«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20583
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
4.2 

Жиынтық бағалау үдерісі 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын  меңгеру  деңгейін  тіркеу,  анықтау  үшін  жүргізіледі.  Тіркеу 

үдерісі  кезінде  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  білім 

алушылардың  білімін,  дағдысын  көрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге 

асырылады.  Жиынтық  бағалау  тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ 

23 

 



тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау),  тоқсан  соңында  (тоқсандық 

жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін  аяқтағанда  (негізгі  орта, 

жалпы орта) жүргізіледі.   

Жиынтық  бағалау  бойынша  балл/деңгей/баға  туралы  шешімді 

мұғалім  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  қолданады.  Сонымен  бірге 

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы 

үшін  дескрипторлар  немесе  балл  қою  кестелері  көмектеседі.  Аталған 

ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау,  түзету,  оқу 

үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.  

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты 

бақылау  тапсырмаларын,  әдістерін,  кезеңдерін  көрсетіп,  оқу  жылына 

жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет