«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20583
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Мұғалім  

Білім алушы

 

 

• 

Білім алушы оқытудың қай 



сатысында? 

• 

Олар білім алуда неге талпынады? 



• 

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу 

керек? 

• 

Мен оқытудың қай сатысында 



тұрмын?  

• 

Нәтижеге қалай қол жеткіземін?  



• 

Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім 

қажет? 

 

Қажет  болған  жағдайда  кері  байланыс  ауызша,  жазбаша, 



графикалық  немесе  кез  келген  басқа  түрде  берілуі  мүмкін.  Аталған 

үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.  

Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (3, 4, 5-суреттер). 

20 


 


 

 

3-



сурет. Жазбаша кері байланыс үлгісі  

 

 



4-

сурет. Графикалық кері байланыс үлгісі  

 

 

 



 

 

 



 

 

Стандартты түрде жазылған сандардың  



реті?! 

21 


 




Асқар, мен жұмысты тексеріп шықтым. Орындаған жұмысыңда өрнек 

дұрыс түрлендірілген, жарайсың. 



Рақмет, мен орындауға тырыстым. 



Алайда, мен қазір біз оқыған материалға назарыңды аударғым келеді. Қазір 

біз нені оқып жатырмыз? 



Ықшамдалған көбейту формуласын. 



Иә, дұрыс. Біз оны не үшін қолданамыз? 



Өрнекті түрлендіру кезінде уақытты үнемдеу үшін. 



Дұрыс. Енді орындалған жұмысқа қарашы. Қалай ойлайсың, не қалып қойған?  



Мен квадраттың айырым формуласын ұмытыппын.   



Иә, дұрыс. Келесі жолы мұқият бол.  



Жақсы, рақмет. 

 

5-



сурет. Ауызша кері байланыс үлгісі  

 

Кері байланыс бойынша берілген мысалда мұғалім білім алушының 



жақсы  меңгерген  тұсына  ақпарат  береді  және  қатені  түзету  үшін 

тақырыптарды қайталауды ұсынады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет