі  жетілген 
боксшы  ғана  жекпе-жек  ҥстінде  ӛз  қимылдарына  бақылау  жасай  алады. 
Жекпе-жектің  әр  кезеңіндегі  жағдайды  дҧрыс  бағалап,  ӛзінің  ӛр  қимылын 
бір жҥйеге бағындырып, қарсыласының шабуылын тойтара отырып, жекпе-
жек тізгінін ӛз қолынан шығармайды. 
Қарсыластың дайындығының қандай деңгейде екеніне қарамастан әр жекпе-
жекте  ӛте  сақ  болған  дҧрыс.  Қарсыластың  мҥмкіндігін  дәл  анықтай  білу 
керек.  Рингке  шыққан  қарсыласты  әлсіз  деп  менсінбеуге  немесе  кҥшті  деп 
қарауға  болмайды. Қандай жекпе-жек  болмасын  тыңғылықты дайындалып, 
кҥшті және әдіс-айлаларды дҧрыс пайдалана білу қажет. Сонда ғана боксшы 
кӛздеген мақсатқа жетеді. 
       Бокс  тәсілі  дегеніміз-  рингтегі  жекпе-жекте  бар  шеберлікті  кӛрсетіп. 
жеңіс  ҥшін  барлық  мҥмкіндікті  сарқа  пайдалана  білу.  Боксшының 
әдісқойлық  ше-берлігі  қаншама  жетілген  болғанымең  жекпе-жекті  дҧрыс 
ҧйымдастыра  білу,  қарсыластың  ерекшелігіне  қарай  тактикалық  дҧрыс 
шешім табу ғана оны жеңіске жеткізеді. Бокста әдісқойлық тәсілқойлықпен 
тығыз сабақтасып жатуы керек. Сонда ғана боксшының болашағына ҥлкен 
ҥміт арту қиын. 
        Бокс  тәсілі  жекпе-жектің  ерекшелігіне  байланысты.  Ақ  шаршыда  екі 
боксшы сынға тҥсіп жатыр делік. Олардың екеуі де жарысқа жақсы дайын-
дықпен  келген,  екеуі  де  жылдам,  епті,  кҥшті,  шыдамды.  Әдісқойлық  ше-
берліктері де шамалас. Соққылары дәл. қорғаныстары берік. Екі боксшы да 
рингтегі  жекпе-жек  ҥстінде  тәсілдік  дҧрыс  шешім  тауып  жҥр.  Сонда 
бҧлардың қайсысы жеңіске жете алады? 
        Жекпе-жектің  жҥргізу  тәсілі  боксшының  жалпы  дайындығына,  оның 
әдіслық 
әдістерінің 
әртҥрлілігіне, 
спортшының 
жігерлігіне, 
шыдамдыпығына,  ӛзіне  сенімділігіне,  жекпе-жек  ҥстіндегітездігіне, 
соққыларыныңдәлдігіне және кҥшіне тығыз байланысты. 
          Боксшының  жекпе-жек  кезіндегі  мінез-қҧлқы  оның  жігерлілігіне 
байла-нысты. Бірдей дайындықпен келген және шеберлігі де бір-бірімен тең 


289 
 
қар-сыластардың жекпе-жегінде, жеңіске деген жігері басым боксшы ҧтады. 
         Ӛз  кҥшіне  және  әдістік  шеберлігіне  сенімділік  ҥздіксіз,  ҧзақ  жаттығу-
лардан  кейін  ғана  келеді.  Әдістік  және  тәсілдік  шеберлігі,  уақытты  және 
арақашықтықты  дҧрыс  есептей  білу,  жігерлілік,  сенімділік  жекпе-жекті  та-
бысты ӛкізуге мҥмкіндік береді. 
         Бәсеке  ҥстінде  жекпе-жек  тізгінін  ӛз  қолына  алу  және  қарсыласын  ӛз 
ыңғайына  бағындыру  боксшының  ең  негізгі  міндеті.  Рингтегі  жекпе-жекте 
қарсыласын  бас  кӛтерпеудің,  сӛйтіп  оның  озіне  сенімсіздігін  туғызудың 
маңызы  зор.  Рингтегі  әр  қимылдың  жетілгендігі,  қарсыласының  шабуылға 
шығар кезін дәл анықтап, оған қарсы әдістер қолдану, кҥтпеген жерден және 
батыл  шабуылға  шығу  боксшының  айқын  басымдылыққа  ие  болуы-на 
жағдай  жасайды.  Әдіс-айла  ерекшеліктері,  әр  тҥрлі  жан-жақты  қимыл 
боксшыны  жеңіс-ке  жеткізетін  ең  дҧрыс  жол.  Мҧндай  кезде  боксшы 
уақытты  дәл  есептей  білуі  керек.  Шабуыл  және  қорғаныс  әдістерін 
қолданғанда бір сәт кешігуге болмайды. Оның ҥстіне бҥкіл жекпе-жек бойы 
езіне  ыңғайлы  арақашық-тықты  ҧстап  жҥрген  жӛн.  Бҧл  да  шабуыл  мен 
қорғанысты  ҧйымдастыруда  басты  міндет  атқарады.  Әдіс-айлалардың 
кептігі жекпе-жек кезінде туған жағдайға байланысты ең дҧрыс шешім таба 
білу  әрбір  қимылды  дҧрыс  пайдаланып,  пайдасыз  қимылдарға  кҥшті  босқа 
жоғалтпау боксшының ең басты міндеттері болып есептеледі. 
Бокстасу  тәсілдерін  әдіс  негіздерімен  бір  кезде  ҥйренген  дҥрыс. 
Боксшы  арнаулы  қимылдарды  (соққылар  мен  қорғанысты)  ҥйренген  сәтте 
уақыт пен арақашықтықты дҧрыс анықтай білуге дағдыланғаны жон. Боксты 
ҥйретуді  бастаған  алғашқы  қадамдардан-ақ  әдіс  мен  тактиканы  бірге 
пайдалануды ҧмытпау керек. Бҧл жаттықтырушы ҥшін де, боксшы ҥшін де 
басты қағида. 
Боксшы  тек  қана  әдістерді  ҥйретіп  қоюға  болмайды.  Себебі  әдіслық 
шеберлігі  толысқан  спортшының  ҥйренгендерін  жекпе-жек  кезінде  дҧрыс 
пайдалана  алатынына  кӛз  жеткізу  қиын.  Ол  жете  меңгерген  әдістерін 
ҥздіксіз  қайталай  беруі  мҥмкін.  Бірақ  мҧндай  әдістердің  оны  жеңіске 
жетелеуді  де  екіталай.  Оның  ҥстінде  мҧндай  қимылдар  бокстың  спорттық 
керкіне де нҧқтан келтіреді. 
Боксшының тәсілдік дайындығы жаттығулар ҥстінде жетілуі керек. Ол 
ҥшін жаттықтырушы әр жаттығу алдында шәкіртіне әр тҥрлі тәсілдік есеп-
тер беріп, оның дәл орындалуын қадағалап отыруы қажет. 
Шапшаңдылық.  Рингте  ететін  жекпе-жектегі  жеңіс  боксшының 
бәсекені  қарқынды  ӛткізуі-не  байланысты.  Ол  бастапқыдағы  қарқынды 
қимылдарын  жекпе-жектің  соңғы  секундына  дейін  сақтауы  керек.  Себебі 
жекпе-жек  уақыты  ережеғе  сәйкес  санаулы.  Осындай  қасиеттерді  әр 
боксшының бойына сіңіруге кҥш салған дҧрыс. Рингтегі жекпе-жек жылдам 
және ҥздіксіз қимылдардан қҧрылуы қажет. Әр кездесуде боксшылар жекпе-
жек  тізгінің  ӛз  қолына  алуға,  қар-сыласын  ӛз  ырқына  кендіру  ҥшін  бар 
кҥшін салады. Мҧндай тез қимылдар, жан-жақты әдіс айлалар ерекше роль 
атқарады. 
Шеберлігі жетілген, дәл соққылармен ҧпай жинап жҥрген қарсыласты 


290 
 
талдырып  жеңем  деп  кҥш  салу  мҥмкін  емес.  Қазіргі  бокста  жекпе-жек 
ҥстіиде туған жағдайды дәл анықтай білу, шабуыл мен қорғанысты жыл-дам 
ҧйымдастыра алу ең басты қҧрал болып отыр. Бәсеке ҥстіндегі шап-шандық 
боксшыға бірден  келе  қоймайды.  Оған ҧзақ жаттығулардың  және  тәжірибе 
жинақтаудың  арқасында  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Шапшандық,  тездік 
керек  деп  боксшыны  асықтыруға,  састыруға  болмайды.  Лажсыздан 
шапшандық керек деп тҥсінген боксшы рингте сасқалақтап, бәсекені женді 
ӛткізе алмайды. Боксшы әдіс-айлаларды толық меңгеріп болмай, жекпе-жек 
ҥшін қажетті шапшандылық керсете алмайды. Сондықтан мҧндай жағ-дайда 
боксшының да, жаттықтырушының да асықпағаны дҧрыс. 
Боксты  ҥйренуді  жаңадан  бастағандар  алғашқы  жекпе-жектерін  ӛз 
мҥмкіндіктеріне  қарай  еткізеді.  Олардың  осы  кезде  әдіслық  және  тәсілдік 
әдістерді  толық  пайдалануын  қадағалау  қажет.  Шеберлігі  толысқан  сай-ын 
оның  жылдамдығы  да  артады,  әр  әдісті  тез  қолдана  алатын  халге  же-теді. 
Осындай  шыдамдылық  боксшының  әдісқойлығына  ешқандай  нҧқсан 
келтірмейді, 
Дәл соққылар. "Соққы бәрін шешеді!". Ӛз тәсілінде қатты соққыларға 
ерекше  мән  беретін  боксшылар  бҧрын  осылай  дейтін.  Уақыт  ӛтті,  онымен 
бірге бокс та ӛзгерді. 
Бокс жекпе-жегіндегі ереженің ӛзгеруі "шешуші соққылар" тәсіліның 
маңызын  тӛмендетті.  Ауыр  қолғаптардың  орнына  салмағы  250  және  300 
грамдық  қолғаптардың  енгізілуі  және  жекпе-жек  уақытының  қысқартылуы 
(екі  минуттан  бес  раунд)  бәсекенің  талып  тҥсумен  аяқталу  мҥмкіндігін  де 
азайтты. 
Әуесқой  боксшылар  жарысының  статистикасы  жекпе-жектің 
мезгілінен  бҧрың  талып  тҥсіп  аяқталуының  азайғандығын  керсетті.  Қазіргі 
кезде кӛп жағдайда жеңімпаз ҧпай санымен ғана анықталады. 
Жекпе-жек  ҥстіндегі  соққылардың  кҥші  маңызын  жойды  деуден 
аулақ-пыз. Кҥшті соққы әр боксшының басты қаруы болып қала берді. Бірақ 
оның  ӛте  дәлдігі  аса  қажет,  Дәл  соққылар  боксшының  ҧпайды  кӛп  алып, 
жеңіс-ке жетуіне мҥмкіндік береді. 
Кҥшті соққылар кебіне боксшыға басымдық әпереді. Нысанаға діл ти-
ген  ауыр  соққылар  қарсыласының  басын  айналдырып,  оның  кҥшінің  аза-
юына, сейтіп бақылауының әлсіреуіне жағдай жасайды. Сондықтан да бок-
сшы мҧндай соққыларды дарытпау ҥшін шебер қорғана білуі, осындай қиын 
сәттерде де ҧпай ала білуі керек. 
Бокстың  әдістері  тарауында  кейбір  соққы  әдістеріне  қысқаша  тоқта-
лып ӛттік. Соққылар негізінен ҥш топқа бӛлінеді. Оның біріншісі тете (тҥзу) 
соққылар. Бҧл топ; 1. Сол қолмен басқа тӛте соққы жасау; сол қолмен денеге 
тӛте  соққы  жасау;  оң  қолмен  басқа  және  денеге  тӛте  соққы  жасау  болып 
белінеді. Барлығы да темендегі суреттерде керсетілген. 
Соққылардың  екінші  тобы:  сол  қолмен  басты  қапталдан  ҧру;  сол  қол-мен 
денені қапталдан ҧру; оң қолмен басты қапталдан және бҥйірден ҧру. 
Соққылардың  ҥшінші  тобы  басты  және  денені  сол  және  оң  қолмен 
тӛмен-нен жоғары кетеріп ҧру. 


291 
 
Жекпе-жектердегі  қарсыластардың  әр  тҥрлілігі  рингте  болатын 
жағдай-ларды  кҥні  бҧрын  анықтауға  мҥмкіндік  бермейді.  Сондықтан 
боксшыға  тәсілдік  әдістерді  ҥйреткен  кезде,  бәрін  бір  жҥйеге  келтіріп, 
осылай істеу керек деп ашып айту мҥмкін емес. Мҧндай алдын-ала жасалған 
болжаулар боксшының мҥмкіндігіне шек қойып, оның жеңіске деген ҥмітін 
де азайтуы мҥмкін 
Шабуыл  және  қорғану.  Рингтегі  жекпе-жек  шабуыл  және  қорғаныс 
әдістерінен  тҧрады.  Бҧл  әдістердің  қалай  қолданылуы  бәсеке  ҥстіндегі 
жағдайға  байланысты.  Ӛзінің  әр  қимылын  тез  пайдаланған  боксшы  кҥшін 
ҥнемді, пайымды  жҧмсауға  кҥш  салады.  Шабуыл  соққыларын, қорғанысты 
және  қарсы  соққыларды  ең  қолайлы  сәттерде  ғана  пайдалануға 
тырысады.Шабуыл  дегеніміз  боксшының  жекпе-жек  кезінде  қарсыласына 
бір  не-месе  бірнеше  соққы  беруге  ҧмытылуы.  Әр  шабуылды  сәті  келген 
кезде ғана жасау керек. Бірақ осындай сәттің тууын кҥтіп жҥрген беруге де 
бол-маиды.  Боксшь,  батыл  қимылдармен  тәсілдік  әдіс-айлаларды  ҥздіксіз 
қол-дану  арқылы  осындай  сәтті  ӛзі  жасауға  міндетті.  Қарсыласының 
алғашқы  қимылдарын  байып-тағаннан  кейін  боксшы  алдымен  шабуылға 
тыңғылықты  дайындалуы  ке-рек.  Сонан  кейін  алғашқы  соққы  беріледі.  Ол 
осы  соққыны  дамытуға  міндетті.  Кӛздеген  мақсаты  орындалғаннан  кейін 
шабуылдың  қызығына  тҥсіп  кетпей,  қорғанысқа  кӛшкен  дҧрыс.Шабуылға 
дайындық  жасағандағы  негізгі  міндет  қарсыластың  қорға-нысының  болуы. 
Боксшы  жалған  қимылдар  жасап,  қарсыласының  наза-рын  басқа  жаққа 
аударуы керек. Алғашқы соққы берген дейін боксшының ойы қарсыласына 
жҧмбақ болғаны жӛн. Шабуыл кенеттен масалғанда ғана кездеген мақсатқа 
жеткізеді.  Кездеген  мақсат  орындалып,  қарсыластың  назары  басқа  жаққа 
ауып, сәтті кезең туғанда ғана боксшы тез қимылдар-мен шабуылға шығады. 
Жалған соққыларға кӛп кҥш жҥмсалмайды. Бірақ осындай жеңіл соқ-
қылардың езі де қарсыластың осы бағыттарға қорғанысты кҥшейтуін та-лап 
етеді.  Бҧл  боксшының  шешуші  соққыны  басқа,  ӛзі  кӛздеген  бағытта 
жасауына  мҥмкіндік  береді.  Жалған  соққылар  негізінен  сол  қолмен  жаса-
лады. Бҧл боксшының ӛзінің қауіпсіздігіне жағдай жасайды. 
Жекпе-жек кезінде әсіресе қапталдан жасалатын жалған соққылар кӛп 
пайдаланылады.  Бҧл  қарсыластың  назарын  тӛте  соққыдан  аударып,  қор-
ғанысын  әлсіретеді.  Мҧндай  кезде  оң  қолды  соққы  жасауға  дайын  ҧстау 
керек.  Қарсылас  мҧның  оң  қолын  басты  қорғап  жҥр  деп  ойлау  керек.  Қар-
сылас басын ашық қалдырған кезде оң қолмен басқа тете немесе қаптал-дан 
соққы жасалады. 
Дайындалған  негізгі  соққы  тез  жасалуы  керек.  Әйтпесе  дайындық 
жҧмы-старға  босқажасалған  болып  шығады.  Негізгі  соққыны  жасау 
мҥмкіндігі  екінші реттумауы  мҥмкін.  Себебі осыдан  кейін  қарсыласжалған 
соққыларға  назар  аудармай,  боксшының  негізгі  ойын  біліп  қояды.  Оның 
ҥстіне  бір  рет  қолда-нылған  жалған  әдісті  қайталауға  да  болмайды. 
Алғашқыда соққының ас-тында қалған қарсылас мҧнда да боксшының ойын 
алдын ала біледі. 
Боксшы  жалған  қимылдар  жасауға  да  дағдылануы  керек.  Ол  жаттығу 


292 
 
кезінде "кӛлеңкемен" жекпе-жекте, айна алдында, немесе жаттығу кезін-дегі 
жҥптасқан жекпе-жектерде жалған соққыларды ҥйренуі қажет. 
Жекпе-жекті алыс арақашықтықта ӛткізуді жақсы кӛретін боксшылар 
шабуылға  дайындық  жасаған  кезде  бір  орыннан  екінші  орынға  кӛп  қозға-
лады.  Сәтті кезең  туғанда  алға  қарай  тез  адымдайды.  Негізгі  соққы да осы 
қадаммен бірге, қабаттаса жабалуы керек. Егер соққы кездеген нысанға дәл 
тисе,  онда  боксшы  шабуылды  ары  қарай  дамытады.  Ол  қарсыласын  қуып 
жҥріп қысқа соққылар береді. Ал шабуыл сәтсіз басталса, онда ар-тқа қарай 
бір қадам жасап, бҧрынғы арақашықтықты сақтайды. 
Жақын  арақашықтықты  жақсы  кӛретін  боксшылардың  алға  қарай 
жыл-жуы  бҥдан  ӛзгеше.  Мҧнда  кеуде  шешуші  міндет  атқарады.  Ол 
қарсыласы-ның  соққысынан  кеудесін  жалтара  қорғап,  ілгері  ҧмтылады. 
Боксшы  езіне  қажетті  арақашықтыққа  жеткен  кезде  ғана  қарсыласына 
шабуыл  жасай-ды.  Шабуылды  бастаған  сәтте  негізінен  сол  қолмен 
қапталдан  қысқа  соққы  беріледі.  Содан  кейін    басқа  немесе  кеудеге 
қапталдан  қатты  соққыләр  және  тӛменнен  тӛте  соққылар  жасау  арқылы 
шабуылды  әрі  дамытады.  Шабуыл  кезінде  соққылар  тӛте,  қапталдан,  ал 
қарсылас  еңкейген  жағ-дайда  теменнен  жасалуы  да  мҥмкін.  Шабуылдың 
біткен  және  кӛздеген  ме-жеден  шыққан  бар  элементі  қосылып,  қимылды 
анықтайды.  Шабуыл  жасаған  кезде  боксшы  ӛзіне-езі  сенімді  болуы  керек. 
Егер  оның  қимылында  сенімсіздік  байқалса,  қарсылас  қарсы  әдістер 
қолданып ҥлгере алады. 
Қорғану. Ӛзімен терезесі тең қарсыласпен жекпе-жек ӛткізгенде шебер 
боксшы ӛзіне басымдылық әперетін жан-жақты тәсілдік шешім таба алады. 
Ол  бокс  әдістерін  да  жан-жақты  пайдаланады,  ӛз  кҥшін  ҥнемді  жҥмсап, 
жекпе-жекті  бір  қарқында  ӛткізеді,  ол  қарсыласының  соққыларын  ӛзіне 
дарытпайды.  Осындай  жекпе-жек  кезінде  шабуыл  тәсілін  жҥзеге  асырған 
боксшы  ҥнемі  шабуылдай  береді  деген  ой  тумауы  керек,  Егер  шабуылдың 
баста-луы  мен  аяқталу  сәттері,  оны  жалғастыру  жинақы  болмаса,  онда  ол 
қар-сыласының  қарсы  соққыларының  астында  қалуы  мҥмкін.  Сондықтан 
алғ-ашқы жалған соққылар жасаған кезде, қарсыластың шама-шарқын, оның 
шеберлік деңгейін байқап керген абзал. 
Боксшы  жеңіске  ҧмтылғанда  негізінен  шабуылда  болатыны  даусыз.  Сонда 
да ол ҥздіксіз шабуылдардың арасында бір сәт қорғанысқа кешіп, шабуылды 
немесе шабуылдар тізбегін қорытындылауы, жекпе-жек ҥстінде қорғанысқа 
кешетін кезеңді сезінуі керек. 
Шебер  боксшының  басқалардан  артықшылығы  жекпе-жек  кезіндегі 
жағдайды  дҧрыс  байқап,  шабуылдан  қорғанысқа  немесе  қорғаныстан  ша-
буылға  кӛшу  сәттерін  дәл  білуінде.  Мҥндай  кезде  шебер  боксшы  шабуыл 
мен  қорғаныс  әдіссын  қарсыласының  әр  қимылына  қарсы  қойып,  ӛз  ойын 
жҥзеге асырады. Мысалы, боксшы жақын арақашықтықты ҧнатпайды делік. 
Онда  оның  қорғанысы  негізінен  қарсыласпен  арақашықтықты  жақындат-
пауға арналады. Ол ҥшін боксшы бір қадам артқа, оңға немесе солға қарай 
кетіп  қалды.  Ал  егер  боксшының  ӛзі  жақын  арақашықтықты  жақсы  керсе, 
онда  ол  жалтарып,  еңкейе  қорғанып,  жҧдырығын  қарсыласының  соққыла-


293 
 
рына қарсы қойып, жақын арақашықтықты сақтауға тырысады 
Боксшы әр кез шабуыл жасаған сәттерде ӛз қауіпсіздігін естен шығар-
мауы  керек.  Мҧндайда  алдын-ала  дайындалған  қорғаныс  боксшыны  қар-
сыласының  жауап  немесе  қарсы  соққыларынан  сақтайды.  Сондықтан  да 
боксшы  езі  жасайтын  әр  соққыны  қорғаныспен  ҧштастыра  білуі  қажет. 
Қорғаныс  әр  кезде  шабуылмен  сабақтасып,  боксшының  шеберлік  деңгеиін 
толық  кӛрсетуі  тиіс.  Мысалы,  қарсыласының  қиғаш  соққыларды  сол  қол-
мен  басқа  берілетін  тете  соққымен  жалғастырып,  оң  қолмен  де  соққы  бе-
ретін  білетін  боксшы  езі  де  осы  соққыларды  пайдаланғанда,  оң  қолының 
алақанын  және  сол  иығын  қарсыласына  қарсы  қоюы  керек.  Ал  керек  кезі-
нде оңга қарай еңкейген де жӛн. 
Жеңіске  жетуге  ҧмтылған  боксшы  кӛбіне  шабуылда  болады.  Сондықтан 
қарсыласының  қарсы  соққыларынан  қорғана  білу  және  оны  жаттығуларда, 
байқау  жекпе-жектерінде  жете  меңгеру  боксшының  негізгі  міндеттерінің 
бірі. 
Қарсы шабуыл қорғаныстағы боксшының шабуылға шығуы деген сӛз. 
Бҧл  әр  боксшының  ең  басты  тәсілдік  әдістерінің  бірі.  Қарсы  шабуылды 
қорғаныспен сабақтасқан қарсы соққылар арқылы жасауға болады. Мҧндағы 
негізгі  міндет  дҧрыс  қҧрылған  қорғаныстың  кӛмегімен  қарсылас-тың 
алғашқы  соққысын  қайтарып,  сол  сәтте  қарсыласына  соққы  беру  ар-қылы 
жекпе-жек тізгінін ӛз қолына алу болып табылады. Қорғанысы дҧрыс қҧрып, 
соның  кемегімен  қары  шабуылды  жҥзеге  асыру  боксшыдан  ептілікті, 
әдіслық шеберлікті талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет