"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата17.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#117348
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Қорытынды 
Педагогикалық теория мен тәжірибеде білімді бағалауға қатысты 
қайшылықтар орын алды. Бағалау жүйесіне оқушылардың сенімі болған 
жағдайда ғана баға оң әсер ете алады. Кез келген баға, ол оң болсын, теріс 
болсын, оқушылардың уәжіне (мотив) әсер етеді, олардың әрекеттері мен 
мінез-құлықтарын ыныталандырады, сондай-ақ тұлғаны толық дамытуға әсер 
етеді. Сондықтан объективті баға негізінде өз мінезін реттейтін оқушы 
келешекте жақсы нәтижелерге жету артықшылығына ие.
Критериалды бағалау оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті 
ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды ынталандыруға және 
оқу үдерісінде олардың ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін үнемі көмек беруге 
бағытталған. Бағалау стандарттары, дифференциалды критерийлерді және 
механизмдерді құру анықтықты, валидтілікті, объективтілікті, айқындықты 
қамтамасыз ететін бағалау рәсімдерінің сапасын арттырады, әр оқушының 
оқудағы қажеттіліктері мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін 
қамтамасыз етеді.
Жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік қазақстандық және 
халықаралық тәжірибені кіріктіреді және білім беру сапасын арттырудағы 
нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған 
басымдық пен анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі:

оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық бағалауға
жетуіге; 

оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға
бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін 
қалыптастыруға; 

бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей
дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін; 

оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың тұлғалық
дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі реттеуін
жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру); 

тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық негізді
ұсынуға (саясаттың тиімділігі, білім беру бағдарламаларын жетілдіру
мұғалімдердің біліктілігін арттыру және т.б.) мүмкіндік береді. 
34 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет