ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа,
мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол
үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады (6-
сурет):
1)
оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу
мақсаттарын меңгеру;
2)
жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес
бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен
сәйкестендіру;
3)
ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін
критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе
бірнеше тапсырмалар дайындау;
4)
әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5)
білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау
нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге
сәйкестігін сипаттау).
Достарыңызбен бөлісу: