«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет10/55
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20583
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Ашықтық  және  нақтылық.  Бағалау  түсінікті,  айқын 

ақпараттарды 

ұсынады, 

сондай-ақ, 

барлық 


оқу 

үдерісіне 

қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.  

Аталған  қағидат  мақсаттар  мен  бағалау  рәсімдерінің  түсінікті, 

нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді 

болуын  болжайды.  Бағалау  үдерісінде  оның  мақсаттылығы  мен 

дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс.  Өз кезегінде білім беру үдерісіне 

қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың 

қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.       

• 

Үздіксіздік.  Бағалау  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің 

ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін 

үздіксіз  үдеріс  болып  табылады.  Бағалау  үдерісінің  тұрақтылығы 

рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім 

беру  жүйесін  құратын  қалыптастырушы  бағалау,  балл  қою  кестесі 

механизмін  қолдану  және  жиынтық  бағалаудың  кестесін  белгілеу 

әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.      

 

 



 


• 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет