алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы,
күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады.
Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:
•
Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын
орнын ойластыру қажет.
•
Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда
парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына
мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.
•
Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан
тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.
•
Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі
мүмкін
деген
плакаттар,
ақпараттық
сипаттағы
қабырға
материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім
алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін
тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым
салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып
саналады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған
нұсқаулықта берілген (7-қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: