«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20583
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы  

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  стандартталған  және 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.  

 

45 



 


2-

қосымша 

 

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға қатысты 



сұрақтары  

 

Сабаққа дейін (жоспарлау) 

• 

Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден тұрады.  



• 

Мен білім алушылардың

 

 

қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай 



түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар. 

Сабақта   

• 

Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі.  



• 

Мен  әуелі  білім  алушыларымның  осы  сабақтағы  тақырып  бойынша  білім,  дағды, 

түсіну деңгейлерін анықтаймын. 

• 

Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.  



• 

Әр  білім  алушы  өзі  орындайтын  тапсырмалардың  бағалау  критерийлерін,  одан  не 

күтілетінін біледі.  

• 

Мен  білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  бойынша  нәтижелерін  сабақ 



барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.  

• 

Мен  білім  алушылардың  өз  білімдеріне  жауапкершілікпен  қарауына,  бір-бірінен 



үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.   

• 

Ашық  сұрақтар  білім  алушылардың  түсінгенін  үнемі  тексеріп  отыру  үшін 



қолданылады.   

• 

Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.  



• 

Мен  білімін,  түсінгенін  тексеру  үшін  қалыптастырушы  бағалаудың  түрлі  әдістерін 

қолданамын.  

• 

Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау нәтижелерін тіркеп 



отырамын.  

• 

Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.  



• 

Бағалау  нәтижелері  білім  алушылардың  оқудағы  олқылықтарын  анықтау  үшін 

қолданылады.  

• 

Мен  өз  білім  алушыларымның  жұмысына  сындарлы  (конструктивті)  кері  байланыс  



беремін.   

Сабақтан соң 

• 

Мен талдаймын: 



 

оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?  

 

не орындалды, нені орындау керек еді? 



 

не орындалмады? 

 

келесі жолы басқаша қалай жасауға болады? 



 

нені қайталау қажет?   

 

жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді? 



 

білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма?   



 

 

46 



 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет