«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



бет28/33
Дата16.10.2023
өлшемі227,38 Kb.
#115792
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізг-emirsaba.org

критериалды бағалау тәртібі

Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім


беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың 
оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады. Құжат
төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі: 
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
• жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері.
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 

бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған бұл нұсқаулық жаңартылған білім беру 
мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша
44



мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін


анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген 
стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалауды 

енгізу бойынша нұсқаулық
Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды 
бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады.
Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің 
ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен
анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы 
басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін
жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған
нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, 
облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын
қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін 
ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар
үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет