Сараптау категорияларын сауатты қолданады; ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жалпылау әдістерін пайдаланады; қаралатын мәселеге альтернативті көзқарастар танытады және дәлелденген қорытынды шешiмге келеді; қолданған ақпарат көздері әртүрлі және ауқымы кең; мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi.
Д (мак 6 ) Коммуникация
Мәселеге дербес баға бере білу; авторлық ой қорытуы анық және мазмұнының айқындылығы; дәлелдердiң логикалық жүйелілігі; ұсынылған тезистердің сауатты аргументтермен берілуі; әртүрлi көзқарастар және олардың дербестігі; тұжырымдалардың мазмұны және олардың интерпретациясының ортақ формасы көтерілген мәселенiң жанрына сәйкес келуi; автордың салқынқандылықпен ой қорыта білуі; автордың өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғынуы.
ІІІ. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері