c
m
y
k
+
c
m
y
k
+
+
+
5
ТАҒЫЛЫМ
БЖ
НАУРЫЗ, 2015 ЖЫЛ
Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,
ҚМУ ГӘФ журналистика
мамандығының 2 курс студенті
Парламент сенаты мен
Мәжілісі
басшылығымен,
Премерь-министрмен
және
Конституциялық
кеңес
Төрағасымен ақылдасқан Пре-
зидент қазіргі тұрақсыз геоса-
яси жағдайлар мен жаһандық
экономикалық дағдарыс кезінде
халықтың
аландаушылығын
сейілтіп, ертеңгі күнге де-
ген сенімдерін нығайту үшін
сайлау өткізу туралы шешім
қабылдады.
Ал,
негізінен
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігінің
аяқталуына әлі бір жыл қалған
болатын. Дегенмен де 25
ақпан күні Қазақстан халқына
жолдаған үндеуінде алдағы 26
сәуірде кезектен тыс президент
сайлауы өтетіндігін мәлімдеді.
Президент сайлауына түсуге
осы жолы 27 адам ниет білдірген
еді. Оның екеуі – әйел. Ал 2005
жылғы сайлауда 18 үміткердің
үшеуі, 2011 жылғы президент
сайлауында 22 үміткердің
төртеуі әйел болған. Осы жолғы
үміткерлер арасында 8 адам
лингвистикалық комиссия сыны-
нан өте алмаса. Ал төрт үміткер
сынаққа мүлде келмеген. Ем-
тихан белгіленген уақытта
келіп, бірақ сынақ тапсырудан
бас тартқандары - үшеу. Және
тағы 3 азамат кандидаттыққа
үміткерліктен өз еріктерімен бас
тартқан. Ал, лингвистикалық
комиссия 40 жасқа толмаған
екі
адамның
құжаттарын
тіркеуден
бас
тартты.
Қазіргі таңда президенттікке
үмітті азаматтар мемлекеттік
тілді білу деңгейін анықтау
жұмыстарын тәмамдап, қол жи-
нау үстінде. Саяси додада үгіт-
насихат жұмыстары 26 науы-
рыздан басталатын болады.
Орталық сайлау комиссия-
сы осыған дейін үш үміткерді
тіркеген болатын - қазіргі Мемле-
кет басшысы Нұрсұлтан Назар-
баевты, Қазақстан коммунистік
халық
партиясының
өкілі
Тұрғын Сыздықовты, өзін-өзі
ұсынған Әбілғазы Құсайыновты.
Осылайша
26
наурызда
тіркелген үш үміткердің сайла-
уалды насихат жұмыстарына
кірісуге құқығы бар. Ендігі ке-
зекте студенттердің сайлауға
қатысты пікірлерін оқып көрелік.
Айтолқын Қапан, ҚМУ
гуманитарлық-әлеуметтік
факультетінің 1 курс студенті:
«Сайлауға қатысу ол әрбір
адамның еріктілігігін де, де-
генмен оған қатысу кез-келген
азаматтың борышы болып та-
былады. Біз бірінші рет өз да-
уысымызды бергелі отырмыз
және бұл дауысымыз еліміздің
ертеңі мен мемлекетімізге жаны
ашитын адамдарды көрсетеде.
Осындай сайлау құқығына ие
болып, еліміздің көшбасшысын
сайлау біз үшін үлкен мәртебе!»
Исламбек Кәкімбек, ҚМУ
и н ж ене р л і к - т е х н и к а л ы қ
факультетінің 1 курс маги-
странты: «26 сәуірде өтетін
кезектен тыс президент сайла-
уы Қазақстанға керек. Себебі
дағдарысты уақытта 2016 жылы
екі
сай-
лау өткізу
е л і м і з г е
тиімсіз және
ә л е м д і к
а р е н а д а
Қазақстан
беделін түсірмей, басқа елдер-
мен
достық-ынтымақтастық
қатынасты одан әрі дамы-
ту керек. Қазіргі таңда болып
жатқан Араб елдеріндегі, Еуро-
па және Украина мәселелерінде
Қазақстан оңашада қалмай,
ортақ бәріне тиімді шешімдерді
ұсынуы керек. Ал ондай иде-
ялар мен шешімдерді жал-
пы Қазақстан халқы аты-
нан айтатын көшбасшысын
қазіргі таңда таңдап алма-
са, жылдар өте әлем елдерінің
елімізге деген көзқарастары
оңынан болмауы мүмкін. Және
де Қазақстан халқы өз ал-
дына қойған ұзақ мерзімді
мақсаттарын
экономикалық
және дағдарыстан шығынсыз
шығып
жүзеге
асыруы
үшін демократиялық жол-
мен сайланған басшысы-
на ғана сеніп тапсыра ала-
ды. Сондықтан Қазақстанның
келешегі «сіз бен біздің
болашағымыз» үшін осы
сайлауға бір атаның ба-
ласындай
жұмыла
атса-
лысып қатысумыз қажет».
Дамира
Нұрланова,
Қостанай политехникалық
колледжнің 2 курс студенті:
«Бұл
сайлау
Қазақстан
үшін және оның халқы үшін
өте маңызды. Алда келе
жатқан ғаламдык дағдарысқа
төтеп беру үшін, ел басшы-
мыз дұрыс болуы қажет.
Сондықтан сайлауға ат салы-
су әр қайсымыздің міндетіміз».
Шәкәрім
Серікбай,
ҚМУ құқық және тарих
факультетінің 3 курс студенті:
«Сайлауға қатысу мына біз үшін
жауаптылық жүгін сыйлайды
деуге болады. Себебі, елдің,
онда тұрып жатқан халықтың
болашағын сенімді қолға тапсы-
ру мәселесінде қателесуге бол-
майды. Әлемде болып жатқан
түрлі саяси тұрақсыздықтар
мен ішкі-сыртқы жанжалдар-
ды көріп отырған біздің ел үшін,
алдағы президенттік сайлауда
өз дауысын ел жүгін арқалай
алатын тұлғаға табыстау өзекті
болып табылады. Мен өз ба-
сым бұл сайлаудан тыс қалмай,
26 сәуір күні сайлау участкесіне
барып өз таңдауымды жа-
саймын. Бұл менің сая-
си, азаматтық борышым!»
Мөлдір Есенғали, Сәкен
Сейфуллин
атындағы
Қазақ
Агро
техникалық
университеті, ветеринария
және мал шаруашылығы
өнімдерін
өндіру
факультетінің 1 курс ма-
гистранты: «Елдің елдігін
айқындайтын тілі, рәміздері, ше-
карасы мен қатар, болашаққа
бастар елбасының болуы
шарт екені бәрімізге мәлім.
Сайлау сенің таңдауыңның
белгісі ғана емес, ертеңгі
болашағыңа деген таңба.
Сондықтан да сайлауға
әркез аса үлкен ілтипатпен
қараймын. Бәлкім менің дау-
ысым көп дауыстармен ара-
ласып шешуші де болмас,
бірақ менің азаматтық по-
зициям үшін шешуші бола-
тыны анық. Бағзы заманнан
бері таңдалған басшыларын
ақ киізге салып патша атаған,
біз кешегі дана халықтың са-
налы ұрпағы да өз басшы-
мызды таңдауда белсенді
болғанымыз абзал. Бүгінгі
таңдау, ертеңгі көркем өмір».
Ұлы
Отан
Соғысының
ардагерлерімен кездесу – бұл
маңызды іс шара болып табы-
лады. 18 наурыз күні инженерлік-
техникалық факультетінің оқу за-
лында ардагерлер, оқытушылар
және
студенттер
сұрапыл
соғыстың
соққысын
көрген
жандардың оқиғаларын тыңдап,
өткен кездерді еске алуға жинал-
ды.
Степурин Николай Пантеле-
евич және Петрукович Михаил
Федорович. Екі ардагеріміздің
екеуі де соғыстың ауырлығын өз
көздерімен көрген жандар. Олар
өз тәжірибесімен және өздерінің
естеліктерімен келешек ұрпақпен
б ө л і с у г е
ә р қ а ш а н
дайын. Николай Пантелеевич
1926 жылдың 1 мамыр айында
Қостанай қаласында дүниеге кел-
ген, әскерге шақырылып 7 жыл
борышын атқарды. 43-45 жылда-
ры Үшінші Балттық Фронтының
құрамында Эстонияда, Польша-
да, Германияда соғысты.
Михаил Федорович, соғыстың
бастауы болған, Беларусь елінің
тумасы. Ол кезде не бары 14 жа-
ста еді. 44-45 жылдары ол Вен-
грияда және Чехославакияда
соғысты. Кейінірек бүкіл евразия
континенті арқылы Михаил Фе-
дорович Жапонияға келеді, ал 46
жылы Куриль аралында болды.
Екі ардагер, екі тағдыр, екеуі
де әртүрлі және ұқсас, ал соғыс
кезінде осындай миллион тағдыр
болды. Біреуі тірі калды, біреуі
соғыста қаза болды, бірақ олар
біз үшін күресті, сол үшін біз
мәңгілік қарыздармыз!
Жұлдыз ТОСОВА,
ҚМУ ГӘФ журналистика
мамандығының 1 курс студенті
Наурыз — шығыс елдерінің
бүкілхалықтық мейрамы. Наурыз
шығыс халықтарында жыл басы
мерекесі ретінде тойланып, ерек-
ше күн ретінде аталып өтіледі.
Қазақ халқы да Наурыз мерекесін
айрықша бағалап, оны жыл сай-
ын тойлап отыруды салт-дәстүрге
айландырған. Шығыстың даныш-
пандары Махмұд Қашқари, Омар
Хаямнан бастап қазақтың ұлы
ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Сәкен Сейфуллин сынды ұлт
қайраткерлері де Наурыз туралы
еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер
жазып қалдырған. Нау-
рыз шығыс елдері үшін
бірліктің,
татулықтың,
еңбектің,
ізгіліктің,
бақыттың мерекесі ретінде
тойланған.
Сондықтан
да болар, бұл күні шат-
танбайтын,
қуанбайтын,
мейірленбейтін
адам
болмаған.Бұл күні жақсы
тілек тілеу, құттықтау,
кешірім
жасау,
табы-
су сияқты адамгершілік
қасиеттер көрініс тауып,
кейінгі ұрпақтар сондай
жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың
айрықша
тәлім-тәрбиелік,
үлгі-
өнегелік, сән-салтанаттық,
мәрт-жомарттық,
қадір-
қасиеттілік нышан белгілері
мен таным ұғымдарының
үлгі түрлері өте көп. Ол ту-
ралы оқытушыларымыз да
айтып отырады.
Ақылбек Шаяхметов, про-
фессор, ҚМУ доценті: «Наурыз
құтты болсын! Қой жылы қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман
болсын! Алдымыздағы асымыз ха-
лал, досымыз адал болсын, басқа
бас, жасқа жас қосыла берсін. На-
урыз кішкене жел аяғы кеңігесін,
күн мен түн теңескен 22-ші нау-
рызда басталады. Негізінен 22-
сі деп те айтуға болмайды, 21
күні десек те болады. Ал, енді
Арқа, Жетісу өңірлерінде, Батыс
жағында наурыздың ортасынан
бастап, наурыз көже пісіріліп, та-
ратылып, шеке беріп, бір-бірімен
көрісуі бастала бастайды. Наурыз,
әрине қазақтың күнтізбесі бойын-
ша қазақтың Жаңа жылы. Оның
сыртында Наурыз айында ауыл
тұрғындарының аузы сүтке жетіп,
мал төлдейтін уақыт. Осы кез-
де жас көшектер отырғызылады.
Бұл тек қазақ халқының мерекесі
емес, бүкіл түркі тілдес халықтың
төл мерекесі. Біз наурызды көп
жағдайда Парсы тілінен аударып
«ноу» және «рыз», яғни жаңа күн
деген мағынада деп айтып жүрміз.
Олай болуы да мүмкін , бірақ оның
сыртында қазақта «нау», «нау-
ша» деген сөздер бар. «Науша»
деп жаңа өскен шыбықты айтады,
сосын «ырыс» деген сөз бар. Ол
сөздің өзі ырыздық, ырыс, елге
келетін құт-береке мағынасын
береді. Сол тұрғыдан наурыз сөзі
Парсы тілінде «жаңа күн» дегенді
білдірсе, соңғы «руз» сөзі күн
емес, ырыздық деген мағынаны
білдіреді деп ойлаймын өзім. На-
урыз тойында Қыдыр ата келеді,
жақсы үйлерге батасын береді,
наурыз көжеден дәм ауыз тиеді.
«Жөн білмеген балаға Қыдыр
ата дарымас» деп Ыбырай Ал-
тынсарин
айтпақшы,
Қыдыр
ата орыстың Аяз атасы сияқты
барлық үйге кірмейді. Ол дастар-
ханы баталы, шаңырағы ата-
лы, негізі бар некелі, жеті атасы
жетелі үйлерге кіреді. Сондықтан
Қыдыр ата батасы қабыл болсын,
Наурыз құтты болсын!».
Алмас Әбсадық, ҚМУ бірінші
проректор: «Ұлыстың ұлы күні
– Наурыз мерекесі баршамызға
құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи
тамыры
тереңге
бойлаған
әз-Наурыз
дана
халқымызда қай кезде де еңсесі
биік елдіктің іргесі сөгілмес
бірліктің, ырыс пен ынтымақтың
мерекесі болып келген. Қазақстан
халқы үшін Наурыз мейра-
мы – көктем мен жаңаруды
айшықтайтын мерейі тасыған
ұлы мереке. Наурыз - көктемгі
жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл
мен татулықтың мерекесі. Ол -
өткенді саралап, болашағымызды
болжайтын ерекше кезең. Ақ
ниетпен өткенге салауат ай-
тып, ақ тілекпен жаңа Наурыз-
ды қарсы алайық! Отанымызға
– береке, халқымызға – игілік,
мемлекетімізге – молшылық, ал
әр шаңыраққа бақыт пен шаттық
тілейміз. Еліміз өркен жайып, На-
урыз баршамызға ынтымақ пен
сәттілік алып келсін!
Міржақып Дулатов мынадай
пікір айтқан, «Наурыз қазақтың
шын мағынасындағы ұлт мейра-
мы. Наурызды қазақтан басқа
күншығыс жұрттарының көбі
мейрам етеді. Бірақ бұлардың
бәрін салыстырғанда Наурыз-
ды біздің қазақтың мейрамы етуі
айрықша сыйымды, артықша
дәлелді. Неге десеңіз, марттың
ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде
күн мен түн теңеледі, қыс өтіп,
жаз жетіп, шаруа кенеледі». Шы-
нымен де күн жылынып, қар
еріп, мал өріске шыққан кезде
тойланатын мерекеміз алысты
жақындатып,
ағайын-туыстың
басын қосады».
Ұлы Отан Соғысының
ардагерлерімен кездесті
Ұлыстың ұлы күні
Ертеңгі күнге деген сенім