«Назарбаев Зитякерлік мектептері» дббұ Үлгі



бет4/6
Дата07.06.2023
өлшемі113 Kb.
#99400
1   2   3   4   5   6
С
( мах 6 )
Анализ және синтез

1

Сараптау категорияларын сақтамаған. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін біршама қолданған. Қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар таныта алмаған. Қолданған ақпарат көздері әртүрлі, бірақ тақырыптан алшақ. Мәлiметтердi түсiндiруде 1 ғана аргумент қолданған.Жұмысты базадан төмен деңгейде орындаған.

2

Сараптау категорияларын сауатты қолдануға тырысқан. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланған. Бірақ қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар таныта алмаған. Қолданған ақпарат көздері шектеулі. Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiруде қателіктер жіберген. Қойылған талаптарды базалық деңгейге жуық орындаған.

3

Сараптау категорияларын сауатты қолдануға тырысқан. Қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең. Қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытқан, бірақ дәлелденген қорытынды шешiм шығаруда нақтылық жоқ. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін тиімді пайдалана алмаған. Қойылған талаптарды базалық деңгейде орындаған.

4

Сараптау категорияларын сауатты қолданған. Қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытқан және дәлелденген қорытынды шешiмге келген. Қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең. Бірақ мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiруде шашыраңқылыққа бой ұрған. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін тиімді пайдалана алмаған. Қойылған талаптарды орта деңгейде орындаған.

5

Сараптау категорияларын сауатты қолданған. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланған. Қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытқан және дәлелденген қорытынды шешiмге келген. Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрген. Қолданған ақпарат көздері шектеулі және ауқымы орташа. Қойылған талаптарды ортадан жоғары деңгейде орындаған.

6

Сараптау категорияларын сауатты қолданған. Ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланған. Қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытқан және дәлелденген қорытынды шешiмге келген. Қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең. Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрген. Қойылған талаптарды жоғары деңгейде орындаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет