"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші, 22 наурыз мерекесін әр ел әрқалай тойлайды.
Қырғызстан Қырғыз елі жылдың алғашқы күнінде «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» ұлттық тағамдарын дайындап, жаңа жылда бір-бірін көтеріңкі көңіл-күймен құттықтайды. Бұл күні алыс-жақын туыстар кең жайылған дастархан басында жиналып, бір-біріне ізгі тілектер айтады. Наурыз мерекесінде көпшілік қауым ұлттық киімдер киіп, қала көшелеріндегі мерекелік серуенге қосылады.