«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет81/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146
Байланысты:
6-.-

 
 
АДАМГЕРШIЛIК  МӘСЕЛЕСIНIҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ – 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
   Ормани Д.А.  
Шымкент университеті                              
Тұрмаханбет Г.Қ. , магистр, оқытушы 
Оразметов М.У.-1 курс докторант, М.Әуезов атындағы ОҚУ 
 
Аннотация 
 ―Адамға  ең  бiрiншi  керегi  бiлiм  емес,  тәрбие.  Тәрбиесiз  бiлiм- 
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның ӛмiрiне апат әкеледi‖- деп Әл- 


218 
 
Фараби 
айтқандай, 
педагогика 
ғылымы 
зерттейтiн 
негiзгi 
категорияларының бiрi- тәрбие. 
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның 
рухани  ӛмiрiнiң  кӛптеген  негiздерiн  сақтайды,  тәрбие  алыс  пен  жақын 
адамдарға  және  ӛзiн  қоршаған  ортаға  қатынас  орнатады.  Тәрбие  ҧлылар 
ӛсиетiн  сақтата  отырып,  олардың  адамгершiлiк  қҧндылықтарын  ҧрпақтан- 
ҧрпаққа  жеткiзедi.  Адам  тiршiлiгiне  тек  қана  материалдық  жағдайлар  ғана 
емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.  
В.Соловьев:  ―Адамгершiлiк  бiр  адамның  екiншi  адамға  сыйлай 
салатын заты емес, ол ӛзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi 
жағдайы‖-  деп  адамгершiлiктiң  қҧндылығына  ерекше  тоқталған.  Тәрбие    - 
ӛмiрдiң ӛзi сияқты кҥрделi де кӛп қырлы.  
Еңбекке  тәрбиелеу,  патриоттық  тәрбие,  эстетикалық  тәрбие, 
адамгершiлiк  тәрбиесi,  экологиялық  тәрбие,  дене  тәрбиесi.  Осы  барлық 
тәрбиенiң  ӛзегi-  адамгершiлiк  тәрбиесi,  бiрақ  ол  жападан  жалғыз  әрекет 
етпейдi, ол осы аталған тәрбие тҥрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен 
қоса  барлық  тәрбие  тҥрлерiмен  бiрiге  келе  адамгершiлiк    мен  сапалары 
қалыптасады.  Адамгершiлiк 
сапаларын 
индивидтiң 
ӛзi 
анықтап, 
адамгершiлiк ҧстанымын да ӛзi қалыптастырады. 
Адамгершiлiк  –  (орысша  нравственность)  қоғамдық  ӛмiрдiң 
объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды 
реттеуге  негiз  болып  табылатын  талапқа  сай  белгiлi  бiр  имандылық 
шарттарын бiлдiретiн ҧғым .  
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бҥгiнде мектептерде 
жылдан-жылға оқу-тәрбие жҧмысын дҧрыс жолға қоюды талап етедi. 
Ата-бабаларымыз ӛздерiнiң сан ғасырлар бойғы ҧлы тарихында жас 
ҧрпаққа  тәрбие  берудiң  бай  тәжiрибесiн  жинақтап,  ӛзiндiк  салт-сана,  әдет-
ғҧрып, дәстҥр рәсiмдерiн қалыптастырған.  
Әдеттер  физиологиялық  тҧрғыдан  ми  қабатындағы  динамикалық 
стереотиптiң бiр кӛрiнiсi. Бҧлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы 
бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ҧшыраған алаптарында 
да  пайда  болады.  Сондықтан  да  адамның  жеке  басында  жағымды 
қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi ҥндi мақалында 
былай деген: ―Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез 
ексең – тағдыр орасың‖. Әдет адамның мiнез–қҧлқының фундаментi болып 
табылады.  Әдет  негiзiнде  мiнез  қалыптасатынын  А.С.  Макаренко  мiнез-
қҧлықта дҧрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап кӛрсеткен . 
Әдеп  адамның  ешбiр  кҥш  салуынсыз  пайда  бола  бередi.  Әдептердi 
белгiлi  бiр  мағынада  бiрнеше  топқа  бӛлуге  болады.  Олар:  адамгершiлiк 
немесе  моральдық  (әрқашан  шын  сӛйлеу,  достарына  адал  болу,  ҥлкендер 
тiлiн алу, т.б.). 
Мәдени  мiнез-  қҧлықтары  (сыпайы  болу,  ҥлкендерi-кiшiнi  сыйлап- 
қҧрметтеу, дҧрыс сӛйлеу, т.б). 
Гигиеналық  әдептер:  (таза  жҥру,  қол  жуу  т.б)  еңбек,  ақыл-  ой 
әдеттерi.  Атақты  ағылшын  драматургы  В.  Шекспир:  ―Жақсы  әдет 


219 
 
жақсылыққа  бастайтын  перiште‖  десе,  орыс  педагогы  К.  Д.  Ушинский: 
―Жақсы  әдет  ӛсiмге  берген  ақша,  адам  ӛмiр  бойы  соның  жемiсiн 
пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам ӛмiр бойы сол борыштың ӛсiмiнен 
азап шегедi‖ дейдi. 
Адамгершiлiк  әдеттерде  бiрiне-  бiрi  қарсы  екi  кҥш  болады.  Бiрi 
жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.  
Ал  оқуға  деген  әдет  адамның  әдет-дағдыларының  кҥрделi  бiр  тҥрi 
болып  табылады.  Ол  адамның  қызметi  мен  мiнез-  қҧлқының  әдеттегi 
формаларының  қҧрамына  енедi.  Олар  оқушылардың  бiлiм  алуына  және 
оқушыларды  практикалық  қызметке  дайындауға  зор  әсерiн  тигiзедi.  Сол 
әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола тҥседi. Егер оқушы ӛз-
ӛзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жҧмыста болсын, кездескен кедергiлердi 
жеңу  қиын  болады.  Оқушының  пайдалы  әдеттерiн  қалыптастыру,  оларды 
адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Орта сынып оқушыларының 
адамгершiлiк  н  тәрбиелеудiң  iс-  жҥзiнде  тексерiлген  ең  сенiмдi  әдiстерiнiң 
бiрi-  мҧғалiмнiң  оқушыларға  жҥргiзiлетiн  тҥсiндiру  жҧмысы  болып 
табылады.Тҥсiндiру жҧмысын тек теория жҥзiнде ғана уағыздамай, пайдалы 
әдеттердi  тәжiрибеде  тiкелей  кӛрсетумен  ҧштастыру  керек.  ―Әдет  -  дейдi 
А.Макаренко  әрдайым  жаттығып  отырудың  нәтижесiнде  калыптасады, 
сондықтан жаттығуды дҧрыс ҧйымдастыру қажет‖ . 
Бҧл проблема жан-жақты қарастырылып, ҥнемi iзденiстер жҥргiзiлсе 
де,  қаншама  концепциялар  ҧсынылса  да  бҥгiнгi  кҥнге  дейiн  нақты  жауап 
таба  алмай  келедi.  Бҧның  шындыққа  сай  ең  негiзгi  қиыншылығы,  бiздiң, 
яғни адамдардың арасындағы ҥлкен айырмашылықтардың болуында . 
Болашақта  ӛмiр  сапасы,  мҥмкiн  адамзат  цивилизациясының  ӛзiнiң 
ӛмiр  сҥруi.  Бiздiң  қаншалықты  ӛзiмiздi  және  ӛзгенi  тҥсiнетiмiзге 
байланысты болады .  
Жаңарған  бiлiм  беру  жҥйесiнiң  анықтаушы  белгiлерiне  мыналар 
жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын 
беру  емес,  жеке  адамдарды  қалыптастыру,  әлеуметтiк  бағдарлы  қоғамдық 
қатынасқа  тәрбиелеу.  Мҧның  ӛзi  бҥкiл  оқудың  мазмҧнын  қайта  қарауды 
талап  етедi.  Бҧған  дейiн  неғҧрлым  бiлiм  негiздерiн  кӛбiрек  жинаса, 
соғҧрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тҧжырымды басшылыққа 
алып  келдiк.  Ендiгi  мiндет  қандай  бiлiмнiң  жеке  адамдық  қасиеттердi 
қалыптастыра алатынын болжау.   
Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық 
тҧлға.  Осы  ерекшелiктерiне  орай  адамды  ғылымның  бiрнеше  саласы 
зерттейдi.  Ал  педагогика  мен  психология  ғылымы  болса,  адам 
жандҥниесiнiң  сырын,  психиканың  даму  заңдылықтарын,  жеке  адамдық 
қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi. 
Совет  психологы  С.А.Рубенштейн  бҧл  тҥсiнiк  туралы  былай  деген: 
«Адам  ӛзiнiң  ерекше  қайталанбайтын  қасиеттерiнiң  кҥшi  арқасында 
индивидуалды  және  адам  қоршаған  ортаға  ӛзiнiң  қатынасын  саналы  тҥрде 
анықтау  арқасында  жеке  бас.  Сондықтан  адамды  ӛзiн  қоршаған  әлемiне 
және  қатынасына  байланысты  анықтайды.  Адамның  қоршаған  ортаға 


220 
 
қарым-  қатынасы  оның  ӛзiндiк  кӛзқарасынан,  сенiмiнен,  дҥниетанымынан, 
басқа  адамдар  мен  қатынасынан,  ең  бастысы  оның  әрекетiнен  (еңбек,  оқу, 
т.б) кӛрiнедi. 
Баланың  жеке  басының  дамуы  мен  қалыптасуына  ықпал  ететiн  3 
негiзгi фактор бар. Ол тҧқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие 
(сыртқы жағдайлар). Осы ҥш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн 
олар ӛзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып 
шығатыны  туралы  мәселенiң  ӛте  зор  ғылыми  және  практикалық  маңызы 
бар.  Тәрбие  адамның  дамуына  әрқашан  мақсат  кӛздеп,  ықпал  ету  болып 
табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру кӛзi болатын қоршаған ортаға 
тәуелдi  бола  отырып,  оған  белсендi  тҥрде  ықпал  етедi,  оны  және  ӛзiн 
мақсатты  iс-  әрекет  процесiнде  саналы  тҥрде  қайта  қҧрады.  Сондықтан  да 
адамның  саналы  тҥрдегi  белсендi  iс-  әрекетi  оның  жеке  басын 
қалыптастырудың  негiзi.  Жеке  адамды  бӛлшектемейтiн,  оның  мҥддесiн 
қоғам  мҥддесiмен  ҧштастыратын  жоғары  мативтердiң  жалпылану  және 
тҧрақтылық  дәрежесi  жарасымды  дамуды  тудырып,  бiздiң  қоғамның 
адамгершiлiк  нормаларына  сай  келетiн  жеке  адамның  қалыптасқандығын 
дәлелдейдi.  Қоршаған  ортаға,  адамдарға,  ӛзiне,  ӛмiрге  деген  кӛзқарастарда 
жеке  адамның  дҥниетанымы,  кӛзқарасы,  ҧмтылысы,  нанымы  байқалады. 
Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң 
ӛзегi». 
Адамгершiлiкке  тәрбиелеу  мақсатында  жоспарлы  тҥрде  әр  қилы 
әрекеттердi  ҧйымдастыру  керек.  Дәстҥрдi  қолданудағы  жаттығудың  мәнi 
әрекет  пен  қылықтарды  бiрнеше  рет  қайталату  арқылы  жеке  бастың 
адамгершiлiк  мотивi  мен  мiнез-  қҧлқындағы  қажеттiлiктi  қалыптастыруға 
әсер  етедi.  Тәрбие  әдiсiн  балалардың  моральдiк  мiнез-  қҧлқын  (әдет) 
механизмдерiн,  адамгершiлiк  сапаларын  стимулдандыру  тәсiлi  деп 
тҥсіндіреді. Оны сҧрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық 
психолог  Л.Кольберг  адамгершiлiк  тәрбиелеудiң  басты  мақсаты  мiнез- 
қҧлықты  қалыптастыру  емес,  ҧтымды  пiкiр  айту  қабiлетi  деп  тҥсiндiредi. 
Дәстҥр туралы мәлiмет беруде тҥсiндiру, ақыл-кеңес, нҧсқау, бағыт- бағдар 
беру  тәсiлдерiн  қолдану  адамгершiлiктi  тҧлға  қалыптастыруға  негiз  бола 
алады. 
Бала  дамуының  алғашқы  кезеңiнен  яғни  адамгершiлiк  туралы 
ҧғымдарды  саралап,  санасына  сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстҥр 
нiң  толысқан  сферасы  ретiнде  дәстҥрлi  педагогикалық  мәдениеттi 
қалыптастыра  отырып  ӛскелең  ҧрпақты,  адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң 
негiзгi  қҧралы,  формасы,  әдiс-тәсiлдерi,  адамгершiлiктiң  қайнар  кӛзi,  iлкi 
бастауы бола алады .  
Кейбiр  зерттеушiлер  адамгершiлiк  дәстҥрлерiн  ҧрпақтан-ҧрпаққа 
берiлген  кҥйде  ӛзгерiссiз,  ал  ӛзгерген  жағдайда  ҧзақ  уақыт  қызмет  ететiн 
мораль элементiнiң тҧрғысында қарастырады. 
Бҧған  А.Д.Макаренконың  ―Адамгершiлiк  немесе  моральдық 
саласында  қызмет  ететiн  және  моральдық  қатынасты  бейнелейтiн 
дәстҥрлер‖  дей  келе,  ҧлттық  адамгершiлiк  деп  отырған  ҧғымдарымыздың 


221 
 
тҥп  тӛркiнi  моральды-этикалық  дәстҥрдiң  сара  жолына  әкеп  тiрейдi. 
Тәрбиенiң 
дәстҥрмен 
тығыз 
байланысты 
тҧңғыш 
қарастырушы 
К.Д.Ушинский  болды.  Ол  ӛз  еңбектерiнде  тәрбиенiң  халықтық  сипатына, 
еңбектiң  тәрбиелiк  және  психикалық  сипатына  және  тәрбиедегi  адамгер-
шiлiк мәселелерiне кӛңiл бӛле отырып ―Тәрбие кӛзi- халықтық педа-гогика‖ 
деген  тҧжырымға  келген.  Осы  идеяны  қазақ  жерiнде  жалғас-тырушы 
педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң тҥрлерiн атап кӛрсетедi, 7 
жақсы қасиет: 
Бiрiншi: Имандылық. 
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк. 
Ҥшiншiсi: Адалдық, ақкӛңiлдiлiк. 
Тӛртiншiсi: Сыпайылық, момындық. 
Бесiншiсi: Адал ниетпен ӛсиет беру. 
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. 
Жетiншiсi: Дҧрыс заңдылық . 
Жалпы  осы  адамгершiлiк    мәселесi  тӛңiрегiнде  педагогика 
классиктерi:  Я.А.Каменский,  Ж.Ж.Руссо,  К.Д.Ушинский,  Л.Н.Толстой, 
Н.И.Ильминский,  еңбектерi  ерекше  орын  алады.  Қазақ  зиялы  қауымынан: 
А.Қҧнанбаев, 
Ш.Қҧдайбердиев, 
А.Байтҧрсынов, 
М.Жҧмабаев, 
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмҧхамедовтер жалғастырған. 
Ә.Фараби:  ―Доскерлiк  –  адамгершiлiктегi  жақсы  қасиет,  бҧл  ӛзi 
адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, 
осының арқасында ол ӛзiнiң жҥрiс-тҧрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен 
жақсы  ләззат  алады.  Бҧл  жӛнiнде  артық  кету  –  жарамсақтық-қа  соғады,  ал 
достыққа  кемтар  болу  –  тәккаппарлыққа  итередi.  Ал  ендi  осы  ретте  ол 
басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бҧл дҥрдараздыққа апарып соғады‖. 
М.Әуезовтың  педагогика,  методика  мәселелерi  жайлы  мәселе 
кӛтергенi белгiлi. ―Ғылым‖ атты еңбегiнде: ―Адам баласының жаман қҧлқы 
жаратылысынан  емес,  ӛскен  орта,  алған  ҥлгi,  ӛнеге  бiлетiндiгiнен  және 
тҥзелу,  бҧзылу  жас  уақытта  болады.  Кӛпшiлiктi  адамгершiлiкке  тәрбиелеу 
ҥшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жҥргiзу ҥшiн – кӛп 
ой  керек,  ойлау  ҥшiн  оқу  керек  және  оқу  әр  тараптан  мағлҧмат  берiп, 
ақиқатқа баланың кӛзiн жеткiзiп, кӛңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек‖. 
Ал  С.Қожахметов  шәкiрттердiң  адамгершiлiк  пен  әдеп,  саналы 
тәртiпке  тәрбиелеу  мәселелерiне  байланысты  бiрнеше  еңбек  жазды.  Автор 
ӛз  еңбегiнде  дҥниежҥзiлiк  педагогиканың  классигi  Ян  Амос  Каменскийдiң 
―Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең‖ дейтiн афоризмiн эпиграф етiп 
алады. Ол ―Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы тҥрде ӛзiнiң 
бар 
ықыласымен 
қатысуын, 
мектеп 
мҥлкiне 
ҧқыпты 
болуын, 
туысқандарына, жолдастарына кӛзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, 
қошеметтi болуын талап етедi ‖ . 
Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу ҥшiн 
табиғаттың  атқарар  ролi  зор.  Табиғат  бӛлшектерi:  жан-жануарлар  дҥниесi, 
ӛсiмдiктер  әлемi,  ӛзен,  сай,  биiк  таулар,  сағым  тербеген  сары  дала  –  бәрi 
адамдардың  ақыл-ойына  – сана  , денесiне  –  қуат,  бойына  –  кҥш, ӛнерiне  – 


222 
 
шабыт,  кӛңiлiне  –  қанат  бередi.  Табиғат  жайлы  тҥсiнiктi  оқушылар 
дҥниетану  сабағында  алады.  Ал  В.А.Сухомлинскийдiң  пiкiрiнше 
адамгершiлiк  тәрбие  беру  дегенiмiз  –  баланы  гҥлге  су  қҧюға  немесе 
тазалыққа  ҥйрету  емес,  ол  баланың  санасына  табиғат  дегенiмiз  –  бiртҧтас 
жҥйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен қҧралатындығын жеткiзу . 
Дәстҥр  бойынша,  адамгершiлiк  тәрбие  мәселесiне  халықтық 
педагогика  аса  кӛп  мән  берген  А.Б.Измаилова  табиғатпен  қарым-қатынас 
ҥрдiсi,  оны  оқып  ҥйрену  және  пайдалануды  бала  ӛмiрiнiң  алғашқы 
кҥндерiнен  бастап жҥргiзу  керек.  Ертегiлер  мен ойындардағы  мейiрiмдi ҥй 
жануарлары,  қҧстар  туралы  ойлар,  мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сӛздер 
баланың  табиғатты  тануына  әсер  етедi,  табиғатпен  ҥздiксiз  байланысқа 
тҥседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп кӛрсеткен. 
Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның н қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн 
қарастыра  келiп,  мектеп  жасынан  бастап  бҧл  Я.А.Каменскийдiң  ӛсиет  етiп 
кеткен  тәрбиенiң  табиғатпен  байланыстылығын  адам  тәрбиесiнiң  жетекшi 
қҧралы деп тҥсiндiрдi. 
Мектептер  қызметi  мен  мектептен  тыс  уақытта  ӛзара  байланыс 
жҧмысы ҥздiксiз болатыны жайлы кӛптеген кӛрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, 
А.С.Макаренко,  А.В.Луначарский,  Н.А.Семашко,  В.А.Сухомлинскийлер 
дәлелдеп бердi. 
И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп 
оқушыларының  қоршаған  ортаға,  оның  қызметiне  деген  жауапты 
кӛзқарасын  қалыптастыратын  берiк  ғылыми  бiлiмдердi  меңгерту  болуы 
қажет.  Табиғат,  экологиялық  тәрбие  берудiң  кӛрсеткiшi  ретiнде 
оқушылардың  табиғи  ортаға  деген  кӛзқарасы,  оның  адамгершiлiк 
нормаларын айтуға болады . 
Жалпы  қазiргi  ғылыми  әдебиеттерде  адамгершiлiк  қалыптастыру 
мынадай мiндеттердi белгiлейдi: 
-Табиғи  және  әлеуметтiк  ортаға  деген  жауапкершiлiкпен  қарауды 
қалыптастыру – тәрбиенiң қҧрамдас бiр бӛлiгi. 
- Ӛзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке 
ҥйретудi мектептiң орта сыныбынан бастау. 
-Табиғатты  қорғау,  ағаштар  отырғызу,  бҧталар  мен  гҥлдердi  баптау, 
ҥй  жануарларын  ӛсiру.  Ҥлкенге  iзет,  кiшiге  қҧрмет  ету  қасиеттерiн 
жетiлдiру. 
―Ҧлттық  тәрбиенiң  негiзi  –  адамгершiлiк,  еңбек  тәрбиесi‖-дейдi 
М.Жҧмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық тҥрде баулу керек. 
Оқушының  адамгершiлiк    қай  кезде  де  назардан  тыс  қалып  кӛрген 
емес. Бҥгiн де оқушылардың адамгершiлiк  жоғары болуы маңызды мәселе 
ретiнде  саналады.  Осыған  орай,  мектепте  оқушыларда  адамгершiлiк  н 
қалыптастыруға дҥниетану сабағының ӛзiндiк орны бар. 
Осы  орайда  бабамыз  Әбу-Насыр  Әл-Фарабидiң  ―Адам  алдымен 
ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына кӛңiл бӛлуi қажет. 
Шын  мағынасындағы  бiлiмдiлiк  –  тамаша  адамгершiлiк  сипат‖-деген 


223 
 
ҧлағатты  пiкiрiн  мойындай  отырып,  жас  ҧрпақты  бiлiм  нәрiне  қандыру  да 
педагогтық парыз екенiн ҧмытпағанымыз абзал . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет