мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін
анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген
стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалауды
енгізу бойынша нұсқаулық
Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды
бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады.
Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің
ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен
анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы
басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін
жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған
нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір,
облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын
қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін
ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар
үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: