«Наука и образование в современных реалиях»


СПОРТШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ДЕНЕ



Pdf көрінісі
бет9/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   146
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ДЕНЕ 
МҤМКІНДІГІ НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУ 
 
А.Пернебай 
Ғылыми жетекшісі – Ж.Н. Ақылбек, аға оқытушы  
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Дене  қасиеттерін  тәрбиелеуде  жас  ерекшелігіне  байланысты 
кезеңдерді,  сондай-ақ  әртүрлі  жастағы  және  жыныстағы  оқушыларды 
тексеру материалдарына түрлі талдау жасалуы тиіс. 
 
         Дене қабілеттерін дамытудың жылдық ӛзгерістерін мектептегі оқудың 
барлық кезеңін дене ӛзгеруімен пайыз арқылы салыстырғанда, оқушыларда 
кӛбінесе орта және жоғарғы мектеп жасында дене дайындығының қарқыны 
ӛсетінін  зерттеу  материалын  талдағанда  кӛруге  болады.  Дене  қабілеттері 
дамуының  ең  жоғарғы  қарқынының  жылдық  кезеңдері  уақыт  жағынан  сай 
келмейді.  Біз  алған  бақылаудың  мәліметтері  мен  нәтижелері  дене 
қабілеттерін  жедел  тҥрде  дамыту  кезеңдерінің  кӛне  әдебиеттік 
мәліметтермен  [44,45]  сай  келетінін  кӛрсетеді,  сондықтан  сатылы  дамуды 
мектеп  оқушыларының  қозғалыс  қызметін  арттырудың  жалпы  заңдылығы 
деп, білу керек. 
         Қозғалыс  қызметін  дамытудың  сатылық  сипатын  жауапты  кезеңдер 
концепциясы  тҧрғысынан  талдағанда  жасы  және  жынысы  әртҥрлі 
оқушылардың жас кезеңдерінің шартты хронологиясын  жасауға мҥмкіндік 
болады.  Жылдық  мезгілдерді  біз шартты тҥрде қарастырдық, егер қандай 
да бір дене қабілетін дамытудың ӛзгеру деңгейі санақтық шартты бірлігінен 
тӛмен  болса,  дамудың  аса  жауапты  кезеңі  туралы  гипотеза  қабылданатын, 
сӛйтіп,  кӛлемі  жағынан  ӛсудің  біркелкі  жоғары  қарқынды  кезеңі  ӛсудің 
шапшаң  қарқынды  кезеңін  және  ӛсудің  аса  жоғары  қарқынды  кезеңі  
ажыратылды.  Дене  қабілеттерін  дамытудың  жауапты  кезеңдерінің 
осылайша  анықталған  хронологиясы  кейін  педагогикалық  экспериметтің 
негізінде алынады. Мектеп жасындағы оқушылардың жаттығу сабағындағы 
міндіттерін  шешуде осындай  кезеңдердің  педагогикалық мәні кӛрсетіледі. 
         Оқушылардың  қозғалыс  қызметін  дамытудың  динамикасын  оны 
шартты тҥрде кезеңдерге бӛле отырып талдағанда, педагогикалық академия 
ҧсынған  қазіргі  мектеп  қҧралдарындағы  (екінші  балалық  7-12  жас, 
жасӛспірім  шақ  13-14  және  ер  жеткен  мезгіл  15-17)  оқушылардың  дене 
қабілеттерінің кӛрсеткішінде осылай сатылағанда елеулі ӛзгеріс жоқ екенін 
кӛрдік.  Олар  мектеп  оқушыларының  дене  қабілеттерін  дамытудың  негізгі 
сатыларын нақты кӛрсетеді.  
         Әртҥрлі  дене  қасиеттерінің  ӛзара  байланысын  кеңейту  кезеңдері  (Ҧл 
балаларда  10-11,15-17  жас,  қыз  балаларда  8-9,13-16  жас)  уақыты  жағынан 
қандай  да  бір  қасиетті  дамудың  шартты  жауапты  кезеңдерімен  сай  келеді. 
Бҧларды  бір  дене  қабілеті  дамыту  нәтижесін  басқа  бір  қолайлырақ 


16 
 
жаттығуларға  алмастыру  деп,  қабылдау  керек.  Антрометриялық  белгілер 
оқушылардың  қозғалыс  функциясының  сыртқы  кӛрінісін  негіздейтін 
факторлар болып табылады, олар зерттеушілер қарастырған жас кезеңдерде 
онша ҥлкен роль атқармайды [47]. Кӛптеген зерттеулердің нәтижелері 13-15 
жастағы балалардың орташа кҥші қандағы гемоглабиннің мӛлшеріне, кеуде 
және  мойын  жасушаларының  айналым  шеңберіне,  дене  ҧзындығы  мен 
салмақ    ерекшелігіне,  оқушылардың    дене  дайындық  кӛрсеткіштері    мен 
даму деңгейіне  елеулі  мҥмкіндіктермен  байланыспайтындығын кӛрсетті. 
         Осыған  байлынысты  антрометриялық  белгілер  дене  қасиеттерін 
сатылық  дамуына,  қозғалыс  әрекеттерінің  сапалық  ерекшеліктерін 
дамытудың  аса  жауапты  кезеңдерінің  антогонистік  хронологиясына  онша 
әсер  етпейді  деуге болады. 
          Кӛптеген зерттеулер акселерация, яғни, шапшаң ӛсу феномені жоғары 
жастағы оқушылардың абсолютті деңгейіне, ӛсу қарқынын тҧрақтандыруға, 
ҧл  баланың  жедел  даму  кезеңдерінің  аумағын  кеңейтуге  және  аумақты 
тарылта  отырып,  ертерек  мезгілге  ауыстыруға  онша  қатты  әсер  етпейтінін 
атап ӛтеді. 
          Осылайша,  әдебиеттік  мәліметтерді  зерттеуде  дене  қабілеттері  ӛсу 
қарқынының жоғарғы жауапты және тӛменгі жауапты кезеңдерін ажыратуға 
мҥмкіндік  туады.  Ӛсудің  ең  жоғарғы  қарқыны  аяқтың  және  дененің 
қозғалыс  жылдамдығын  дамытуда  7-8  жаста,  жалпы  тӛзімділік  8-9,  10-11 
және 12-13 жастарда, омыртқа сҥйегінің майысқақтығы  -9-10, 13-14, 15-16, 
жастарда, дененің тепе теңдігін сақтау -9-10, 14-15, 16-17 жаста, қол кҥшінің 
динамикасы мен тӛзімділігі -14-15, 16-17 жаста, дененің иілгіштік кҥші 16-
17 жаста кӛрінеді. 
          Ӛсудің  жоғарғы  қарқыны  дененің  иілгіштікке  тӛзімділік  кҥші  12-13 
жаста  және  15-16  жаста  дененің  иілгіштік  кҥші,  статистикалық  тӛзімділігі, 
аяқ және дененің жылдамдық, кҥшітілік қабілеті 14-15 жасында кӛрінеді. 
          Оқушы  қыздардың  ең  жоғарғы  ӛсу  қарқыны,  дененің  аяқ  пен  кеуде 
қасиетінің  даму  жылдамдығы  7-9,  10-11  және  13-14  жаста,  дененің 
статистикалық  дамуы  8-9,  11-12  жаста,  кеуде  және  аяқты  бҥгу  қасиетінің 
жылдамдық  кҥштілігі  9-12  жаста,  кеуденің  динамикалық  иілгіштікке 
тӛзімділік  кҥші  9-12  жаста,  кеуденің  бҥгілу  кҥші  10-11  және  16-17  жаста, 
жалпы тӛзімділік 11-12 жаста, омыртқа жотасының иілгіштігі 14-15 және 16-
17 жаста кӛрінеді. 
          Ӛсудің  жоғарғы  қарқыны  қолдың  иілгіштік  дене  қасиетінің 
статистикалық  тӛзімділік  дамуының  болуы  7-8,  10-11  және  14-16  жаста, 
дененің  статистикалық  тепе  –  теңдігіне  7-8,  9-10  жаста,  кеуденің  иілгіштік 
кҥші  мен  тӛзімділігі    8-9  12-13  жаста,  кеуде  мен  аяқ  қозғалысының 
жылдамдығы 9-10 жаста, жалпы тӛзімділік 9-10 жаста, кеуденің бҥгілу кҥші 
11-12  жаста  және  омыртқа  желісінің  иілгіштігі  11-12  және  13-14  жаста 
кӛрінеді. 
          Ӛсудің біркелкі баяулаулауының жоғарғы қарқыны дене қасиетіндегі -
кеуденің  бҥгілу  кҥшінің  дамуы  7-9  жаста,  аяқ  пен  кеуденің  жылдамдық 
сапасы 7-8 және 14-15 жаста, кҥш тӛзімділігі 8-9 және 16-17 жаста, дененің 


17 
 
статисикалық  тепе-теңдігі  12-13  жаста  және  кеуде  мен  аяқтың  қозғалу 
жылдамдығы 15-16 жаста кӛрінеді. 
          Дене  қабілеттері  дамуының  жоғарғы  және  тӛменгі  қарқыны 
кезеңдерінің  осы  кӛрсетілген  айырмашылықтарына  сҥйене  отырып,  жалпы 
білім беретін мектепте дене тәрбиесінің оқу бағдарламасын жасауда қандай 
спорт ойыны ең кӛп кездесетінін анықтау керек болды. 
          Балалармен  жасӛспірімдерді  даярлайтын  спорт  мектептері  әр  тҥрлі 
спорт  ойындарының  жаттығу  сабақтарына  хронометр  жасау  нәтижелері 
жылдамдықтың  ең  жоғарғы  деңгейде  кӛрінетін  спорт  тҥрі  мыналар  екенін 
байқатты: кіші футбол, баскетбол, теннис және т.б. Жылдамдықтың кӛрінісі 
деп,- қозғалыс реакциясының жылдамдығын, қозғалыс жылдамдығын, ойын 
кезіндегі  кҥш  қабілеттерінің  (соққы  беру,  лақтыру,  ойын  ережесі  шегінде 
қарсыласты итеру кҥші, т.б.) кӛрінісін тҥсіну керек. Мҧндай кҥш қабілеттері 
ең  жоғарғы  деңгейде  доппен  ойналатын  ойындарда:  тӛзімділік-  кіші 
футболда  35%,  баскетбол,  гандболда  -30%,  кіші  футболда  -25%  кӛрінеді. 
Иілгіштік  волейболда-35%,  баскетбол,  кіші  футболда  -  25%,  гандбол  ҥстел 
теннисінде - 10%. Ептілік волейболда, баскетболда - 25%, ҥстел теннисінде -
30%, кіші футбол, баскетбол-20%, гандбол - 10%. 
           Оқу бағдарламасы мен дене тәрбиесі, спорттық секциялар сабағының 
жылдық  жоспарын  жасауда  негізгі  ережелердің  бірі  дене  қасиеттеріне  – 
жылдамдыққа,  ептілікке,  тӛзімділікке  тәрбиелеуде  жас  ерешелігін  ескеру 
қажеттігі  болып  табылды.  Оқушылардың  дене  тәрбиесінің  сан  тҥрлі 
ерекшеліктерін  ескеруде,  біздің  ойымызша,  ең  қолайлы  дене  шынықтыру 
мен  спорт  саласындағы  белгілі  мамандар  ҧсынған  әдебиеттер  мәліметі 
негізінде  жасалғанын  топтастыру  болды,  сондай-ақ,  кӛп  жылдық  ғылыми 
зерттеулер 
мен 
практикалық 
қорытындылардың 
да 
нәтижелері 
пайдаланылды. 
Спорттық ойындар бҥкіл  әлемдегі жеткіншектер мен балалардың арасында 
кең  тараған  және  сҥйікті  дене  жаттығулары  болып  табылады.  Спорттық 
ойындар – дене тәрбиесі мен спорттың ерекше тҥрі. Бҧлардың ішіне кіретін 
кӛптеген  ойындардың  әр  қайсысы  спорттың  жеке  тҥріне  жатады.  Бҥгінде 
спорттық  ойындар  бойынша  ҥнемі  спорттық  жарыстар  ӛткізіледі.  Ең  кең 
тараған  ойындар  олимпиадалық  ойындардың  бағдарламасына  енгізіледі. 
Бірінші  олимпиаданың  ӛзінде  теннистен,  голфтен  жарыстар  бойынша 
Олимпиада жҥлделері берілді. Қазіргі уақытта ойындардың 9 тҥрі бойынша 
футбол,  баскетбол,  гандбол,  волейбол,  хоккей,  кӛгалдағы  хоккей,  су  добы, 
теннис,  ҥстел  теннисі  бойынша  жарыстар  ӛткізіледі.  Олимпиада  ойындары 
бағдарламасының  осы  ойындар  бӛлігін  кеңейте  тҥсу  қарқыны  жоғары. 
Мҧндай  шешімнің  дҧрыстығына  дау  жоқ,  себебі  ойындарға  басқа 
жаттығулар арасында бірінші орын беріледі.  
          Спорттық  ойындардың  кең  таралуының  кӛптеген  себептері  бар. 
Ойындардың  аса  кӛп  тҥрлері  адам  ҥшін  ыңғайлы.  Олар  ҥшін  қымбат 
жабдықтар, ерекше орын табу қажет емес, ең бастысы жарысқа қатысу ҥшін 
алдын-  ала,  ҧзақ  дайындықтардың  да  қажеті  аз.    Алаңдағы 


18 
 
жарысушылардың  ойынын  бақылаушыға  спортшылардың  белгісіз  жеңіске 
ҧмтылған қимыл-қозғалыс шеберлігі, жылдамдығы қатты әсер етеді. 
         Ойынның  тағы  да  бір  кең  тараған  себептері,  олар  жалпы  дене 
дайындығының  ең  бір  жан-жақты  да,  терең  әсер  беретін  қҧралы  болып 
табылады, ойындардың кӛмегімен жҥгіру, секіру, лақтыру сияқты  - ӛмірлік 
маңызды  дағдылар  –  жылдамдық,  ептілік,  кҥш,  тӛзімділік,  икемділік 
жетіледі. 
          Қазіргі  қоғамда  спорт  маңызды  орын  алады,  егер    спортты  XXI 
ғасырдың  феноменіне  айналды  десек,  бҧл  баға  спорттық  ойындарға 
қатысты,  себебі  олар  спорттың  ең  жақсы  (кӛңілді  кӛтеретін)  тҥрі  болып 
отыр. 
          Ойынның  әлеуметтік  қызметі  еңбекке  дайындау  болып  табылады. 
Ӛмірдің  шындық  жағдайларын  бейнелейтін  ойындардан  тҧлғаның 
еңбекқорлығын  анықтайтын  қасиеттері  кӛрінеді.  Бірақ  ойын  процессінде 
материалдық қажеттіліктері ӛтеліп, шығармашылық қабілеттер кӛп кӛрінеді. 
Сондықтан  да  ойындар  адамға  оның  психикасы  мен  дене  іс-әрекетінің 
жетілдіруге  бағытталады.  Осы  аталған  ерекшеліктер  ойын  мен  еңбек 
арасындағы  тығыз  байланыс  пен  ӛзара  әсерді  кӛрсетеді.  Осыдан  жеке 
адамның сондай- ақ, тҧтас қоғамның  дамуын  қамтамасыз ететін ойынның 
әлеуметтік қызметінен кӛрінеді. 
 
Мәдени  ӛмір  мен  ӛнердегі  кӛптеген  бағыттар  осы  ойындардан 
шыққанын  атап  кӛрсету  орынды,  себебі,  ойындарда  адамның  ӛзін-ӛзі 
шығармашылықпен  таныту  қабілеті  қалыптасады,  қиял  мен  сезім,  ғылым 
мен техникадағы тапқырлық ойындарда да дамиды.  
 
Ойындардың  ең  маңызды  әсер  ету  саласы  деп,  ойын  ҥстіндегі 
әлеуметтік интеграцияны атау керек. Бҧл тҧрғыдан спорттық ойындар ортақ 
мақсаттқа  жету  ҥшін  іс-әрекетті  бірігіп  ҧйымдастырудың  әлеуметтік  тҥрі 
ретінде ӛте маңызды. Ойнаушылардың әрбір ҧжымы ӛзара міндет бӛліскен, 
ҧйымдасқан мҥшелердің шағын жҥйесі болып табылады. 
 
Дене  тәрбиесі  саласында  ойындар  кәзіргі  спорттың  бастапқы  тҥрі 
болып  саналады.  Спорттың  кӛптеген  тҥрлеріне  айналған  жарыс  тҥрлері 
ойындардан  келіп  туындаған.  Ойын  мен  спорттың  жақын  туыстығы  ҥлкен 
спорттық  жарыстар  мен  олимпиадалық  ойындардан  кӛрінеді.  Осылайша 
ойын –адам қоғамымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан жаттығулардың 
арнаулы  тҥрі.  Бҧның  тӛрт  тҥрлі  аспектісін:  биологиялық,  әлеуметтік, 
психологиялық және педагогикалық қырларын кӛрсетуге болады. Бҧлардың 
әрқайсысы  адам  табиғатын  жетілдіру  және  дамыту  мәселелерін  шешудегі 
ойындардың  маңызын  кӛрсете  алады.  Бірақ  ойындардың  адам  санасының 
кҥш-қуатын  тудырған  қҧбылыс  ретіндегі  нағыз  қҧндылығын  жоғарыдағы 
салаларды тҥгел ескергенде ғана кӛреміз. Сондай-ақ, ойын табиғатын қате, 
шектеулі тҥсіндіріп, оны биологиялық қҧбылыс деп, білетін кӛзқарастар бар. 
Осы  тҧрғыдан  ойын  қабілеті  туғаннан  пайда  болатын  рефлекторлық 
табиғаты  бар  болып  сипатталады,  жануарлар  ойыны  адам  ойындарына 
теңеледі,  ал  адамның  ӛзі  ешқандай  бақылаусыз  ойынға  ҧмтыла  беретін 
болып қабылданады. Осыдан келіп еркін ойын теориясы деп аталатын бағыт 


19 
 
басталады, сол ойын барысына, талдауға қандайда бір педагогикалық кеңес 
берудің мҥлде керек еместігін айтады. 
 
Мҧндай  кӛзқарас  ойын  іс-әрекетінің  табиғилығын  тым  дәріптейді. 
Адамның  қҧнын  тҥсіріп,  инстинкт  қҧлына  айналдырады,  ал  ойындар 
адамның  әлемге  қатынастағы  жаңа  белесі  болып  табылады.  Адамдар 
ойындары – ең алдымен адам санасының жемісі. Сананың шығармашылық 
іс-әрекеті,  яғни,  ойындар  балалардың  ӛздері  ӛмір  сҥрген  және  ӛздері 
ӛзгертуге  тиісті  әлемді  тану  жолы.  Ойынның  кҥрделілігі,  оның  тҥрлерінің 
кӛптігі,  соған  байланысты  оның  әсер  ықпаланың  аса  кеңдігі,  оны  нақты, 
анық  табуды  қиындатады.  Бірғана  аспектісін  қарастыра  отырп,  ойынға 
нақты  анықтама  беруге  тырысады.  Бірақ  бір  жақты  ғана  бағыт  ҧстап 
анықтау  ӛте  қиын. Біздің  заманымызда  ең  толық  анықтама  мынадай:  ойын 
бҧл  «қоғамдық  мәні  бар  шығармашылық  іс-әрекет  арқылы  дене  және 
эстетикалық  белсенділікте  жеке  адамның  материалдық  емес  қажеттіліктері 
ерікті  тҥрде  қанағаттандырылады».  Қоғамның  дамуына  байланысты  ойын 
қызметі  кҥшейе  тҥседі.  Ойын  табиғатын  ашу:  бай  тәжірибені  ғылыми 
негізде,  тҥрлі  әлеуметтік  міндеттерді  шешуде  ойындарды  дҧрыс  пайдалана 
алу, ойын мазмҧнын дамыту оның ролін ӛсіреді, сӛйтіп ойын туралы оның 
ӛзгерместігі туралы жалған тезисті жолға шығарады. 
Ойындардың дамуы тҥрлі фактілердің әсері мен ҥздіксіз жҥреді. Ең алдымен 
тірліктің  материалдық  жағдайларын  атау  керек.  Ӛмір  жағдайының  ӛзгеруі 
ойын  мазмҧнында  кӛрінеді.  Басқа  бір  фактор  -  ӛмірлік  тәжірибенің  халық 
даналығының  жиналуы.  Ойындар  –  мәдениеттің  бір  элементі,  халық 
шығармашылығының нәтижесі. 
      Ойындардан  халық  дәстҥрі,  оның  ӛмірі  мен  тәжірибесінің  ғасырлық 
жиынтығы кӛрінеді, әсіресе, ҧлттық ойындардан бҧл кӛп кӛрінеді. «Бҧл елде 
қандай  халық  тҧратынын  білгің  келсе,  балалардың  ойындарына  қара»  - 
деген моңғол мақалы бар екені бекер болмаса керек.  
 
Ойындардың дамуы адамдар арасындағы моральдық – этикалық және 
экономикалық  қатынастарға  байланысты.  Сондай-ақ  ойындардың  дамуы 
дене  тәрбиесі  теориясымен  мен  практикасының  қалыптасуына  да 
байланысты.  Қоғам  қалыптасуының  алғашқы  сатыларында-  ақ  ойындар 
әскерге  дайындау  тәсілі  ретінде  ептілікке,  жылдамдыққа  ,  мергендікке 
ҥйрету ҥшін қолданылады. Кӛне Египет, Греция, Рим тарихында жастардың 
дене  тәрбиесі  жҥйесінде  ойындадың  қандай  ҥлкен  орын  алғаны  туралы 
мәліметтер  кӛп.  Кейініректе  сарбаздың  артықшылықтары  мен  қатар 
жҧмысшының,  кәсіпкер  мен  ӛнер  шеберінің  –дәлдік,    ептілік, 
шығармашылық  қиял мен қабілет, дем ала алу сияқты қасиеттер де жоғары  
бағалана  бастады.  Бҧл  кезде  де  ойындар  жақсы  кӛмекші  болды.Осылайша 
ӛсіп  келе  жатқан  ҧрпақты  қоғамдық  пайдалы  іс-жҥйесі  қалыптасты.  Қазір 
ойындардың  тармақтары  ,соған  орай  атқаратын  әлеуметтік  қызметі 
жоғарылай  тҥсті.  Ойындардың  мәні  мен  маңызының  кҥшеюі  болашақта 
адамды  ӛмір  сҥру  қҧралдарын  жасау  ҥшін  кӛп  уақыт  шығынынан 
қҧтқаратын  ғылыми  техникалық  дамуға  байланысты  болады.  Ӛндірістің 
дамуына  байланысты  адамдардың  бос  уақыты  да  кӛбейеді.  Ғалымдардың 


20 
 
ойынына,  ӛз  қажетіне  жҧмсай  алатын  бос  уақыты  –  адамдардың  басты 
байлығы  болып  табылады.  Бос  уақытты  тиімді  пайдалана  алу  қазіргі 
қоғамның негізгі проблемасына айналды
 
«Кӛңілді  жаттығулар»  ойындары  әр  адамға  ӛз  бос  уақытын  пайдалы 
ӛткізу  мҥмкіндігін  береді.  Ойындар  белсенді  демалыс  пен  шығармашылық 
қабілеттерді  дамытудың  қҧралы.  Бҧған  қоса  ойын  ӛзінің  аса  маңызды 
әлеуметтік  қызметін-  қазіргі  қоғамның  шығармашылық  потенциалдық  ӛсу 
қызметін атқара береді.  
 
Спорттық  ойындардың  тҥрлері  аса  кӛп.  Бҥгінде  қимыл-қозғалыс 
әрекеттерінің  барлығы  іске  асуда.  Сондықтан  қажет  жағдайда  тиісті  ойын 
тҥрлері  нақты  беріледі.  Ой  әрекетін  талап  ететін  қозғалыссыз  ойындар 
шахмат,  дойбы,  тоғызқҧмалақ  және  т.б.,  ӛте  жоғары  дене  және 
психологиялық  кҥш  қуатты  талап  ететін,  қарсыластардың  бетін  қайтару 
ҥшін  ӛз  денесін,  ойын  қҧрал  –  жабдығын  ғана  емес,  арнайы    қозғалу 
қҧралдарын да дҧрыс игеріп алып жҥруді талап ететін қиын ойындар да кӛп 
(ролик немесе конькимен ойналатын хоккей, вело-мото-автобол, ат жарыс).  
 
 Спорттық  ойындар  сан  тҥрлі  әрі  ӛте  кӛп.  Олардың  арасындағы 
ҧқсастық  пен  айырмашылықтарына  қарап,  оларды  белгілі  топтарға  бӛліп, 
осылайша 
оларды 
таңдауды 
жеңілдетуге 
болады. 
Әр 
ойында 
ойнаушылардың  қимылының  негізгі  сипатын  анықтайтын  ең  негізгі  екі 
белгісі  болады  -  мҥшелердің  ӛзара  қатынасы  және  олар  ҧмтылатын 
ойындардың  мақсаты.  Ойнаушылардың  ӛзара  қарым-қатынасын  екі  салада 
қарастыру керек. 
      -  ойын барысындағы екі жақты ойнаушылардың қарым-қатынасына; 
      -  ойынға  қатысушы  бар  ғана  жақтың  ойнаушыларының  ӛзара  қарым- 
қатынасына. 
Ойнаушылардың  ӛзара  қарым-қатынасы  мен    мҥдделері  егер  олар 
қарама-қарсы мақсат ҧстанса, бір-біріне қайшы келеді, ал ортақ мҥдде болса, 
ӛзара келісім. Осы белгі бойынша барлық спорттық ойындар екі ҥлкен топқа 
бӛлінеді:  командалық  ойындар    (екі  немесе  кӛп  топтардың  қатысуымен)  
және  жеке  (екі  ойыншы  арасындағы)  ойындар.  Соңғысы  аздау  кездеседі 
және  тҥрлі  нҧсқалармен  толықтырылады:  мҧнда  ойнаушылар  екі 
ойыншыдан немесе ойын нәтижесі жарысқа қатысушы бірнеше ойыншының 
кезектесіп атқарған қимылдарының жиынтығымен анықталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет