«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2014 жылдың


  Бағалаудың мақсаты мен қағидалары



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20783
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32


Бағалаудың мақсаты мен қағидалары 

 

Модель әр түрлі бағалау түрлерін: жазбаша емтихандар, ауызша 



жауаптар, тәжірибелік  жұмыстар, курстық жұмыстар т.б.  сияқты әр 

түрлі жұмыстарды қамтиды.  

Алдына  қойған  мақсатына  қарамастан  бағалау  анық,  сенімді 

және әділ болуы тиіс.  

 

 



Бағалау моделінің бұл талаптарға қаншалықты және қалай жауап 

беретінін  шешуде  бірінші  кезекте  бағалау  нәтижесі  қалай 

қолданылатынын,  оны  кім  және  не  үшін  пайдаланатынын  білу 

маңызды. Бұл модельде айтылған емтихандар сыртқы жиынтық бағалау 

ретінде  алынады.  Емтихан  нәтижесін  оқушылар,  мұғалімдер, 

университет  және  басқа  да  тұлғалар  меңгерілген  білім  мен 

оқушылардың  оны  қаншалықты  дәрежеде  қолдана  алатындықтарының 

өлшеуіші ретінде пайдаланатындықтан, оған үлкен мән беріледі.  

 

Анықтық 

Модельде анықтықтың екі негізгі қағидасы бар.  

Біріншіден,  емтихандық  жұмыстар  пән  мазмұнына  сәйкес  білім, 

түсінік  пен  дағдыларды  бағалауы  қажет  (пән  бойынша  курстың 

аяқталуы, жоғарғы оқу орындарына түсуі т.б.)  

Екіншіден,  емтихан  жұмыстарының  мазмұны  әр  оқушының  оқу 

бағдарламасы бойынша барлық маңызды аспекттерін қажетті деңгейде 

меңгергенін бағалауы қажет. 

 

Әділдік 

Сыртқы  жиынтық  бағалау  оқушылардың  алған  балдары  мен 




 



 

бағалары  күмән  келтірмеген  жағдайда  ғана  әділ  болып  есептеледі. 

Бұған  қол  жеткізу  үшін  емтихан  сұрақтарын  жоғары  білікті  мамандар 

құрастыруы  тиіс,  сонда  ғана  емтихан  тапсырушы  оқушылар  өздерінен 

не  талап  етілетінін,  әрбір  сұрақтың  дұрыс  жауабы  қандай  болу 

керектігін нақты түсінеді.  

Олар  балл  қою  кестесін  барлық  емтихан  алушыларға  бір 

стандартқа  сәйкес  бірдей  балл  қоюларын  ескере  отырып,  

құрастырылулары керек.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет