Критерийлер
|
Тексерілетін элементтер
|
А (мак 6)
Білім және түсіну
|
Тақырыптың негізгі идеясын айқындау; көтерілген мәселеден ауытқымау; базадан жоғары деңгейде тың мысалдар, сыни көзқарастар, суретті - бейнелі сөздер қолдану; қаралатын ұғымдарды айқын және тиiстi мысалдар тудыра толық анықтау; қолданылған ұғымдардың тақырыпқа сәйкестiгі; жұмыс жасаудағы өзіндік дербестiк; көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу.
|
В (мак 6 )
Қолдану
|
Қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын орынды қолдану; қазақ тілінің емле және тыныс белгi ережелерiн сақтау; жазба тіл сауаттылығы; терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу; жұмыстың негізгі құрылымдық элементтерін қамту (мәселелер және өзектiлiк; негiзгi анықтаулар және тарихи - теориялық шолу; мәселе мазмұнының ашылуы)
|
С ( мак 6 )
Анализ және синтез
|
Сараптау категорияларын сауатты қолданады; ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланады; қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытады және дәлелденген қорытынды шешiмге келеді; қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең; мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi.
|
|